ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Әйел құқығы. БЖБ
Бөлім: | 4-бөлім. Адам құқығы мен бостандығы. Синтаксис |
Педагогтің аты-жөні: | А.Т.Адуова |
Күні: | 15.12.2021 |
Сыныбы:9 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Әйел құқығы. БЖБ |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарды анықтайды. Көпшілік оқушылар үшін: Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді. Кейбір оқушылар үшін: Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беріп, түпнұсқамен салыстырады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады. | Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша екі топқа бірігеді. | | Тоқыма жіп |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сұрақтар: 1.Бала құқығы дегеніміз не? 2.Балалардың құқықтарын қалай қорғауға болады? | Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу.
| Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді. | 1-тапсырманы орындайды. Бала және жастар ұғымының аражігін ашу үшін пікір алмасады. Олардың құқықтық айырмашылығын түсіндіреді. | Дескриптор: -Екі ұғымның аражігін ажыратады. -Ойларын ортаға салады. Жалпы-5 балл | Оқулық, жұмыс дәптерлері. |
Жеке жұмыс | №2-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді. | Үнтаспадан 12-аудиомәтінді тыңдайды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. 1.Мәтіндегі екі кейіпкер еңбек жолдарын қалай бастады? 2.Сыртта жүрген Төрехан өмірден қандай сабақ алды? 3.Ата-анасының жанында болса да, Меруерт неге машықтанды? 4.Екі кейіпкердің мақсатқа жетуінің кепілі неде? | Дескриптор: -Аудиомәтінді тыңдайды. -Сұрақтарға жауап береді. Жалпы-5 балл | Оқулық, жұмыс дәптерлері. |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б. | Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. | |