Файл: Практикалы жмыс 2 Пластикалы, морт жне анизотропты материалдардан жасалан лгілерді сыуа сынау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Практикалық жұмыс №2

Пластикалық, морт және анизотропты материалдардан жасалған үлгілерді сығуға сынау
Болаттан, шойыннан (дюралюминиден) және ағаштан жасалған үлгілерді сығуға сынау.

Жұмыстың мақсаты: Пластикалық морт және анизотропты материалдардың үлгісін сығуға сынау арқылы олардың механикалық қасиеттерін анықтау.

Сынақ қондырғысы мен сыналатын үлгілер.

Бұл сынақты орындау үшін жүк түсіру қабілеті 250 кН және одан да жоғары болатын кез-келген пресс қолданылады. Кафедра лабораториясында осы талапқа сай келетін П-50 (500 кН), П-125 (1250 кН) престері бар. ГРМ-1А қондырғысын - да пресс ретінде пайдалануға болады, ал бұл қондырғының бір ерекшелігі үлгілердің сығылу диаграммаларын жазып беретін тетігі бар.

Сығуға сынақ жүргізу үшін әртүрлі материалдардан әр түрлі үлгілер жасалады, олар 3 - суретте (а,б) кескінделген.

Болат, дюралюмни сияқты металдардан 3(a) - суретте кескінделген үлгілер жасалады. Бүл жерде һ0 = 30 mm, d0 = 20 мм. Ал ағаштан 3(6) -суреттегідей үлгілер дайындалады.

Жасалатын үлгілердің барлығы сынақ өткізетін мезгілдегі пайдаланылатын Мемлекеттік стандартқа сай орындалады. Стандарт талаптарына сай келмейтін үлгілер мен орындалған сынақтар жарамсыз деп табылады.
Сынақты жүргізу тәртібі.

Сыналатын үлгілер престің жылжымалы және жылжымайтын табақшаларының ортасына орналастырылады да сығушы күш түсіріліеді. Егер сынақ ГРМ-1А қондырғысында жүргізілетін болса үлгінің сығылу диаграммасы қондырғы көмегімен жазылып алынады. Осындай диаграммалар 4 - суретте көрсетілген.



Сынақ алдындағы үлгілердің өлшемдері және сынақ қорытындылары кестеге енгізіледі.
3 – кесте





4(a) - суретте болаттан жасалған үлгінің сығылу диаграммасы көрсетілген. Болат үлгі пластикалық материал болғандықтан оны қиратып тастауға болмайды. Сығушы күш көбейген сайын үлгі мыжылып алғашқыда бөшке тәріздес одан әрі дөңгелек пластина тәрізденіп жалпайып деформацияланады. Сондықтан сығылу диаграммасында күштің мәні шексіздікке дейін көбейгенімен үлгі қирамайтыны белгілі, олай болса пластикалық материал


үшш қиратушы күш Ғmax - ның мәнін анықтаи алмаимыз, яғни бұл материал үшін сығылу кезінде беріктік шегін таба алмаймыз. Осындай материалдардың сығылудағы беріктік шегі шартты түрде созылу кезіндегі беріктік шегіне тең деп алынады.

4(6) - суретінде морт материалдың үлгісінің (шойын, дюралюмини т.с.с.) сығылу диаграммасы кескінделген. Морт материал сығылу кезінде сығушы күш бағытымен шамада 45° бұрыш жасай жарылып сыну арқылы қирайды (уатылып кетеді). Сондықтан морт материал үшін сығуға сынақ кезінде тек беріктік шегін ғана анықтай аламыз, себебі бұл материалдар үшін пропорционал және аққыштық күштері болмайды.

4(в) - суретінде ағаш үлгінің сығылу диаграммасы кескінделген. Бұл арада 1 - диаграмма үлгіні талшық бойымен сығу арқылы, ал 2 - диаграмма материалдың талшығына перпендикуляр бағытта сынау арқылы тұрғызылған. Бұл суреттен көрініп тұрғанындай ағаштан жасалған үлгінің механикалық қасиеті сығушы күштің бағытына байланысты болады екен. Ағаштың беріктігі талшық бағытымен сынағанда оның көлденең бағыттағы беріктігінен әлдеқайда үлкен екені көрініп тұр.

Осындай материалдар анизотропты материалдар деп аталады. Яғни ағаш үшін біз екі беріктік шегін анықтаймыз. Олар: талшық бағытындағы және талшыққа көлденең бағыттағы қасиеттерін сипаттайды.

Сынақ қорытындысы мен материалдардың анықталған механикалық қасиеттерінің сипаттамалары 3 - кестеге енгізіледі.
Бақылауға арналған сұрақтар:


1. Болаттан жасалған үлгі қандай матеркалға жатады және осындай материал үшін сығу кезінде қандай сипаттамасын анықтауға болады?


2. Шойын, дюралюмини сияқты материалдар қандай материалдар деп аталады жэне неге, олар үшін қандай сипаттамасын анықтай аламыз?

3. Пластикалық және морт материалдардың қирау ерекшеліктерін айтып беріңіз.


4. Кейбір материалдар неге анизотропты деп аталады?


5. Материалдарды сығуға сынау қандай қажеттіліктен туындайды?

6. Сыналған материалдардан басқа платсикалық, морт және анизотропты қасиеттерге еге материалдарды атаңыз.