ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар







Күні:




Сынып:







Сабақ тақырыбы

Ойындардағы топтық іс-әрекеттер

Оқу мақсаттары

4.​1.​2.​1 дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық әдістерін құруды түсінеді.

Көбі: Білім алушылар дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық әдістерін құруды түсінеді,қолданады, бағалайды,

Кейбірі: Білім алушылар дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық әдістерін құруды түсінеді,бағалайды,салыстырады өз ара талқылайды..

Жетістік критерийлері

Дене жаттығулары аясындағы іс- әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалай біледі

Тілдік мақсаттар


шабуылдау ойындары шабуыл, қорғаныс адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс

кеңістікте бағдарлану төреші, ойыншылар командалық жұмыс тактика, стратегиялар жүгіру, жылдамдықты/бағытты өзгерту қолмен/аяқпен жүргізу

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды белсенділікке, патриоттыққа, болжай білуге, өз ойын жеткізуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физики,музыка,биология

АКТ қолдану дағдылары

Планшет қолдану

Бастапқы білім


Сабақтан тыс іс-шаралар кезінде,спорттық,командалық ойыныңдарында тәжирібесі бар



Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,

Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.


Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.

Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді.Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Ортасы

Дайындық бөлімі.

Білім алушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру. Аяққа толық отырып,қарапайым жүріс және қолды иық тұсынан айналдырып отыру. Жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру.Қосарланып жасау арқылы жалпы шынығу жаттығуларын жасау.

(Б.Т.Ж.К)(Футбол) Оқушыларды екі топқа бөліп :

1.Аяқтың сыртқы және ішкі қырымен қырымен допты түзу сызық бойымен алып жүру уақытқа

2.Жерге сегіздік сызып, сол сызықтың сыртымен алғашқы да оң аяқтың сыртымен, кейін қарама-қарсы бағытқа сол аяқтың сыртымен алып жүру уақытқа

3. Қорғаушының баяу қарсыласуымен

допты алып жүру әдістерін орындатамын

4.Оқушыларды екі командаға бөліп ықшамдалған ережемен футбол ойының ойнатам.

5.Демді қалыпқа келтіру жаттығулары







Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.