ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
“БІРІГУ+АРГУМЕНТ КЕЛТІРУ+МӘМІЛЕ ЖАСАУ” формуласымен жұмыс істейтініміз есіңізден шықпасын. Аргументтерді бірігумен бірге скриптіге енгіземіз. Кейін аргументті алып,қоңырау мақсатына сәйкес келетін мәміле жасаймыз.
“БАСҚА КОМПАНИЯМЕН ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТЫРМЫН” Біздің барлық клиенттерімізде бізге дейін және қазір қызмет көрсетіп жатқан компаниялары бар.
“Айтыңызшы, сіз жұмыс жасап жатқан зергерлік компания сіздің басқа компаниямен келісім жасасып жатқаныңызды білсе не болады? Ең кемі, ол жақтағы бағаны төмендете аласыз. Немесе біздегі бағаның арзанырақ екеніне көз жеткізе аласыз. Қай жағдайда да, сіз ұтасыз?”
Біз сізге олардың қызметінен бас тартуды ұсынып отырған жоқпыз. Бірақ ылғи да запаста тағы бір орындаушы компанияның болуы, сізге тиімді болады.
Асқар атты клиентіміз есіме түсіп отыр. Хабарласқанымда дәл сіз секілді айтқан, бірақ 1 жылдан бері тек бізбен жұмыс жасап келе жатыр. Түсінікті. кез-келген жағдайда сіз бұл саланың қазіргі нарықтағы деңгейі бойынша ақпарат ала аласыз және келесіде тиімді ұсыныстардан айырылмайтын боласыз.
Сіз үшін қуаныштымын. Егер ұсынысым тиімді болмаса, әлдененің өзгергенін мен де қаламаймын. Бірақ оның тиімді немесе тиімсіз екенін байқап танысып көргеннен кейін ғана айта аламыз ғой?
Қосымша аэродромдар форс-мажор сәттерінде де қауіпсіздікте қалуыңыз үшін ойлап табылған ғой?
“УАҚЫТЫМ ЖОҚ!”
Сіз іскер адамсыз және уақыттың құнын білесіз. Демек сапаны да,бағаны да білесіз ғой. Сіз өзіңізді жоғарғы категориялы, үздік маман емдейтінін білсеңіз, дәрігерді күтуге 15 минут уақыт бөле аласыз ғой? Дұрыс па?
Тиісінше, бизнесте асығудың қажеті жоқ. Бірақ мен сізге бұны үйрете алмаймын, мен тек бұл нәрсенің қалай жұмыс істейтінін көрсете аламын. Бұл үшін біраз уақытыңызды берсеңіз, оның далаға кетпейтініне уәде бере аламын.
Дұрыс айтасыз, уақыт қазір өте тапшы дүние және екінің біріне жетпейді. Сондықтан сіздің уақытыңызды бекер жұмсамау мен үшін маңызды.
Сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін де, кездесуді ұсынамын.
Түсінесіз ғой,таңдау – өте салмақты мәселе, бағасы жөнінде сұрақ қоймас бұрын, не алуды жоспарлап отырғаныңызды көру керек.
Менде мына сұрақ: (назарды басқа дүниеге аударатын сұрақ қою).
“ОЙЛАНЫП КӨРЕМІН!”
Қуаныш мырза, шыныңызды айтыңызшы, сізді нақты қай сұрақтар мазалайды? Сол арқылы мен жеке менеджеріңіз ретінде сізге тиімді болатын ұсыныстар қарастырайын? (қамқорлықпен)
Сіз кейін уақыт жоғалтпауыңыз үшін, туындаған мәселені қазір шешіп алайықшы? Мен бұл бұйым туралы сізге нақты ақпарат берейін. Бұйым жайлы берген ақпараттың барлығы көңіліңізден шыға ма?
Қуаныш мырза, тәжірибеме сүйенсем адам анық пайда көрмегенде ғана ойланамын дейді. Сіз біздің ұсынысты пайдалы деп ойлайсыз ғой?
Қуаныш мырза, дұрыс айтасыз, әрбір шешімді қабылдамас бұрын мұқият ойлану керек. Біздің клиенттер әдетте мына мәселелер бойынша ойланады: неше уақытта дайын болады, сапасы, доставка неше уақыт алады, Біздің бұйым жайлы қандай қосымша моменттерді түсіндірейін?
“ҚЫМБАТ!”
Қуаныш мырза, егер бағасы жөнінде оңтайлы шешім тауып бере алсақ,қалған параметрлер бойынша бәрі қанағаттандыра ма?
Қуаныш мырза, егер мен бұл өнімді сатып алар болсам мүмкіндігінше жеңілдік алуға тыырсар едім, бірақ жеңілдік сапаға әсер етпеуі керекекенін түсінгеніңіз абзал.
Келісемін, бірақ сіз үшін сатып алатын баға ғана емес, ол ақшаға не алатының да маңызды ғой солай ма? Арзан тауардың соңы неге апарып соғуы мүмкін екенін өзіңіз де білетін боларсыз?
Тауар сапалы болса, маңызды дүние бағасы ғана емес қой?
Бәрі дұрыс, осыны біле тұра көпшілік ададмар неге дәл бізден сатып алатынын түсіндіріп кетейін жақсы ма?
Келісесіз ғой, баға төмен жер табуыңыз мүмкін. Бірақ ол сапа сәйкеседі деген сөз емес.
Жеңілдік пен акция үшін қашанда сатып алушы жауапты. Мәселе біздің қызметіміз қанша тұратынында емес,бұл ақшаға не алатыныңызда ғой?
Басқа тіс дәрігерінде арзан қызмет бар екенін біле тұра,біз бәріміз өзіміздің дәрігерімізге барамыз. Себебі сенеміз. Сенімді дүниені сатып алу да жағымды емес пе?