Файл: бекітемін Мектеп директоры С. К. Ильясова 2022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 69

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры:

____________С. К. Ильясова

«____» _________2022ж

«Ұлағат» әкелер клубының жұмыс жоспары

2022-2023 оқу жылы



Өткізілетін шаралардың атауы

Түрі

Жауаптылар

Уақыты

Қатысушы сыныптар

1

Оқу жылы басында  әкелер клубын құру, мүшелерін тіркеу.

кездесу

Клуб жетекшісі: Абилова Б.Д.


қыркүйек

9

2

«Отбасындағы әке орны», 9-11 сыныптарда «Отбасындағы әкенің беделін қалай арттыруға болады» тақырыбында тәрбие сағаттары

дөңгелек үстел өткізу

Тәрбие ісінің орынбасары

Сынып жетекшілері



қазан

8-10

3

«Сенің өміріңдегі әкенің рөлі қандай?» тақырыбында видеоролик түсіру


видеоролик түсіру

Сынып жетекшілері

 

қараша

8

4

«Жігіт сұлтаны» сайысы

Ұлдар сайысы

Тәрбие ісінің орынбасары

қаңтар

9

5

«Ұлыттық ойындар» сайысы

сайыс

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

ақпан

8-10

6

Футболдан турнир «Әкем және мен»

танымдық сағат

 

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

наурыз

4

7

«Жігітке жеті өнерде аз»

Ұлдар сайысы

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

сәуір

5-7

8

Клуб жұмысын қорытындылау

әңгімелесу

Тәрбие ісінің орынбасары

мамыр

5-9


Әкелер клубының жетекшісі: ____________Абилова Б.Д.

«Ұлағат» әкелер клубының жоспары

І. КІРІСПЕ:


Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.

Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай?

Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің бар- лығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын ең бек өте өнімсіз еңбекке айналуда.

Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау сынды міндеттерді шешуде Алакөл аудандық білім мекемелерінің тәрбие саласында 2022 жылы «Әкелер мектебі » жобасы қолға алынды. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектеп те бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды. Осы талапқа сай мектебімізде құрылған «Әкелер мектебі» жобасы төмендегідей мақсат-міндеттерді басшылыққа алады:

1. Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру;

2. Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету;

3. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау;

4. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.

5. Мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға, іс-шараларға белсенді атсалысу.

ӘКЕЛЕР КЛУБЫНЫҢ МАҚСАТЫ:

Білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, мектеп, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау. Балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру.

ӘКЕЛЕР КЛУБЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

• «Отбасы-мектеп-бала» үштігінің өзара байланысын да- мыту процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;



• білім алушыларды тәрбиелеу ісіне шетелдік және қа- зақстандық тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең үздік түрлі нысандары мен әдістері арқылы ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестік- тердің қатысуын жандандыру;

• отбасы мен мектептің ынтымақтастығын отбасылық тәрбиені ұйымдастырудағы серіктестік байланыстар арқылы үйлестіру;

• жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеумет- тік құндылықтар мен құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын қамтамасыз ету;

• үлгілі отбасының тәжірибесін тарату арқылы отбасының беделін арттыру.

• Отбасылық құндылықтарды сақтау;

• Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру

• Ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру

• Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету

• Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау

• Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларн ұйымдастыру

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР:

• Ата-аналардың оқу процесіне белсенді қатынаспауы;

• Бала тәрбиесіне әкелердің белсенді араласпауы;

• Ұлттық рухани тәжірибені таратуда ұрпақтар байланысының әлсіреуі;

• Ата-аналардың физиологиялық және психологиялық саулығы, отбасын жоспарлау мәселелеріндегі ақпараттың жетіспеушілігі, отбасындағы жанжалдарды дұрыс шеше алу дағдыларының болмауы.