Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Химия 8сынып Жиынты баалау тапсырмаларыны жинаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 465
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2NO + O2 → 2NO2
Mg + 2HCl → MgCl2 + Н2
[4]
5. Адам өміріндегі көптеген күнделікті қолданатын заттары және іс-әрекеттері химиялық процестерге негізделген. Мысалы жану және баяу тотығу процестері, әр процеске бір мысал келтіріңіз және жану мен баяу тотығу процесінің екі ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңыз.
Мысалы:
Ұқсастығы:
Айырмашылығы:
[5]
Балл қою кестесі
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | Ескерту |
Білім алушы | ||||
Заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табады, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын анықтайды | 1(a) | Қосылыс құрамындағы оттегінің массалық үлесінің мәнін анықтайды | 1 | |
1(b) | Массалық үлестің мәні бойынша қосылыстың формуласын анықтайды | 1 | | |
Реагенттер мен өнімдерді жазу арқылы химиялық реакция теңдеуін жазады | 2 | Натрий сульфидінің түзілу реакция теңдеуін құрастырады | 1 | |
Көмірқышқылының ыдырау реакция теңдеуін құрастырады | 1 | | ||
Кальций мен оттегінің әрекеттесу реакция теңдеуін құрастырады | 1 | | ||
Күміс оксидінің ыдырау реакция теңдеуін құрастырады | 1 | | ||
Зат массасының сақталу заңын тұжырымдайды | 3 | Зат массаның сақталу заңын тұжырымдайды | 1 | |
Реакцияға қатысатын және реакция нәтижесінде түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді | 4 | Қосылу реакциясын ажыратады | 1 | |
Айырылу реакциясын ажыратады | 1 | | ||
Орынбасу реакциясын ажыратады | 1 | | ||
Алмасу реакциясын ажыратады | 1 | | ||
Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды түсіндіреді | 5 | Жану реакциясына бір мысал жазады | 1 | |
Баяу тотығу процесіне бір мысал жазады | 1 | | ||
Жану және баяу тотығу процестерінің өзара екі ұқсастығын жазады | 1 | | ||
Жану процесінің баяу тотығу процесінен екі айырмашылығын жазады | 1 | | ||
Баяу тотығу процесінің жану процесінен екі айырмашылығын жазады | 1 | | ||
Барлығы | 16 | |
«Металдар белсенділігін салыстыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
| |
Оқу мақсаты | 8.2.4.2 Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау; 8.2.4.3 Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу; 8.2.4.5 Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру; 8.2.4.8 Металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау. |
Бағалау критерийі | Білім алушы: |
| ● Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттайды; ● Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттейді; ● Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады; ● Металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжайды. |
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Қолдану, жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
1. Металдардың сумен әрекеттесуі берілген кестені қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Металл | Сумен әрекеттескендегі металдың белсенділігі | Түзілген өнімдер |
Калий | | |
Мырыш | | |
Алтын | | |
[3]
2. а) Неліктен табиғатта алтынның бос күйінде кездесетінін, ал мырыштың бос күйінде кездеспейтінің түсіндіріңіз.
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
[2]
b) Неліктен ертеректе темір ақша жасауда күмісті пайдаланды?
__________________________________________________________________
[1]
с) Металдар коррозиясының алдын алу үшін бір ұсыныс жазыңыз.
__________________________________________________________________
[1]
3. Металдардың қышқылдармен әрекеттесу белсенділігі әр түрлі. Төменде берілген реакция теңдеулерін жазыңыз.
1) Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі
______________________________________________________________________
2) Магнийдің сұйылтылған күкірт қышқылымен әрекеттесуі
______________________________________________________________________
3) Күмістің сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі
______________________________________________________________________
[3]
4. a) Оқушы химия зертханасында металдар мен тұздарды пайдалана отырып тәжірибе жасады. Металдар мен тұз ерітінділері арасында мүмкін болатын реакция теңдеулерін анықтаңыз (х-реакция жүрмейді, ˅ - реакция жүреді).
Тұз ерітінділері | Мыс | Қалайы | Магний |
Мырыш сульфаты | | | |
Темір хлориді | | | |
Қорғасын (ІІ) нитраты | | | |
Мүмкін болған реакция теңдеулерін жазыңыз:
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[3]
b) Қандай белгілеріне байланысты орынбасу реакциясы жүретінін анықтадыңыз?
[1]
c) Алынған мәліметтер бойынша металдардың белсенділік қатарын құрастырыңыз.
_________________________________________________________________
[1]
Балл қою кестесі
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | Ескерту | ||
Білім алушы | ||||||
Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттайды; | 1 | Калийдің сумен әрекеттесу белсенділін және реакция өнімін жазады Мырыштың сумен әрекеттесу белсенділін және реакция өнімін жазады Алтынның сумен әрекеттесу белсенділін және реакция өнімін жазады | 1 1 1 | | ||
Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттейді | 2 а) | Табиғатта алтынның бос күйінде кездесу себебін жазады | 1 | | ||
Табиғатта мырыштың қосылыс түрінде кездесу себебін жазады | 1 | | ||||
2 b) | Күмістің темір ақша жасауда қолданылу себебін жазады | 1 | | |||
2 с) | Металдар коррозиясының алдын алудың бір ұсынысын жазады | 1 | | |||
Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады; | 3 | Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазады | 1 | | ||
Магийдің сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазады | 1 | | ||||
Күмістің сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазады | 1 | | ||||
Металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжайды | 4 а) | Мыстың тұз ертініділерімен мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазады | 1 | | ||
Қалайының тұз ертініділерімен мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазады | 1 | | ||||
Магнийдің тұз ертініділерімен мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазады | 1 | | ||||
b) | Металдардың белсенділік қатарына байланысты орынбасу реакцияларның жүру мүмкіндігін жазады | 1 | | |||
c) | Берілген металдардың белсенділік қатарын жазады | 1 | | |||
Барлығы | 15 | |
«Зат мөлшері» және «Стехиометриялық есептеулер» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты | 8.1.1.3 Масса, зат мөлшері және құрылымдық санын есептеу; 8.2.3.5 Химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу; 8.2.3.6 Авогадро заңын білу және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану; 8.2.3.7 Газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу 8.2.3.8 Газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы ● Зат массасы, мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеуде формуланы қолданып есептейді; ● Химиялық реакция теңдеуі бойынша зат массасын, зат мөлшерін анықтайды; ● Молярлық көлемді қолданып есептеулер жүргізеді; ● Салыстырмалы тығыздық бойынша газдың тығыздығын және заттың молярлық массасын есептейді; ● Есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолданып есептеулер жүргізеді. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану, жоғары деңгей дағдылары |
Орындалу уақыты | 20 минут |
Тапсырма
1. Молекулалар саны 12,04•1023 тең оттек газының зат мөлшері және массасын есептеңіз.
А) 3 моль және 96 г
В) 2 моль және 64 г
С) 1 моль және 32 г
D) 0,5 моль және 16 г
[2]
2. Массасы 26 г мырыш сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесті. Түзілген мырыш хлоридінің массасын, зат мөлшерін табыңыз.
а) Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыз.
___________________________________________________________________
[1]
b) Мырыш хлоридінің массасын есептеңіз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
c) Мырыш хлоридінің зат мөлшерін есептеңіз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
3.Газдардың күйін сипаттайтын шамалар: қысым, көлем, температура. Газдарды сипаттағанда көбінесе қысым мен температураны тұрақты етіп алып, көлемнің өзгерістерін қарастырамыз, көлемнің өзгерісі газдар үшін деңгейлес болады, себебі олардың молекулааралық қашықтықтары шамамен бірдей.
Келесі тұжырымдардың шындық не жалған екендігін анықтап, кестеге шындық болса «+», жалған болса « -» белгісін қойыңыз.
Тұжырымдар | Шындық | Жалған |
5 моль азот молекуласының (қ.ж.) көлемі 112 л/моль болады | | |
1 моль сутек молекуласының (қ.ж.) көлемі 11,2 л/моль болады | | |
0,5 моль неон атомының көлемі 11,2 л/моль болады | | |
2 моль хлор молекуласының (қ.ж.) көлемі 22,4 л/моль болады | | |
[2]
4. Белгісіз газдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,103-ке тең. Осы газдың молярлық массасын табыңыз.
[1]
5. Табиғатта найзағай ойнағанда аудағы азот оттекпен қосылып, азот(II) оксидін түзеді.
-
Осы құбылыс кезінде жүретін реакцияның теңдеуін жазыңыз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
-
Реакцияға түсетін газдардың көлемдік қатынасын анықтаңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
Балл қою кестесі