Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Химия 8сынып Жиынты баалау тапсырмаларыны жинаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 466
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Зат массасы, мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеуде формуланы қолданып есептейді | 1 | оттек газының зат мөлшерін есептейді; | 1 |
оттек газының массасын есептейді; | 1 | ||
Химиялық реакция теңдеуі бойыншазат массасын, зат мөлшерін анықтайды | 2 | мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазады; | 1 |
мырыш хлоридінің массасын табады; | 1 | ||
мырыш хлоридінің зат мөлшерін табады; | 1 | ||
Молярлық көлемді қолданып есептеулер жүргізеді | 3 | кестеге шындық болса «+» қояды; | 1 |
жалған болса « -» белгісін қояды; | 1 | ||
Салыстырмалы тығыздық бойынша газдың тығыздығын және заттың молярлық массасын есептейді | 4 | ауамен салыстырғандағы тығыздығы бойынша белгісіз газдың молярлық массасын есептейді; | 1 |
Есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолданып есептеулер жүргізеді | 5 | азот(II) оксидін түзілунің реакция теңдеуін жазады; | 1 |
газдардың көлемдік қатынасын анықтайды. | 1 | ||
Барлығы | 10 |
Аты-жөні: Сыныбы: Күні:9.12.2019
«Химиялық реакциядағы энергиямен танысу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 8.3.1.1 Заттың жану реакциясының өнімі көбінесе
оксид екенін және құрамында көміртегі бар
отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы,
иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну
-
8.3.1.2 Парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және -
шешу жолдарын ұсыну -
8.3.1.3 Экзотермиялық реакциялар жылу бөле -
жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар -
жылу сіңіре жүретінін білу
8.3.1.5 Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық
теориясы тұрғысынан түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көміртекті отындар жанғанда түзілетін
оксидтерді және олардың қасиеттерін
анықтайды
• Парниктік эффектінің себептерін түсіндіреді
және шешу жолдарын ұсынады
• Экзотермиялық және эндотермиялық
реакцияларды ажыратады
• Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық
теориясы тұрғысынан сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1(a) «Иіс газы» деп аталатын көміртек оксидінің формуласын белгілеңіз.
-
CO2 -
CH4 -
С3H8 -
SO2 -
СО
[1]
(b) Көміртек оксидтері жөніндегі тұжырымның шындық/жалғандығын «˅» белгісін қою арқылы анықтаңыз.
Тұжырымдар | Шындық | Жалған |
Көміртек(IV) оксиді жануды қолдамайды | | |
Көміртек(II) оксиді отын толық жанғанда түзіледі | | |
Көміртек(II) оксиді түссіз, иіссіз, өте улы газ | | |
Көміртек(II) оксидінің тотықтырғыш қасиеті бар | | |
Көміртек(IV) оксиді тұрмыстық пропан газы жанғанда түзіледі | | |
[5]
2. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды. Мұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда жерге жылу қуатын алып келетін күн радиациясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін.
(а) Парниктік эффектінің пайда болу себептеріне үш мысал келтіріп, түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
(b) Парниктік эффектінің салдарларын азайтудың екі жолын ұсыныңыз.
1._____________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________
[1]
3. Экзотермиялық, эндотермиялық, жылу эффектісі, термохимиялық теңдеу терминдерін сипаттайтын тұжырымдармен сәйкестендіріңіз.
Терминдер | Тұжырымдар |
1. Экзотермиялық | А) Химиялық реакцияның жылу эффектісі көрсетілген теңдеу |
2. Эндотермиялық | В) Химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері |
3. Жылу эффектісі | С) Жылу сіңіре жүретін реакция |
4. Термохимиялық теңдеу | D) Жылу бөле жүретін реакция |
1.______ 2._____ 3._____ 4._____
[4]
4. Фосфор оттекпен жарық шығара отырып, қарқынды жанады. Фосфор жанғанда, ақ түтін будақтап, оның оксиді түзіледі. Фосфордың жану реакциясының жылу эффектісі 3010 кДж тең.
(а) Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып көрсетіңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(b) Азот пен оттектің аз мөлшерлері найзағай ойнаған кезде өзара әрекеттесіп, оксид түзеді. Осы құбылыс кезінде химиялық реакция энергиясы өзгереді. Энергия тұрғысынан реакция типін ажыратып жазыңыз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
Балл қою кестесі
Бағалау критерийі | Тапсыр ма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Көміртекті отындар жанғанда түзілетін оксидтерді және олардың қасиеттерін анықтайды | 1 | «Иіс газы» деп аталатын көміртек оксидінің формуласын анықтайды | 1 |
Көміртек (IV) оксиді жануды қолдамайды деген тұжырымның шындық екенін анықтайды | 1 | ||
Көміртек (II) оксиді отын толық жанғанда түзіледі деген тұжырымның жалған екенін анықтайды | 1 | ||
Көміртек (II) оксиді түссіз, иіссіз, өте улы газ деген тұжырымның шындық екенін анықтайды | 1 | ||
Көміртек (II) оксидінің тотықтырғыш қасиеті бар деген тұжырымның жалған екенін анықтайды | 1 | ||
Көміртек(IV) оксиді тұрмыстық пропан газы жанғанда түзіледі деген тұжырымның шындық екенін анықтайды | 1 | ||
Парниктік эффектінің себептерін түсіндіреді және шешу жолдарын ұсынады | 2 | Парниктік эффектінің пайда болу себептеріне үш мысал келтіріп, түсіндіреді | 1 |
Парниктік эффектінің салдарларын азайтудың екі жолын ұсынады | 1 | ||
Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ажыратады | 3 | Химиялық реакцияның жылу эффектісі көрсетілген теңдеудің термохимиялық теңдеу екенін сәйкестендіреді | 1 |
Жылу бөле жүретін реакциялар экзотермиялық екенін сәйкестендіреді | 1 | ||
Жылу сіңіре жүретін реакциялар эндотермиялық екенін сәйкестендіреді | 1 | ||
Химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшерінің жылу эффектісі екенін сәйкестендіреді | 1 | ||
Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан сипаттайды | 4 | Фосфордың жану реакциясының термохимиялық теңдеуін жазады | 1 |
Энергия тұрғысынан реакция типін анықтайды. | 1 | ||
Барлығы | 14 |
М с
«Сутек. Оттек және озон» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты | 8.4.2.1 Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу;
|
Бағалау критерийі | Білім алушы ● Сутектің алыну жолын және оның қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды; ● Оттекті алудың реакция теңдеуін және оттектің қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды; ● Оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін сәйкестендіреді; ● Озон қабатының маңызын түсіндіреді. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану, жоғары деңгей дағдылары |
Орындалу уақыты | 20 минут |
Тапсырма
1. Зертханада сутекті алуға болатын заттардың қатарын көрсетіңіз
A) HNO3, Н2О,NaOH
B) СН4, С, Н2О
C) Н2О,Zn, НСl, Са
D) КMnO4, H2O, НCIO3
[]
(d) Жиналған газ сутегі газы екендігін дәлелдеңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(e) Сутектің қолданылуына мысал келтіріңіз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
3. Оттегі – химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді.
а) Оттек туралы келесі тұжырымдардың шындық не жалған екендігін анықтап, кестеге шындық болса «+», жалған болса « -» белгісін қойыңыз.
Тұжырымдар | Шындық | Жалған |
1 Иіссіз, дәмсіз, түссіз газ | | |
2 Аудан жеңіл | | |
3 Суды ығыстыру арқылы жинауға болады | | |
4 -1830С сұйылады | | |
5 Суда жақсы ериді | | |
[2]
b) Өзгерістер тізбегі берілген: КМnO4 → А → Р2O5
c) А затын анықтаңыз __________________________________________________
[1]
d) КMnO4 -тен А затын алудың реакция теңдеуін жазыңыз
______________________________________________________________________
[1]
e) А затының алдына қойылатын коэффициентті анықтаңыз
4Р + А → 2Р2O5
______________________________________________________________________
[1]
4. Зат мөлшері 2 моль оттек(қ.ж.) қандай көлем алады?
[1]
5. Озон – химиялық формуласы О3 болып келетін оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі. Түсі қою көк, өткір иісті газ,ал сұйық озон күлгін көк; балқу t – 192,7°С, қайнау t – 112°С. Суда ерігіштігі 0,394 г/л (0°С-та).
Төменде берілген сурет бойынша озонның қолданылу салаларын анықтаңыз.
[1]
6. Озон қабаты (озоносфера) бүкіл Жер шарын 10-50 км аралығында қоршап тұр, ал ең көп жинақталуы 20-25 км биіктікте болады. «Озон тесігі» деген атау алып, Антарктида үстіндегі кеңістікте озон мөлшерінің (50%) төмендеуіне байланысты ең бірінші озон қабатының жұқаруы 1985 жылы жүрт назарына ілікті. Содан бергі өлшеулер нәтижесі озон қабатының азаюын дәлелдеуде. Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроағзалар тіршілігі үшін қатер болып табылады.
Озон қабатының бұзылуына себеп болатын жағдайларға екі мысал келтіріп жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
Балл қою кестесі
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды | 1, 2 | зертханада сутекті қандай заттардан алуға болатынын анықтайды; | 1 |
қай суретте сутек газын жинау әдісі көрсетілгенін дұрыс анықтайды; | 1 | ||
Өз таңдауын түсіндіреді; | 1 | ||
сутек газын зертханада алу үшін қолданылатын реактивтерді анықтайды; | 1 | ||
жиналған газдың сутек екенін дәлелдейді; | 1 | ||
сутектің қолданылуына мысал келтіреді; | 1 | ||
Оттекті алудың реакция теңдеуін және оттектің қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды | 3,4 | кестеге шындық болса «+» қояды; | 1 |
жалған болса « -» белгісін қояды; | 1 | ||
тізбектегі А затын анықтайды; | 1 | ||
калий перманганатын айырып А затын алудың реакция теңдеуін жазады; | 1 | ||
А затының алдына қойылатын коэффициентті анықта | 1 | ||
зат мөлшері белгілі газдың көлемін дұрыс есептейді; | 1 | ||
Оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін сәйкестендіреді | 5 | берілген сурет бойынша озонның қолданылу салаларын анықтайды; | 1 |
Озон қабатының маңызын түсіндіреді | 6 | озон қабатының бұзылуына себеп болатын жағдайларға екі мысал келтіріп жазады; | 2 |
Барлығы | 15 |