ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 188

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бронх демікпесіСоңғы жылдары бронх демікпесімен ауыру өте жиілеп кетті.Мұны негізгі 3 факторлармен байланыстыруға болады. Біріншіден, аллергиялық реактивтіліктің жоғарылауы. Екіншіден, химиялық өнеркәсіптердің дамуымен, қоршаған ортаның ластануымен және тағы басқа жағдайлармен қатынастың жоғарылауынан аллергендермен байланыс артты. Үшіншіден, бронх демікпесінің дамуына ықпал етуші тыныс алу жолдарының созылмалы аурулардың жиілеуі. Сонымен бірге аурудың жастық құрылымы да өзгереді. Қазіргі таңда бронх демікпесімен ауыратын барлық науқастардың 44% -ын қарт және егде жастағы адамдар құрайды. Қарт және егде жаста аурудың инфекциялық аллергиялық түрі кездеседі. Ол көбіне тыныс алу мүшелерінің қабыну ауруларының (созылмалы пневмония, созылмалы бронхит және т.б.) нәтижесінде туындайды. Осы инфекциялық ошақтан ағза өз тіндерінің ыдырау өнімдерімен, бактериялармен және токсиндермен сенсибилизацияланады. Бронх демікпесі өкпедегі қабыну үдерістерімен, жиі бронхит, бронхиолит, пневмониямен бірге басталуы мүмкін.Клиникалық көрінісі.Науқастардың көбінде бронх демікпесі созылмалы ағымда кездеседі және физикалық күш түскенде үдейтін, тұрақты қиналдыратын ысқырықты тыныс және ентігумен сипатталады. Кезеңді түрде өршу тұншығу ұстамасының туындауымен байқалады. Аз мөлшерде ашық түсті, қою, кілегейлі қақырықты жөтел пайда болады. Көбіне ауырудың өршуі мен тұншығу ұстамасының туындауындағы маңызды рольді тыныс алу мүшелеріндегі инфекциялық – қабыну (жіті респираторлы-вирусты инфекциялар, созылмалы бронхиттің өрлеуі) үдерістері алады.Бронх демікпесінің ұстамасы әдетте түнде немесе таңертеңнен басталады. Бұл, бірінші кезекте ұстаманың туындауына алып келетін рецепторларды, шырышты қабықты кезінде тітіркендіретін бронхтарда ұйқы кезінде жиналған секреттермен байланысты болады. Бұл кезде белгілі рольді кезбе жүйкесі тонусының жоғарылауы ойнайды. Барлық жастағы адамдардағыдай, демікпе кезіндегі функционалдық өзгеріс болып табылатын бронхоспазмнан басқа, қарт және егде жастағы адамдарда оның ағымы өкпе эмфиземасына асқынуы мүмкін. Нәтижесінде, өкпелік жетіспеушіліктен кейін жүректік жетіспеушілік тез қосылады.Жас кезінде бір рет туындаған бронх демікпе қартайған уақытта да сақталуы мүмкін. Бұл кездегі бронх демікпесінің ұстамасы өткір ағымының төмендігімен ерекшеленеді. Аурудың ұзақ уақыт жүруіне орай, өкпеде (обструктивті эмфизема, созылмалы бронхит, пневмосклероз) және жүрек тамыр жүйесінде (өкпе текті жүрек) айқын өзгерістер байқалады.
Жіті ұстама кезінде науқаста ысқырықты сырыл, ентігу, жөтел және цианоз байқалады. Науқас алға қарай еңкейіп, екі қолына сүйеніп отырады. Тыныс алу актісіне қатысатын барлық бұлшықеттер қатайып, ширыққан болады.Жас жастағы адамдарға қарағанда, айқын гипоксияның салдарынан ұстама кезіндегі тыныс алудың жиіленуі байқалады. Перкуссия кезінде қорап тәрізді дыбыс естіледі, аускультацияда көптеген ысқырықты, ызыңдаған сырылдар, сонымен қатар ылғалды сырылдар да естілуі мүмкін. Ұстама басында жөтел құрғақ, жиі қиналдыратын болады. Ұстама аяқталғанда жөтелмен бірге аз мөлшерде тұтқыр кілегейлі қақырық бөлінеді. Үлкен жастағы адамдар тобының ұстамасы кезіндегі бронходилататорларға (мысалы, теофиллин, изадрин) реакциясы кешіккен, толық емес болып келеді.Жүрек тондары тұйық, тахикардия байқалады. Ұстама кезінде тәжді тамырлардың рефлекторлы тарылуы, өкпе артериясы жүйесіндегі жоғары қысым, миокардтың жиырылғыштық қасиетінің төмендеуі, сонымен бірге жүрек – тамыр жүйесіндегі қосымша аурулар (гипертониялық ауру, атеросклероздық кардиосклероз) нәтижесінде жіті жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.Емі мен күтімі.Ұстама кезінде және ұстама арасындағы кезеңде бронхоспазмды жою үшін пуриндерге (эуфиллин, диафиллин, дипрофиллин және т.б.) көңіл бөледі, оларды парентеральды және аэрозольді түрде енгізуге болады. Адреналинге қарағанда бұл препараттарды тағайындаудың артықшылығы, оларды гипертониялық ауру, жүрек демікпесі, жүректің ишемиялық ауруы, бас миы тамырларының атеросклерозында енгізуде қарсы көрсеткіштері жоқ. Сонымен бірге эуфиллин және осы топтың басқа препараттары коронарлық, бүйректік қанайналымды жақсартады. Осылардың барлығы олардың гериатриялық тәжірибеде кеңінен қолданылуына себеп болады.Адреналин бронхоспазмды тез басып, ұстаманы тыюды қамтамасыз ететіндігіне қарамастан,оны қарт және егде жастағы адамдарға, олардың гормоналды препараттарға жоғары сезімталдығын ескере отырып, абайлап тағайындаған жөн. Тері астына немесе бұлшықетке адреналинді енгізуді, тек бронх демікпесін ешқандай дәрілік заттармен тыю мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданады. Препараттың дозасы 0,1% ерітіндінің 0,2–0,3 мл-нен аспауы тиіс. Адреналиннен тиімділік болмаған кезде, оны дәл сол дозада тек 4 сағат өткеннен кейін ғана енгізуге болады. Эфедринді тағайындағанда, ол жай, бірақ ұзақ әсер ету тиімділігін қамтамасыз етеді. Эфедрин қуықасты безінің аденомасында қарсы көрсеткіш екенін ескерген жөн. Бронхолитикалық әсерге изопропилнорадреналин дәрілері (изадрин, арципреналин сульфаты, новодрин және т.б.) ие болып келеді.

Трипсин және химотрипсин аэрозольдері және басқа қақырықты түсіретін заттарды қолданғанда, протеолиз өнімдерінің сіңірілуімен байланысты, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Терапия барысында, оларды енгізер алдында гистаминге қарсы препаратты тағайындау керек. Бронх өткізгіштігін жақсарту үшін бронхолитикалық заттар қолданады.Таңдау дәрісіне холинолитиктер жатады. Адреномиметиктерді (изадрин, эфедрин) көтере алмағанда, көп мөлшердегі қақырық және бронх демікпесі және ЖИА (брадикардиямен, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылуымен жүретін) қосарлануы кезінде, холинолитиктер (атровент, тровентол, трувент, беродуал) тағайындалады.Бронх демікпесінің кешенді еміне антигистаминді дәрілер (димедрол, супрастин, дипразин, диазолин, тавегил және т.б.) енеді. Кейбір науқастарда новокаин: 0,25 – 0,5% ерітіндісінің 5 – 10 мл к/т немесе 2% ерітіндісінің 5 мл б/е енгізу қолайлы әсер етеді. Ұстаманы тыю үшін А.В.Вишневский бойынша біржақты новокаинды вагосимпатикалық бөгемені оңтайлы қолдануға болады. Екі жақты бөгеме ұсынылмайды, себебі, ол жиі жанама әсерлер (ми қан айналымының, тыныстың және т.б. бұзылуы) тудырады.Қарт жастағы науқастарға ганглиоблокаторлар гипотензивті реакция туындауына байланысты ұсынылмайды.Бронх демікпесі стенокардиямен қосарланса енгізу жылдамдығы 8-12 л/мин болатын оттегі (25-30%) және азот тотығымен (70-75%) ингаляция көрсетілген.Бронх демікпесінің ұстамасы негізінде бронхолитикалық заттармен бірге жүрек-тамыр дәрілерін қолдану керек, себебі бронх демікпесінің ұстамасы қарт адамның жүрек-тамыр жүйесінің салыстырмалы компенсациялық жағдайынан тез шығаруы мүмкін.Гормондармен (кортизон,гидрокортизон) емдеу бронх демікпесінің ұстамасын тыю және оның алдын алуда жақсы нәтиже береді. Бірақ кәрі жастағы науқастарға глюкокортикостероидтарды жас адамдармен салыстырғанда 2-3есе аз мөлшерде енгізген жөн. Емдеу барысында минималды тиімді мөлшерін анықтаған дұрыс. Гормоналды емді жанама әсерлерінің мүмкіндігіне орай 3 аптадан ұзақ бермеген жөн. Глюкокортикостероидтармен бірге бронхолитиктерді қолдану керек, кейбір жағдайларда, ол гормоналды дәрілердің мөлшерін төмендету мүмкіндігін береді. Екіншілік инфекция кезінде, кортикостероидтармен қатар, антибиотиктер де көрсетілген. Кәрі адамдарда тіпті ең төмен мөлшердегі кортикостероидтардың өзі жанама әсер беруі мүмкін. Сондықтан глюкокортикостероидтарды тек келесі жағдайларда:

  1. басқа дәрілерге қоймайтын, бронх демікпесінің ауыр ағымы;

  2. астматикалық жағдай;

  3. интеркурентті ауру кезіндегі науқас жағдайының бірден нашарлауында қолданылады.

Жүрек жеткіліксіздігі дамығанда жүрек гликозидтері, диуретиктер тағайындалады.Өте мазасыз науқастарға транквилизаторлар (триоксазин), бензодиазепин туындылары (хлордиазепоксид, диазепам, оксазепам), дифенилметан туындылары (амизил, метамизил) қолдануға болады. Қақырық түсіретін және секретолитикалық заттар ретінде жиі бромгексин, ацетилцистеин және физиотерапия қолданады.Бронх демікпесін емдеуде емдік дене тәрбиесі, тыныстық жаттығуларға басты назар қойған жөн. Физикалық жаттығулар түрлері мен көлемі әр науқасқа жеке анықталады.Дереккөздер

  1.  В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2008.
Жіті бронхитЖіті бронхит – бір айға созылатын, басым жағдайда инфекциядан туындаған бронхтардың қабынуы.Хаттама коды: P-T-009 "Жіті бронхит"Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшінАХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J20  Жіті бронхитЖіктемесіЖалпы қабылданған жіктеме жоқ.Этиология бойынша:- жиі жағдайда вирусты;- бактериалды;- уытты жəне күйіктік – сирек жағдайда.Бөледі:- қарапайым жіті бронхит;- жіті обструктивті бронхит;- острый бронхиолит;- рецидивті бронхит.

Қауіп-қатерлі факторлар

Қауіп-қатерлі факторларТұмау, басқа респираторлы вирусты аурулар, маскүнемдік, аллергиялық аурулар, ауалық поллютанттар, мұрынжұтқыншақ жəне таңдай бадамшаларының гипертрофиясы, иммунтапшылық ахуалдар, темекі тарту (оның ішінде пассивті), трахеостоманың болуы, егде немесе балалық жас, рефлюкс-эзофагит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, созылмалы, мұздау.

Диагностика

Диагностика критерийлері:«Жіті бронхит» диагнозы 3 аптадан көпке созылған, жіті туындаған жөтел болған кезде, пневмония немесе өкпенің созылмалы ауруларының белгілері болмаған кезде қақырықтың болуымен қойылады.Шағымдар мен анамнез: жөтел, алғашында құрғақ, сонан соң қақырықпен; жалпы əлсіздік, терлегіштік. Физикалық зерттеулер: негізгі клиникалық көріністер: уыттану симптомдары (шаршау, қалтырау, субфебрилитет, арқа мен бұлшықеттердегі ауыру); жөтел, алғашында құрғақ, сонан соң сілемейлі іріңді қақырықпен продуктивті; ентікпе жиі жағдайда өкпе мен жүректің фондық патологиясымен шартталған; фарингит жəне конъюнктивит симптомдары; аускультация кезінде – шашыранды құрғақ немесе өкпедегі сулы сықырлар.
Инструменталдық зерттеулер: дифференциалды диагностика үшін: кеуде клеткаларының рентгенографиясы (өкпелік тіндердің өзгерістері жоқ). Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:1. Қанның жалпы анализі.2. Зəрдің жалпы анализі.3. Микрореакция.4. Флюорография. Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:1. Қақырықтың жалпы анализі.2. Қақырық цитологиясы.3. Микробтардың антибиотиктерге, БК сезімталдылық анализі.4. Қызбаның жоғары кезінде гемокультураны бактериемяға зерттеу.5. Кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.6. Отоларинголог консультациясы.7. Фтизиатр консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер

Лабораторлық зерттеулерЖалпы қан анализінде лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығының артуы анықталу мүмкін. Жалпы зəр анализінде аздаған протеинурия анықталуы мүмкін немесе өзгерістер жоқ. Қақырық болған кезде, өкпе туберкулезін алып тастау үшін, БК ға үш реттік зерттеу жүргізу.

Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагноз

Диагноз немесе ауру себебі

Диагноз пайдасына

Жіті бронхит

- Тыныс алу жиіленуінсіз жөтел

- Мұрын бітелу

- Температураның жоғарылауы, қызба

Пневмония

- Жөтел жəне жиілеген тыныс:

     жасы < 2 ай > 60/мин;

     жасы 2 – 11 ай > 50/мин;

     жас 1 – 5 жас > 40/мин.

- Көкірек клеткасы төменгі бөлігінің ішке тартылуы

- Қызба

- Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, ылғалды сырылдар

- Мұрын қанатының кебуі

- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде)

Стеноздаушы ларинготрахеит

(жалған бітелу)

- Үрмелі жөтел

- Тыныс жеткіліксіздігі

- Бəсеңсіген дауыс

- Егер қызылша салдарынан болса – қызылша белгілері

Көкжөтел

- Дірілді өзіне тəн ысқырмалы тыныспен, құсумен, цианоз немесе апноэмен қатар жүретін пароксизмальді жөтел

- Жөтел ұстамалары арасында өзін-өзі жақсы сезіну

- Қызбаның болмауы

- Анамнезінде АКДС вакцинасының болмауы

Обструктивный бронхит

- Анамнезде демікпелік тыныс салқындаумен байланысты

- Нəрестеде жəне жанұя мүшелерінде демікпенің/экземаның/поллиноздың болмауы

- Ұзарған тыныс шығару

- Аускультативті – құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер анық болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау)

- Бронхолитиктерге жақсы реакция

- Демікпе кезіндегіден көріністер аз айқын