Файл: Саба жоспары за мерзімді жоспарды тарауы Жмыс.уат. Энергия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Жұмыс.Қуат.Энергия

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар:Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Жай механизмдер.«Механиканың

алтын ережесі»




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.4.1 – «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;

7.2.4.2 – күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: механиканың алтын ережесін тұжырымдайды, мысал келтіреді.

Көптеген оқушылар: күш моменті, “механиканың алтын ережесі” формулаларын есеп шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар: блок көмегімен және блоксыз орындалатын іс-әрекетті салыстырады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-рекеті

Дескриптор

Ресурстар

Сабақтың басы
10минут



I.Cабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру

I
I.Өткен тақырыпты пысықтау. Кесте беріледі соны толтырады

ІІІ. Топты біріктіру. (Суреттер арқылы топты біріктіру)

1-Топ. «Зерттеушілер»

2-Топ. «Ғалымдар»

3-Топ. «Жүйріктер»

«Миға шабуыл» әдісі Суретті сипаттаңыз.Оқушылар суретті сипаттайды, жаңа тақырыпты бастайды.





Видео арқылы сабақ түсіндіру





Өткен сабақты пысықтайды

Суреттер арқылы топқа бөлінеді

Сурет бойынша сабақтың тақырыбын ашады




-кестені толтырады

Балл 1

Қосымша

Стикерлер

https://youtu.be/voNN0fo7J4w


Сабақтың ортасы


30 минут


Тапсырма 1:Топтық жұмыс. «Карусель» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс

1 – топ. Жай механизмдер туралы

2- топ. Күш моменті туралы

3-топ. «Механиканың алтын ережесі» туралы

Топтық жұмыс Тапсырма 2 «Quizlet» платформасы арқылы осы тесттерді тапсыру

1.Жай механиздер дегеніміз не?

А) күшті өзгертпей, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар

В) күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар

С) күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын реттеу үшін қолданылатын құралдар

2.Блок дегеніміз не?

А) өз өсінің төңірегінде айнала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершін.

В) айналмайтын шетінде науасы бар доңғалақ тегершін.

С) айналатын қарапайым доңғалақ тегершін.

3. Иіндік дегеніміз не?

А) қозғалмалы тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез келген дене

В) қозғалмалы тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын доңғалақ

С) қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез келген дене

4. Күш моменті дегеніміз не?

А) Күштің уақытқа көбейтіндісі.

В) Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі

С) Түсетін күштің өз күш иініне бөлііндісі

Жеке жұмыс Тапсырма 3:

А деңгейі

1.Рычагқа 2,5 Н- ға тең күш әрекет етеді. Егер күш моменты 0,6 Н*м болса, онда иін күші неге тең?

В деңгейі

2. Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса, онда ол 10 секундта қанша жұмыс атқарады?

С деңгейі

3.Серіппелі тапаншадағы серіппенің қатаңдығы 4000 Н/м. Оқтың массасы 5г. Серіппені 2см-ге сығып қысады. Оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығады.

С
абақты қорытындылау мақсатында адасқан сөздерді бала өзі табады. Жеке жұмыс


Жұптық жұмыс формуланы толтырады





Топпен сабақты қорғайды

Платформамен тест тапсырады

Жеке жеке есептер шығарады


Дескрипторлар :

- күш моментінің физикалық мағынасын ашады;

- жай механизмдердің түрлерімен танысады;

- механиканың алтын ережесін тұжырымдайды

Балл 3

*Дескрипторлар:Білім алушы

-  тест сұрақтарына жауап береді
Балл 3

Дескрипторлар:Білім алушы

- есептің берілгені жазады

-ХБЖ айналдырады

-формула жазады

-есепті шығарады

Балл 4

Дескриптор

-адасқан сөздерді табады

Балл 1


https://quizlet.com/ru

Таратпа қағаздар

Таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

5 минут





Рефлексия

Кері байланыс

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралаудың «Қарқын» тәсілін балық қаңқасы әдісінде жүзеге астым.Себебі кейбір оқушылар басқа оқушыға қарағанда жылдам жұмыс фістеді.



«Бес саусақ» әдісі бойынша оқушылар кері байланыс береді (Бас бармақ-мен үшін маңызды және қызықты болды. Сұқ саусақ-мен бүгін …..түсіндім. Ортаңғы саусақ-мен үшін….қиын болды. Төртінші саусақ-менің бағам, өйткені. Шынашақ мен….білгім келеді)





Тақта мен оқушы ара қашықтығын сақтау.

Оқушының түзу отыруын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?