Файл: за мерзімді жоспар блімі 8 Мектеп 31 Малімні атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 62
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 | Мектеп: №31 Мұғалімнің аты-жөні: Тогусбаева Г.А. Күні: 10 мамыр Сынып: 1 В | ||
| Сабақтың тақырыбы | Сен не істейсің? | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.1.3.1. Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация (заттық сурет) сызба таңдау. | ||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Мұғалімнің көмегімен берілген мәтінді түсінеді. Көбі: Тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, жауап бере алады. Кейбірі: Мұғалімнің көмегімен сызба бойынша сипаттай алады. | ||
| Бағалау критерийлері | 1. Мұғалімнің көмегімен берілген мәтінді түсінеді. 2. Мұғалімнің көмегімен мәтін бойынша сұрақ қояды және жауап бере алады. 3. Мұғалімнің көмегімен сызба бойынша сипаттай алады. | ||
| Пәнаралық байланыс | Орыс тілі, ағылшын тілі | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар. | ||
| Бастапқы білім | Оң қолымда бес саусақ | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы 7 минут | Сыныпқа кіргеннен соң оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын және дайындығын тексеремін. Содан кейін барлығын көңілді әуен ырғағымен таңғы жаттығу жасауға шақырамын.
Тақтаға сабақтың тақырыбын жазылады. Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өтемін. | Слайд, бейнематериал | |
| Сабақтың ортасы 10 минут 5 минут 10 минут | Оқушыларға суреттер таратып беремін. Олар суретте қандай қимыл-әрекет бейнеленгенін айтады. Сол бойынша 4 топқа бөлінеді. 1-топ Мен жаттығу жасаймын. 2-топ Мен жуынамын. 3-топ Мен тамақ ішемін. 4-топ Мен мектепке барамын. 1-тапсырма. Сұраққа ым-ишара арқылы жауап бер. «Сен таңертең не істейсің?» (Пантомима әдісі) 2-тапсырма. Жеке жұмыс. Сұраққа дұрыс әрі жылдам жауап бер. (Ыстық орындық) әдісі СЕРГІТУ СӘТІ. «Иілеміз оңға бір» әні 3-тапсырма. Жылдам бұйрық бер. (ТКО әдісі)
4-тапсырма. Толтырып жаз | Суреттер бейнематериал | |
| Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия Оқушылар диалог арқылы тілдеседі. | | |
| Бағалау критерийлері | Дескриптор | 1сөз айтса | 2сөз айтса | 3 сөз айтса |
| 1.Мұғалім көмегімен берілген мәтінді түсінеді. | 1.Ым-ишара арқылы таңертең не істейтінін көрсете алады. | 1б | 2б | 3б |
| 2.Тақырып бойынша сұрақ қойып, жауап бере алады. | 2.Сұраққа дұрыс әрі жылдам жауап бере алады. | 1б | 2б | 3б |
| 3. Мұғалімнің көмегімен сызба бойынша сипаттай алады. | 3. Берілген бұйрықты тыңдап, көріп, ойындай алады. | 1б | 2б | 3б |