Файл: Таырыбы Кітапалымтілсіз малім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 45

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Кітап-ғалым-тілсіз мұғалім.

Мақсаты:

  • Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

  • Оқушылардың оқу дағдысын, сауаттылығын қалыптастыру.

  • Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

  • Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

  • Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру.

  • Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.

  • Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тату, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыландыру.

  • Жас ұрпаққа әлем және қазақ халықтарының озық көркем шығармаларын насихаттау, каникул уақытында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Қажетті құрал–жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, қалам, цитаталар жазылған плакаттар, отандық жаңа әдеби кітаптар көрмесі, кері байланыс құралы - смайликтер.

Әдістері: дөңгелек үстел, пікіп алмасу, арнайы шақырылған қонақтармен сұхбат, сұрақ–жауап
І Ұйымдастыру кезеңі

Кітап! Сен адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл қошы.

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіне осы.
Кітап, Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.
Қайырлы күн, оқушылар, бүгінгі сабағымыздың қонақтары. Бүгінгі 7 «А» сыныбының «Кітап – ғалым – тілсіз мұғалім» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Тәрбие сағатымыздың мектебіміздің кіапханасында өткізілуі «Оқуға құштар мектеп» жоасы аясында қол жеткізуге болатындай орта қалыптастыру мақсатында.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатына шақырылған қонақтар:

- Белес ауылдық кітапхана меңгерушісі Кенжеғаным Зейноллақызы

- Мектебіміздің кітапхана меңгерішісі Гүлбану Қадырханқызы

- Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Нүргүл Серікқызы

- Сынып жетекшісі Айымгүл Жасұланқызы

- мектебіміздің тәлімгері Толғанай Саламатқызы

2. Психологиялық минуты

Тренинг: «Өзіме және көршіме» ойыны.


3. Сабақ барысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 21 қазанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.

Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.

Оқушылардың оқырмандық іс-әрекетін жүйелі үш кезеңде ұйымдастыру ұсынылады:

1 кезең – сапалы оқу дағдысына жұмыс. (жүгіртіп оқуға тұрақты жаттығу, оқыған шығарманың көлемі мен саны ұлғайту). Оқушыға жүгіртіп оқуға дағдыланбай тұрып басқа барлық пәндер мен бастауыш сыныпта МЖМБС-ты меңгеру қиын болады. Көркем әдеби шығарманың мәтінін меңгеру және одан қажетті ақпаратты алу мүмкіндігін дамыту;

2 кезең –құндылық бағдарларын дамытудағы оқушының іс-әрекеті, танымдық-коммуникативті қабылдау, эмоциялық жауаптылық, толғану, оқылған шығарма бойынша оқырманның пікірі;

3 кезең – кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, өз бетінше оқуға дағдылану әрекеті.

Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ. Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.



(Шара қонақтарына сөз беріледі.)

(Сынып оқушыларының пікірлерін тыңдау)

4. Ой жинақтау. Оқушыларға тапсырма.

Кітапханашылардың оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ұсынған кітабына өз ойларын айтып, алдарында берілген смайликтер арқылы нәтиже шығарады. Оқушылардың берген жауаптарына қарай жазғы демалыс кезінде оқуға кітап таңдалынады.
5. Қорытынды. Сабақты қорытындылап, оқушылар «лайк», «дизлайк» белгішелерімен, ал шара қонақтары ұсынылған карточка арқылы кері байланыс жасайды.

Мен қазір Абай Құнанбаевтың бір өлеңін оқып бергім келіп тұр.

Сен оқыған әңгіме, хикаялардың ішінен өзіңе ұнаған кейіпкер

Сыныптастарыңа әдемі тілек жолда.

Мақалды жалғастыр:

Кітап – білім бұлағы,

....................................

Ұлы жазушы болсаң, ең алғаш жарық көрген кітабыңның атауы қандай болмақ?

Менің ең үлкен қорқынышым (фобия)

Егер сен ақын болсаң дәл қазір қандай тақырыпта өлең жазар едің?

Өмірде кімді үлгі тұтасың? Неге?

Өзіңнің сүйіп оқитын пәніңнен республикалық пән олимпиадсында 1 орын иелендің. Сенің сезімің.

Әкеңмен бірге отырып кітап оқитын болсаң, қай жанрдағы шығарманы таңдар едің?

Егер мен ғылыми жоба қорғайтын болсам, ...........бағытында жұмыстанар едім.

Мақалды жалғастыр:

Күш - білімде, ...........