Файл: Кні Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айналу денелерінің жазықтықпен қималары.

Оқу мақсаты

11.2.2 - цилиндрдің, конустың және шардың жазықтықпен қималарын кескіндеу;

Сабақ мақсаты

цилиндрдің, конустың және шардың жазықтықпен қималарын кескіндей алады;

есептер шығаруда қолдана алады.

Оқушылар:

- цилиндр, конус, сфера және олардың элементтерінің анықтамасын біледі;

- айналу денелерінің жазбаларын жасай біледі;

- айналу денелерінің жазықтықпен қимасын салады;

- шардың анықтамасын біледі;

- айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, сфера) элементтерін анықтайды;

- цилиндр мен конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолданады;

- сфера бетінің ауданын табады.


Сабақтың түрі

жаңа білімді енгізу сабағы

Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

  • Конустың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табады

  • Көпжақтар мен айналу денелерінің жазбасын жасай алады

  • Айналу денелері элементтеріне анықтама бере алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

- цилинр;

- конус;

- конустық бет;

- цилиндрлық бет;

- цилиндрдің жасаушысы;

- конустың жасаушысы;

- қиық конус;

- цилиндрдің бүйір/толық беті ;

- конустың бүйір/толық беті;

- цилиндрдің/ конустың айналу осі;

-цилиндрдің/конустың осьтік қимасы;

- айналу денелерінің жазбалары; 

- сфераның/шардың диаметрлік қимасы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- цилиндрдің жазбасы...болын табылады;

- конустың жазбасы .... болып табылады;

- цилиндрді ... айналу арқылы алуға болады;

- конусты ... айналу арқылы алуға болады;

- шарды ... айналу арқылы алуға болады;

- берілген жазық фигура, ... жазбасы болып табылады;

- ... осьтік қимасы ... болып табылады;

- ... өтетін жазықтыкпен ... кимасы ... болып табылады.

Құндылықтарды дарыту



Өздігінен ақпаратты талдай алу, жағдаяттарды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді анықтау және шешім қабылдау, топпен жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Жоғарыда айтылған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар бойынша іске асырылады.

Пән аралық байланыстар

физика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны көрнекі құрал және жазу құралы ретінде қолданады.

Бастапқы білім


көрсеткіштік теңдеулерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға

көңіл бөлу қажет

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар жұппен өзара үй тапсырмаларын тексереді. Қиындық туғызған жағдайда топта талдайды.




15 минут

10 минут

10 минут

Топпен жұмыс

Оқушыларды 3 топқа біріктіріңіз. Әрбір топқа таңдалған айналу денесі мен жазықтықтың өзара орналасуын зерттеуді ұсыныңыз.

1-топ үшін - цилиндр мен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру;

2-топ үшін - конус пен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру;

3-топ үшін - шар мен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру.

Топтарға А3 парағына кластер түрінде қорытынды жасап, өз жұмыстарын көрсетуді ұсыныңыз, ал қалғандарына қажет болған жағдайда жауаптарды толықтыруға мүмкіндік беріңіз.

Жалпы қорытынды жасап, дәптерге кесте түрінде тірек конспект жасауды сұраңыз.

Қима түрлері

Сурет

Сипаттамасы

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы




Цилиндрдің осінен өтетін жазықтықпен қимасы осьтік қима деп аталады.

Осьтік қима – тіктөртбұрыш, оның екі қабырғасы - цилиндр жасаушылары, ал басқа екі қабырғасы - оның табандарының диаметрі болып табылады.




Цилиндрдің осіне перпендикуляр жазықтықпен қимасы табанына тең шеңбер болып табылады.





Цилиндрдің осімен бұрыш жасап өтетін жазықтықпен қимасы эллипс болып табылады.




Цилиндрдің оның осіне параллель жазықтықпен қимасы - тіктөртбұрыш, оның екі қабырғасы -цилиндр жасаушылары, ал басқа екі қабырғасы - оның табандарының хордасы болып табылады.

Конустың жазықтықпен қимасы




Конустың осінен өтетін жазықтықпен қимасы конустың осьтік қимасы деп аталады.

Осьтік қима–теңбүйірлі үшбұрыш, оның бүйір қабырғалары-конус жасаушылары, ал табаны-оның табанының диаметрі болып табылады.




Конустың төбесінен және оның табанынан өтетін жазықтықпен қимасы

теңбүйірлі үшбұрыш, оның бүйір қабырғалары-конус жасаушылары, ал табаны-оның табанының хордасы болып табылады.




Конустың оның табанына параллель өтетін жазықтықпен қимасы–центрі конус осінде жататын дөңгелек болып табылады.




Конустың табан жазықтығына параллель емес қимасы–эллипс.







Конус қимасының басқа түрлері.

Шардың жазықтықпен қимасы




Шардың жазықтықпен қимасы дөңгелек болады. Бұл дөңгелектің центрі шардың центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.







Шардың центрі арқылы өтетін қима -үлкен дөңгелек (диаметрльды қима).



Сыныппен жұмыс ( Геометрия Гусев. 2007. 11 сынып)

  1. Конустың осьтік қимасы қабырғасы - ге тең дұрыс үшбұрыш. Араларындағы бұрышы - қа тең екі жасаушы арқылы жүргізілген қиманың ауданын табыңдар.

  2. Цилиндрдің биіктігі 8 см, табанының диаметрі 10 см. Цилиндрдің осінен 4 см қашықтықта оған параллель жүргізілген пен қиманың ауданын табыңдар.

Бағалау. Әр оқушы өзін- өзі тексереді.Мұғалімнен кері байланыс.

Жеке жұмыс

  1. Конустың биіктігі , бүйір бетінің жасаушысы мен биіктігінің арасындағы бұрышы - қа тең. Өзара перпендикуляр жасаушылар арқылы жүргізілген қиманың ауданын табыңдар

  2. Радиусы 2- ге тең шарға қима жүргізілген. Егер

  • Ол центрден 1- ге тең қашықтықта өтсе

  • Сферада жатқан қима нүктесіне жүргізілген радиуспен оның жазықтығы бұрыш жасаса, қиманың радиусы неге тең?

  1. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 8, табан ауданы 12. Оське параллель және ожан 1 м қашықтықта өтетін қиманың ауданын есептеңдер.

Бағалау. Смайликтер арқылы бағаланады. « Жарайсың», « Жаксы» , « Талпын»
Қосымша

Шардың радиусы 13- ке тең. Жазықтық шар центрінен 5- ке тең өтеді. Қимада пайда болған дөңгелектің радиусын, қиманың ауданын табыңдар.






Сабақтың соңы

2 мин

Сабақты қорытындылау. Рефлексия жүргізеді

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Үй жұмысы.

Таратпа материал

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгерудең кейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Қабілетіжоғарыоқушыларғажоғарғы деңгейтапсырмаларыұсынылады.

Оқушылардыңбір-бірінбағалауы. Қалыптастырушы бағалау сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау технологиялары.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?