ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 53
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| | ||||||||
Күні: | 21.12 | 21.12 | 24.02 | 19.12 | Оқытушы: Сырымбетова Жанна Калиевна | ||||
Топ: | АРЭ-211б | АРЭ-213б | SW-219b | IS-211b | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||
Сабақтың тақырыбы: | HTML тілінде графиканы қолдану | ||||||||
Оқыту мақсаттары: | HTML тілінде CSS-ті қолдану технологияларын білу. | ||||||||
Сабақтың мақсаттары: | HTML-де құжатқа суреттік графика орнатуды біледі Фондық суреттер кірістіру атрибуттарын анықтайды Атрибуттарды қолданып HTML тілінің құжатына графика орната алады | ||||||||
Тілдік мақсаттар: | Пәндік лексика мен терминология IMG, BODY, GIF, JPG, PNG, ALT, ALIGN, HEIGHT, WIDTH, VSPACE, HSPACE Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері топтамасы Веб-беттегі графика ... форматтарында енгізіледі. Сурет орнату атрибуттарын жазыңдар. | ||||||||
Құндылықтарды қалыптастыру: | Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау | ||||||||
Сабақ жоспары | |||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Бағалау | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу Шаттық шеңбері: «Көңіл күй таразысы» Сол жақта суретте бұлыңғыр күн, бұлт, жаңбыр. Оң жақта күннің көзі, бұлтсыз аспан. Оқушылар бір жақсы, бір көңілсіз сөздер айту арқылы таразының оңға ауытқуына жағдай жасайды. Сабаққа көңілді қатысады. Топқа біріктіру: «Смайлдер» әдісі Оқушылар үш түрлі көңілді смайлдер арқылы топтарға бірігеді. Өткен сабақты пысықтау: «Өкіл» әдісі Топтар өткен тақырып туралы постер жасайды. Топтың бір адамы елші болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына оралып, білгендерін айтып береді. ҚБ: Жұмыстарын ауызша мадақтау, ынталандыру «Миға шабуыл» әдісі
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін жұбымен бөліседі. ҚБ: Ауызша мадақтау, ынталандыру | | Презентация | ||||||
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма. «Қазақстан – көпэтносты мемлекет» тақырыбында веб-бет құрайық. Ол үшін интернеттен немесе басқа да көздерден елімізде өмір сүретін әртүрлі этнос өкілдерінің достығын бейнелейтін суреттерді орналастырайық. Дескриптор:_HTML-де_веб-бет_құруды_біледі._ҚБ:_Медальдар_арқылы_бағалау_2-тапсырма.'>Дескриптор: HTML-де веб-бет құруды біледі. ҚБ: Медальдар арқылы бағалау 2-тапсырма. HTML-де «Қазақстанның табиғаты» тақырыбында веб-бет жобасын ұсыныңдар. Дескриптор: HTML тілінің графикалық мүмкіндіктерін қолданып, веб-бет жобасын безендіре алады. ҚБ: Медальдар арқылы бағалау 3-тапсырма.
HTML тілінің графикалық мүмкіндіктерін қолданып, өз бетінше веб-бет жобасын жасай алады. ҚБ: Оқушылардың жұмыстары бағалау парағына балл қою арқылы бағаланады. Тест тапсырмасы ҚБ: Өздерін бағалайды «Бутерброд» әдісі Оқушылардың бір тобы тақырып туралы жағымды пікір, екінші тобы сын, үшінші тобы тағы да жағымды пікір айтады. | | Оқулық Слайд Бағалау парағы | ||||||
Сабақтың соңы | «Зымыран сұрақтар» Оқушылар қағазға үш сұрақтан жазып, ұшақ жасайды, 1 мин келесі топқа ұшырады. Ол топ жауаптарын айтады. ҚБ: Өздерін бағалайды Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі Оқушылар сабақтан алған әсерін басбармақтарын көрсету арқылы білдіреді. Үйге тапсырма: Өз хоббиі туралы веб бет жасау | | А4 парағы |
Оқытушы: Сырымбетова Ж.К.