Файл: аза тілі Малімні атыжні Карменовыа Б. Б.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақ тілі



Мұғалімнің аты-жөні: Карменовыа Б.Б.

Күні: 26.04.23.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Оң қолымда бес саусақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну

1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру

1.3.3.1 Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату

1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу

1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Ертеңгілік шеңбері

(МК) Әндете отырып дене мүшелерін көрсету.

(бас, иық, тізе және бақай, көз, құлақ, ауыз және мұрын иек, т.б.

(Ұ) Оқушылар әнді іс-қимылмен бірнеше рет қайталайды, әр айтқан сайын қимыл жылдамдықтарын арттыра түседі.




Сабақтың ортасы



(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада оқушылардың назары суретке аударылады, сурет бойынша жұмыс жүргізіліп, оқушылар «бас, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ» сөздерімен танысады. Сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады. (Ж) Сұрақ/жауап үлгілерін (Мынау не? Бас. Мынау не? Қол.) ухо – нога, язык , голова, волосы ,нос, рот глаз сыныптағы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы жаттығады. Сонымен бірге оқушылардың назарын оң, сол сөздеріне аударып, оның аудармасын беріп, бірнеше рет қайталатып, есте сақтау жұмыстары жүргізіледі.

(МК, Ұ)

2-тапсырмадағы сурет арқылы оқушылар Алмабектің суреті арқылы адамның бас мүшелерін салумен танысады. Берілген үлгі бойынша әр сурет арқылы оқушылар көз, қас, құлақ, мұрын, ауыз деген сөздермен танысады. Осындай сурет салу арқылы оқушылар жаңа сөздерді қайталайды, бекітеді. (МК, Ұ)

3-тапсырмада оқушылардың оқылым дағдылары дамытылады, оқушылар тақпақты тыңдайды, қайталайды, мазмұнын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім тақпақты қимылдармен көрсетіп қайталатады.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

(Ж) 4-тапсырмада оқушыларға сұрақ қою (Мынау қай қол? Оң қолыңда неше саусақ бар? Сол қолыңда неше саусақ бар?), сұраққа жауап беру (Оң қол. Сол қол. Бес саусақ.) дағдыларын жетілдіре түседі. Алдымен берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, оқиды. Сонан соң үлгі бойынша сөйлеседі, сұрақ қойып, сұраққа жауап беріп жаттығады. (ОТ) Мұғалім оқушыларға алақандарының суретін салу сияқты шығармашылық жұмыс тапсыра алады. Осы арқылы оқушылар сөздерді қайталайды, салған суреттерін үйренген лексика негізінде сипаттайды. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқулық 130-131 бет

Аудиодиск: 7.7.1.; 7.7

Оқулық, дәптерлер.26 бет

Сергіту сәті


СЕРГІТУ СӘТІ

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы
Қызықты тапсырма



Берілген әріптерді дұрыс қойып сөзді табыңыз.

1-топ

ОМЫЙН- ІТЕЗ-

ЫАНШТҚ- АСУАСҚ-

2-топ

ҚҰЛАҚ- НРЕІ-

АҢЙДТА- ІТЛ-

Берілген әріптерді дұрыс қойып сөзді табыңыз


Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер жазылған карточкалар.


Сабақтың соңы


Рефлексия

Оқушыларға үш түрлі суреттер беріледі. Үш суреттен біреуін таңдап алып, қаламмен дөңгелектеп белгілейді.

- толық түсіндім;

- сұрақтарым бар.

- түсінбедім;
Орнымыздан тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!


Смайликтер