ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 186
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасыЕм мақсаты: уыттануды, бас ауыруды жою, өзін-өзі сезінуді жақсарту, тəбет жəне дене температурасын қалпына келтіру; сауығу жəне асқынулардың болмауы.Дəрі-дəрмексіз емДене қызуының жоғарылауында – төсек режимі. Көлемді жылы сұйықтық. Бронхтардың бактериалды зақымдану белгілерінсіз, 38С жоғары гипертермия кезінде ыстық түсіретін заттарды қысқа уақыт қабылдау (парацетамол). Сыртқы тітіркендіргіштердің элиминациясы.Емделушілерді оқыту: тыныстық жаттығулар, постуральді дренаж, темекіні тоқтату.Дəрі-дəрмектік ем:Қажытатын жөтел кезінде жөтелді басатын заттар (декстрометорфан, кодеин, тусупрекс), бронходилататорлар (сальбутамол - бронхиалды гиперреактивтілік белгілері кезінде) қолданылуы мүмкін. Қақырық болған кезде муколиттік заттар (амброксол, карбоцистеин, ацетилцистеин) көрсетілген.Антибиотикотерапия асқынбаған жіті бронхит кезінде, олар вирусты болмағандықтан көрсетілмеген. Антивирусты терапия (амантадин, римантадин, рибавирин). Антибиотикотерапия бронхтардың анық инфекциялық зақымдану белгілері кезінде көрсетілген: іріңді қақырықтың бөлінуі мен оның көлемі көбейгенде, уыттану белгілерінің туындауы мен өршуінде (пероралды амоксициллин 0,5-1г əр 8 сағатта, цефуроксим ацетил 0,5 г əр 12 сағатта, кларитромицин 0,5 г əр 12 сағатта, азитромицин 0.5 г тəулігіне 1 реттен 3 күн бойы). Микоз туындауының профилактикасы жəне емі үшін, ұзақ массивті антибиотикотерапия кезінде, итраконазол оралдық ерітіндісі 200 мг 2 рет/тəулігіне, 7 күн бойы.Тұрақты жəне ұзақ уақыт дене қызуының жоғарылауы кезінде, гемокультураны қызбаның жоғарылауында флораның антибиотиктерге сезімталдылығын анықтаумен зерттеу.Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:1. **Парацетамол сироп 2,4% флаконда; суспензия; суппозитории 80 мг.2. *Амоксициллин 500 мг, табл.3. **Амоксициллин+клавуланды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500мл/100мг, 1000мг/200мг дайындауға арналған ұнтақ4. **Амброксол сироп 15 мг/5 мл; 30мг/5 мл; ерітінді 7,5 мг/мл.5. *Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг/мл. Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:1. *Цефуроксим 750мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.2. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2г флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.3. *Азитромицин 500 мг, капс.4. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; таблетка 2 мг, 4 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.Ем тиімділігінің индикаторлары: уыттануды, бас ауыруының жойылуы, өзін-зі жақсы сезіну, тəбет жəне дене температурасын қалыпқа келтіуі; сауығу жəне асқынулардың болмауы.* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар ** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
Госпитализация
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: асқынулардың дамуы, уыттанудың жоғарылауы, тыныс алу жеткіліксіздігі байқалған кезде, 3 күннен артық дене қызуының түспеген жағдайында.Профилактика
Біріншілік профилактика:1. Науқастар жəне вирустасымалдағыштармен қатынасты шектеу, əсіресе жоғары респираторлық аурушаңдық мезгілінде.2. Бетперде таңу жəне ЖРВИ ауруы бар жанұя мүшелерінің қол жууы.3. Бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстап тұру.4. Белсенді жəне пассивті темекі тартуды жою, отынды ошақтарда мұнай өнімдерін пайдаланбау, үйде гипоаллергендік жағдай жасау.5. Шынығу шараларын жүргізу, ЕДШ.6. Адекватты тамақтану.7. Тұмауға қарсы вакцинация.Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: тоқсан сайын диспансерлік бақылау.Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)-
Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Bronchitis. National Guideline Clearinghouse. www. guideline.gov. 2005 2. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. Изд-во «ГЕОТАР-МЕД», 2004. 3. Практическое руководство по антиинфекционной химиотерапии. Под ред Страчунского Л.С., БелоусоваЮ.Б., Козлова С.Н.. Москва, 2002 г. 4. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва 2005
-