ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: «Қоғамдық тәртіп негіздері»
Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру.
Міндеттері: -өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі
мәнін түсіндіру;
-жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-жақсылыққа,имандылыққа,адамгершілікке, шыншылдыққа,
қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І.Ауылдарға саяхат.(«Әдептілер»«Тәртіптілер» «Мәдениеттілер»)
ІІ.Ескірмейтін есті сөз (ұлылардың сөздері)
ІІІ. Жалғасын тап ( Мақалдардың жалғасын табу)
IV.Шығармашылық жұмыс.(Әдепті бала – арлы бала)
V. Хаттар сырына үңілейік.
Сабақтың эпиграфы:
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан-дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». Чехов А.П.
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар
Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.
Біз тәрбие сағаттарымызды тәрбиенің 8 бағыты бойынша өтіп жатырмыз. Айтыңдаршы, қандай бағыттармен жұмыс жасап жатырмыз?
Оқушылар:
І. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
ІІ. Рухани – адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Отбасы тәрбиесі
IV. Өзін – өзі тану мен өзін – өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
V. Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
VI. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Мұғалім:
-Балалар, коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытын қалай түсінеміз? Тәрбиенің қандай тұстарын анықтайды?
- Тәртіп қағидасын анықтайды.
- Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуді дәріптейді. Әдепті болуға, ізетті, кішіпейіл болуға негіздейді.
- Сабақтан тыс уақытта көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландырады. Адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді.
Мұғалім: Ал, балалар, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ қағида. Енді сұрақтар қояйық.
1) Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
2) Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың?
3) Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?
Жауап:
1)Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.
2)Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.
3)Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік,ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.
1)Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалаймыз?
2)Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба?
3)Адам адамнан несімен ерекшеленеді?
Жауап:
1)Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалай білуіміз керек. Адамгершілікке барлық қасиеттер саяды. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет.
2)Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.
3)Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады.
Хаттар сырына үңілейік
Мұғалім: Балалар, мына біздің поштп жәшігімізге хаттар келіпті. Біреуін алып оқып көрейік.
Хатта былай делінген: - Құрметті достар! Мен жанұяда жалғыз баламын. Сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап еркелетеді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямайды. Барлық зат оңай келетіндіктен мен өмірге жеңіл қараймын. Бос уақыттарымды көше кезіп бұзақылық жасаймын. Ұрлық та жасаған кездерім болды. Бұның ақыры немен тынарын білмеймін. Ата-анам ешнәрседен хабарсыз. Егер білсе ше... Мені аямайды. Мен өмірден жалығып барамын.Ешнәрсе қызықсыз болып кеткен. Мен өмірімді қайтадан келтіру үшін не істерімді білмей жүрмін. Басым қатты. Достар, дұрыс жолға түсуге қандай ақыл-кеңес бересіңдер? Сендерден көмек күтемін. Сәлеммен Дарын.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады,ақыл-кеңестерін береді.
Қорытынды. –Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.
Балалар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болыңдар!
«Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ» КММ
«Қоғамдық тәртіп негіздері»
Аға тәлімгер: Абилова Б.Д
2022-2023 оқу жыл