Файл: Берілген сабатар психикалы дамуы тежелген балалара арналан тзете дамыта оытатын 5.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 100
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дамытушылық: Тауарлардың аттарын атай білу, таңдаған тауарды пайдалана білуге үйрету
Түзетушілік: есте сақтау қабілетін арттыру
Көрнекілігі: суреттер, супермаркет, гипермаркет, базардағы сауда суреттері.
Сөздік: супермаркет, мамандық, кәсіп, кәсіпкер, сатушы, тұтынушы, тасушы.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: шаруашылық керекті заттарды дүкеннен таңдай білу, аттарын ату, сатып алуды, ақшасын санап беруді, артық ақшасын санап алуды.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Сурет бойынша әңгімелеу. Жаңа тақырып бойынша әңгіме құру.
Дүкенде жұмыс істейтіндер кімдер?
Олардың атқаратын қызметі, міндеті қандай?
Қандай дүкендер болады? (тамақ, шаруашылық, құрылыс заттары,т.с.с.)
Жүк тасушы қандай қызмет атқарады?
Тауарларды қалай таңдауға болады?
*Тауарларды қалай таңдауға болатыны туралы әңгімелеп беру.
*Тауарлардың сапасы туралы айту.
*Грамм, килограмм, тонна өлшемдерін қалай өлшейтінін түсіндіріп беру.
Өлшеу құралдары, өлшеу құралдарындағы өлшем бірліктері, сандар, белгілер, электронды өлшеуіш құрал туралы білімін толықтырылады. Мысалдар келтіріледі. Слайд арқылы көрсетіледі.
Жеке дара заттардың бағаларын сұрау, есептеуге үйрету, артық ақшаны санап алу үшін есептеуге үйрену керектігі туралы айтылады.
Практикалық жұмыс: Рольдік ойын «Дүкен» оқушыларға өз қалаулары бойынша рольдерге бөлу.
Түзету жұмысы: есте сақтауға арналған жаттығулар. Жаңа тақырып бойынша әңгіме.
Не үйрендік? Не білдік? Супермаркет, гипермаркет-не? Тұтынушы кім? Сатушы кім? Міндеттері? Өлшем бірліктері?
Үге тапсырма: «Дүкенші» тақырыбына әңгіме құрастырып келу.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қаржылық кәсіпорындар
Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Оқушының дүкендерде сатылатын тауарлардың атын, сатып алу ережелерін білуі, құнын есептей алуға үйрету, чекті талап етуге үйрету, әңгімелесу, сұрау ережелерін білуге, әдептілікке дағдыландыру.
Түзете-дамытушылық: дүкеннен тауар сатып алу кезіндегі ережелерді білу, есте сақтау қабілетін арттыру.
Сабақ түрі: экскурсия. (Дүкенге)
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: дүкендерді аралап, алдын ала балалармен экскурсияға келетінімізді ескерту. Бір-екі дүкенмен келісіп алу. Дүкеншіге өз жұмысы, міндеті туралы әңгімелеп беру керектігін ескертіп қою.
Экскурсия. Балаларға жолда жүру ережелері, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіріледі.
Кассалық чек- касса, тамақ сақтау тоңазытқыштары, камералары туралы түсінік беру. Ақша, тиын, теңге, купюрлардың сыртқы келбетіндегі суреттерді естеріне сақтау керектігін айту, көрсету.
Дүкенші әңгімесін тыңдау. Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қояды. Жауап алады. Сауда жасап көреді. Алған тауарлардың құнын, сатып алу ережелерін білуін қадағалау. Чектегі белгілерді түсіндіремін.
Қорытынды: Дүкендегі қызметкерлерге алғыс айтылады. Балалар түсінгендерін әңгімелеп береді.
Үйге тапсырма: «Дүкенде» сурет салу.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Тауар түрлерін бағдарлау
Сабақтың мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Арзандатылған тауар, жарнама туралы түсініктерін қалыптастыру. Этикетка, өлшемі, көлемі туралы білімін қалыптастыру, тереңдету. Эстетикалық талғаммен жарнаманы безендіруге үйрету.
Түзете-дамытушылық: Чектағы сандарды танып оқи білуге үйрету, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Кассалық чектар, этикетка, қосымшалар, кітапшалар.
Сөздік: этикетка, жарнама, арзандатылған тауар, купюр.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: Білу керек: ақша санау, артық ақшаны кері санап алу, киім мөлшерін, заттарды атымен атау, дүкенде өзін дұрыс ұстау.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Топтық жұмыс. Дүкенде көргендерін топ болып қағазға суретін салу.
Оқушыларға этикетка түрлерін көрсету-оның неге тауарларға тіркелетінін түсіндіремін. Чектағы сандар, жазулар туралы әңгімелеп беремін. Дүкендегі тауарлардың сапасын анықтау туралы, өлшемі мен көлемін анықтау туралы түсіндіремін. Арзандатылған тауарлар- олар неге арзандатылғанын түсіндіремін.
Жарнама не үшін керек? Тауарларды жарнамалап көрсету. Теледидар, радио, типографиялық жарнамалар болатынын, кітапшалар, парақтар арқылы жарнамалар болатынын түсіндіремін. Оқушылардың өздерінің жарнама туралы түсініктерін тыңдаймын.
Қорытынды: Жарнама деген не? Не үшін керек? Тауардағы этикетка –жапсырмалар не үшін қажет? Онда не белгіленеді?
Үйге тапсырма: Кез келген тауарға жарнама жасап келу.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану. Ас бөлмесін жинастыру, жиһаздарды орналастыру. Қауіпсіздік ережелері.
Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: ас үйі мен асханадағы пайдаланатын құралдарды, ыдыстарды атау, ас үйін жинауда еңбек дағдыларын қалыптастыру.
Түзете-дамытушылық: Өз беттерімен асхана құралдарын пайдалана білуге және қолдана білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сөздік: сымщетка, ыдыс жуу орамалы. Ыдыс кептіргіш, ыдыс аяқтардың атаулары- кесе, қасық, шанышқы, тақтай, оқтау, кескіш, пышақ қайрағыш т.с.с.
Көрнекілігі: асханадағы құралдар, ыдыс-аяқтар.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру, жарнамаларды іліп түсіндіреді. Әр бала өз тауарын жарнамалайды.
Жаңа сабақ: Балаларға алдын ала жасалған жарнамаларды ілемін, түсіндіремін. Жаңа сабаққа қатысты тауарлар жарнамаланады. Ыдыс-аяқ, қысқа толқынды пеш, газ плита, тоңазытқыш т.б.
Енді осы тауарлар орналасқан орынға саяхат жасап келейік. Асханаға барады. Жарнамадағы заттар туралы айтамын, көрсетемін. Аспазшылармен кездеседі. Ас қоймасымен танысады. Ыдыс жуу орнын көреді.
Асханадағы еңбек дағдыларымен, ережелерімен таныстырылады.
Аспазшылардың еңбегін бақылайды. Қауіпсіздік ережелерімен танысады.
Практикалық жұмыс: Үстел үстін бедендіру- сүлгі, ыдыс-аяқтарды орналастыру жұмыстары.
Рефлексия. Ас үйдегі еңбек қауіпсіздігі неге керек?
Асхана жұмысшыларының еңбегі туралы әңгімелеп беру.
Үйге тапсырма: асханадағы қауіпсіздік ережелерді жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану. Тамақ дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелер. Гигиеналық талаптар.
Мақсаты: Білімділік-тәрбиелілік: Тамақ дайындау кезінде гигиеналық талаптарды, қауіпсіздік ережелерді орындауға үйрету. Эстетикалық талғамын дамыту.
Түзете-дамытушылық: Қауіпсіздік ережелерін жаттау кезіндегі есте сақтау қабілетін арттыру.
Сөздік: ас қорыту, тиімді тамақтану, ас мәзірі.
Көрнекілігі: қауіпсіздік техникасы көрсетілген таблица, тамақ дайындау құралдары.
Практикалық жұмыстар: Асханадағы ыдыс жуушының еңбегін бақылау.
Барысы: Үй тапсырмасын тексеру, ережелерді оқыту.
Жаңа сабақ. Ой . әр сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді тез тауып айту. Мысалы: алма-асқабақ, қарбыз, зығыр,....барлық сөздер асханаға, тамаққа байланысты болу керек.
Асханадағы қауіпсіздік ережелері жазылған, гигиеналық ережелер, талаптар жазылған қабырғаға ілінген плакаттармен таныстырылады. Аспазшылардың еңбегін бақылайды. Медбикенің гигиеналық талаптар туралы айтқан әңгіме-кеңесін тыңдау және оны орындау керектігі айтылады. Медбикенің кеңестерін тыңдайды.
Ас мәзірі туралы айтылады. Ас мәзірін құрастырып көреміз. Әр бала өзінің бір күндік ас мәзірін айтып береді.
Ойын: «Сәйкестендір».
Қасық қысқатолқынды пеш
Пышақ конфет
Газплита кофе
Шай шанышқы
Секер тақтай
Кастрюль балық
Ет таба
Рефлексия: Тиімді тамақтану деген не? Ол не үшін қажет? Сауалнама «Тиімді тамақтану –денсаулық кепілі».
Үйге тапсырма: ас мәзірін құрып келу.
Сабақтың тақырыбы: Компот кисель дайындау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: компот дайындауға үйрету, тамақтану тақырыбы бойынша өткен материалды тиянақтау.
Тәрбиелілік: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түзете-дамытушылық: Оқушының сөздік қорын молайту.Жұмыс барысында тапсырмаларды орындауда белсенді болуға дағдыландыру.
Сабақ түрі. Практикалық сабақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Компот жасаудың технологиялық картасын көрсету, таныстыру
Алмадан компот жасау, дайындау әдісімен таныстырылады. Қауіпсіздік ережесін қайталау. Пышақ, газплитамен жұмыс істеу ережелері.
Практикалық жұмыс: гигиеналық ережелерді орындау (қолды сабынмен жақсылап жуу, бірнеше рет шаю.) құралдарды әзірлеу. Жемісті жуу.
Алманы турау, дәнінен тазалау.
Ыдысқа су құю, қайнатуға қою.
Қантты өлшеп салу
Алманың бөлшектерін салу, қайнату.
Жай отқа қайнату.
Оттан компотты алу.
Басқа ыдысқа суытып құю.
Өздері мұғалімнің көмегімен әзірлеген компоттан ауыз тию. Суытып ішу. Әдемі ыдысқа құйып, үстел басына барлығы бірге отырып компотты ішеді.
Рефлексия. Әр кезең бойынша ретімен айтқызу. Сөйлем құрап байланыстырып әңгімелеу.
Үйге тапсырма: өздеріне ұнайтын жемістердің суретін салу.
Тақырыбы: Бутерброд түрлерін дайындау
Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: өз бетімен бутерброд дайындауға үйрету. Сурет бойынша әңгімелеп беруге үйрету.
Түзете-дамытушылық: Бутерброд жасауға қызығушылығын арттыра отырып, жасалу ретін есте сақтауға баулу.
Көрнекілігі: бутерброд дайындау тәсілі. Суреттер, рецептер.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа тақырып бойынша әңгімеленеді. Бутерброд жасау жолын, ретін сақтай отырып бутерброд дайындау.
Керекті тағамдар: нан, сыр, колбаса, қияр, қызанақ, жұмыртқа, сары май.
Қауіпсіздік ережелері: пышақпен жұмыс істеуді үйрету, турау кезіндегі ережелерді айтып отыру.
Бутерброд дайындалады. Өздеріне жасату. Өздерінің қалауы бойынша әзірлеу.
Әр оқушы өздерінің қандай бутерброд жасағанын, қалай жасағанын әңгімелейді.
Рефлексия. Бутербродты қандай тағамдардан жасадық.
Үйге тапсырма: бутерброд мәзірін дайындап келу.
Сабақтың тақырыбы: «Мамандық» Еңбекке орналасу. Мамандықтар шеруі.
Мақсаты:Білімділік-тәрбиелілік: Жұмысшы мамандықтарды білу, атау, немен айналысатынын білуге үйрету. Мамандықтар шеруі кезінде өздерінің көрсетілген мамандықтар туралы не білетінін айтқыза отырып, басқа адамдардың еңбегіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Түзете-дамытушылық: Әңгімелеу кезінде басқаларды тыңдауға, әңгіме құрастыра отырып, сөйлемдерді байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөздік: агроном, дәнекерлеуші, архитектор, жоспарлаушы құрылысшы, дүкенші, есепші, мұғалім, инженер, дәрігер.
Көрнекілігі: слайд «Мамандықтар шеруі».
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа тақырыппен таныстыру үшін балаларға сұрақтар қойылады.
Тас, құм, цемент, қалақ – бұлармен кімдер жұмыс істейді? /құрылысшы
Кітап, журнал, бор, тақта - бұлармен кімдер жұмыс істейді? /мұғалім/
Халат, бахила, шприц – бұларды қандай мамандар қолданады? /дәрігер/
Қағаз, компьютер, калькулятор – бұл кімдердің құралы? /есепші/ т.с.с.
Осы барлық жұмыс істейтін адамдарды қалай атайды? /маман иесі/
Маман иесі болу үшін не керек? /мамандық/
Слайд көрсету.
Жаңа сөздерді дәптерге жазып алады.
Оқушыларға болашақта қандай маман иегері болғылары келетінін сұрау. Не үшін ...... болғың келеді? Ол мамандық туралы не білесің?
Мамандық алу үшін қайда оқуға болады? /колледж, училище, жоғары оқу орындарында/.
Дәнекерлеуші, көркемдеуші, архитектор мамандығы туралы туралы түсінік беріледі.
Рефлексия. Мамандық не үшін керек?
Қандай маман иелерін білесің? Өз ата-анаңның қандай маман иегері екенін айтып бер.
Үйге тапсырма: Дәрігердің құралдарын суретке салу.