Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 79

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

«Ақбота» бөбекжай - балабақшасының

меңгеруші: Г.М.Тусипбаева

«_____» _______________ 2022 жыл

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы



Қыркүйек айы 2022жыл 1 апта



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі


Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі

01.09.2022

Жұма

02.09.2022

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру(сөйлеуді дамыту).


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың бала бақшаға жылдам бейімделу жағдайларын талқылау.

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында өзі таңдаған ойыншықтармен еркін ойындарды ұйымдастыру,

Дидактикалық ойындарға «Жапырақтар», саусақ ойыны «Қуырмаш» және үстел үсті ойындарын ойнауға жұмылдыру,белсенділігін арттыру. Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, сурет албомдарын қарауына ықпал жасау.Табиғат бұрышындағы тірі табиғат нысандарын бақылау. (Балалармен жеке жұмыс).


Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету


Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу (музыка)

Балалар қандай ойындар ойнағысы келетінін айтуын қалыптастыру.

«Менің тобым» тақырыбында жеке әңгімелер. Сөзді тыңдай білуге, ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту, қарапайым Кім? Не? Не істейді? сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау және т. б. (сөйлеуді дамыту)


Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер










Дене шынықтыру

Дене шынықтыру










Бірнеше пласмас шарды топқа алып келу. Балаларға не екенін атату, түсін атату. Әр балаға таратып беріп еркін ойындар ұйымдастыру.

(сенсорика)

Шармен көңілді би ұйымдастыру, ән айту. (музыка)

Балалардың қалауы бойынша кітаптар қарау, қол қимылын дамытуға арналған ойыншықтармен ойындар ұйымдастыру.

(сөйлеуді дамыту, сенсорика)

Балаларға әдемі гүлді көрсету, оны танып атату, гүлді

бір біріне беріп өз есімдерін атауға үйрету. (сөйлеуді дамыту)

Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу (музыка)

Серуенге дайындық

Көрсету бойынша киімдерін киюді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіруді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындауды жетілдіру. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен










Ауа райның ерекшеліктерін байқау. Жаңбыр, жел, күз сөздерін сөздік қорына қосу.

(Сөйлеуді дамыту)
Балалардың дербес әрекеті.

Қимылды ойын: Поезд



Ағаштардан түскен жапырақтарға назар аударту. Себетті жапырақтармен толтырамыз ойынын ойнату.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Ағаштардан түскен бұталарды жинап әр түрлі құрылымдар құрастыру.

(Құрастыру)

Балалардың дербес әрекеті.

Қимылды ойын: «Ұшақтар»


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай педагогтің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. (дербес қимыл әрекеті).

Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелге қойылған ыдыстар мен заттарды таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)


Күндізгі ұйқы

Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)



Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, асты тауысып жеуге дағдыландыру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)










Шар салуды тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді үйрету.

(сурет салу)

Ермексазды алақан арасына салып есу арқылы шар жасату.

(мүсіндеу)

Фланелеграфқа топтағы шарлармпен түстес шарларды жапсырту.

Қалаулары бойынша шығармашылықпен айналысуларына жағдай жасау. Балалардың еркіттенуін дамыту.

(Сурет салу)

(Мүсіндеу)

(Жапсыру)


Балалармен жеке жұмыс










Балаларды балабақшамен таныстыру

Балаларға балабақша режимін қалыптастыруды дағдыландыру

Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше немесе ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен










Доппен ойындар.



Қимылды ойын: «Құстың қауырсыны кімге барады»


Балалардың үйге қайтуы










Балаға қойылатын сұрақтар туралы кеңес беру.

Балалардың күн соңындағы көніл күйін талқылау


Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы



Қыркүйек айы 2022жыл 2 апта


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

5.09.2022

Сейсенбі

6.09.2022

Сәрсенбі

7.09.2022

Бейсенбі

08.09.2022

Жұма

09.09.2022

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру(сөйлеуді дамыту).

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың бала бақшаға жылдам бейімделу жағдайларын талқылау.

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,

«Жапырақтар»,саусақ ойыны «Қуырмаш» «Бір сөзбен ата» дидактикалық ойындарға қатысу белсенділігін арттыру

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, ойыншықтарды топтастыру іс ірекеттерді жасауына жағдай жасау

Табиғат бұрышындағы тірі табиғат нысандарын бақылау барысында баланың сөйлеуін дамыту. (Балармен жеке жұмыс)

Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдарын орындауды пысықтау: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу (музыка)

Балалар қандай ойындар ойнағысы келетінін айтуын қалыптастыру.«Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбында жеке әңгімелер. Сөзді тыңдай білуге, ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту, қарапайым Кім? Не? Не істейді? сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдауы және т. б. (сөйлеуді дамыту)


Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер




Музыка

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Қоян қонаққа келеді. Өзімен көп достарын ертіп алып келіпті. Қараңдаршы қоянның достарын танисыңдар ма? Жануарларды атау. Топта осындай ойыншықтар бар ма сұрау. Ойыншықтарды ұстап, атттарын атауын дағдыландыру.

(көркем әдебиет)

Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Бірдей жануарларды топтастырып ойнату.

(Сенсорика)


Бір біріміздің артымызға тұрып, поезд болып жүреміз топ бөлмнсінде серуен жасау. Топты аралатып, топтағы заттарды көрсету және атау. Оларды атап, не үшін қолданылатынын түсіндіру.

Топтағы заттарды

балаларға қолдануға беру. Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, сенсорика)

балаларға ойыншықтарды текшелердің немесе үстел үстіндегі жазықтықта әр түрлі жағдайда орналасуын көрсетіп қайталап орындауын қалыптастыру(жатыр, тұр)

(құрастыру)


Топқа мысық пен күшік келеді. Балалардан қонаққа кім келгенін сұрау. Олардың да мысық пен күшігі бар ма сұрау. Жеке балалардан әңгімелеп беруін сұрау.

(сөйлеуді дамыту)

Мысық пен күшіктің дене бөліктерін (ажыратып және атай білуін пысықтау.

(Қоршаған ортамен таныстыру)
Фланелеграфқа мысық пен күшікті топтастырып жапсыру.

(жапсыру)

Топқа кір қожалақ қуыршақ көмек сұрап келеді. Балалар қуыршаққа қалай көмектесеміз деп балалардың бастамасы бойынша іс әрекет жасауды қуыршақты жуындыруды

ауызша нұсқау жасаумен үйрету

(сенсорика)

Қуыршақтың сүйікті ойыншығы доп екен. Бізде доппен ойнай аламыз, қане доппен ойындар ойнап көрсетейік. Қимылды ойын «Жүгіріп қағып ал» (дене шынықтыру)


Балалар бізге тамақ әкеліп, бізді күтіп қарайтын апайымыздың есімі кім? Ол бізге қалай қамқорлық тарытады. Біз апайымызға қалай қамқорлық таныта аламыз. Балаларды байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. (сөйлеуді дамыту)

Апайымызбен бірге кітаптар қарайық. Кітаптан көргенімізді апайымызға айтып берейік.

(көркем әдебиет)


Серуенге дайындық

Қуыршағымызды серуенге шығарайық деп көрсету бойынша киімдерін киеді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындау дағдасын пысықтау. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Қимылды ойын

«Шарды ұста»
Балалардың дербес әрекеті.

Жеке балалармен тақпақты жаттау.

Бала, бала, баламыз. 
Бақшамызға барамыз. 
Күні бойы қызыққа, 
Батамыз да қаламыз. 

(көркем әдебиет)

Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсу, ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқаруды үйрету

Серуенге ойыншық жануарларды алып шығу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атау дағдысын дамыту, үйрету

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Ағаштарды бақылау, жел тұрғанда жапырақтарының қимылына назар аударту.
Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»


Жапырақтар теру, құмыраға салу дағдысын дамыту
Балалардың дербес әрекеті, еркін ойындары
Қимылды ойын

«Шарды ұста»


Қуыршақпен көңілді ән айтып, би билету.

Ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айтуды қалыптастыру.

(музыка)

Ауа райның ерекшеліктерін байқау. Жаңбыр, жел, күз сөздерін сөздік қорына қосу.

(Сөйлеуді дамыту)

Балалардың дербес әрекеті.

Қимылды ойын: «Поезд»


Серуенде бірге жүріп табиғатты бақылауды үйрету.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Құрылыс материалдарынан өзіміз отыратын орындықтар құрастырып алайық деп құрастыру әдістерін үйрету

(Құрастыру)
Балалардың дербес әрекеті.

Қимылды ойын: «Өз орындығыңды тап»


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай педагогтің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. (дербес қимыл әрекеті).

Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Күндізгі ұйқы

Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әдебиет)

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).

Бесін ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, асты тауысып жеуге дағдыландыру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Достарымызбен бір қатарға тұрайық, бір біріміздің киімімізден ұстап поезд болып жүрейік.

(дене шынықтыру)

Көңілді музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау

(музыка)

Балалардың қалауы бойынша дамытушы орталықтарда дербес әрекеттер.

Дайын жапсыру пішіндерінің ішінен жануарлардың бейнелерін табу, фланелеграфқа жапсыру.

(Жапсыру)

балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту.

түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді сызықтарды парақ бетінде салуын үйрету

(сурет салу)

Балалардың қалауы бойынша орталықтарға бөлініп, еркін тақырыпта сурет салу, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру. Ермексазды алақан арасына алып мыжу дағдысын дамыту.

Фланелеграф тақтасына доптарды, шарларды жапсыру.

(Сурет салу)

(Мүсіндеу)

(Жапсыру)



Дамытушы орталықтарда балалрдың бастамасымен құрылыс материалдарынан құрастыру ойындары, парақ бетінде бейнені орналастыру әрекеті және ермексазды дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру

(Құрыстыру, сурет салу, мүсіндеу)


Қағаз беріп доп салуды тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді үйрету.

(сурет салу)


«Артығын тап» ойынын ұйымдастырып саусақ қимылын дамыту

(сенсорика)

Қандай сурет сала алатынымзды көрсетейік. Қалаулары бойынша шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау. Балалардың еркін әрекетін дамыту.

(Сурет салу)

(Мүсіндеу)

(Жапсыру)


Балалармен жеке жұмыс

Батырхан, Ақарыс, Айаруға сенсориканың ұғымын қалыптастыру арқылы «Биік - аласаны» білуге үйрету.

Ертегі: «Жеті лақ» сахналау

Қ/о: «Торғайлар»

Заңғарға бата жаттату тіл дамыту үшін

Д/о: «Көліктер қандай түсті?»

Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Балалардың қалауы бойынша ойыншықтарды алып, шығу олармен

еркін ойындарда баланың дербес әрекетін дамыту

Қимылды ойын

«Шарды ұста»


Жеке балалармен тақпақты жаттау.

Бала, бала, баламыз. 
Бақшамызға барамыз. 
Күні бойы қызыққа, 
Батамыз да қаламыз. 

(көркем әдебиет)
Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»


Мысықтың және күшіктің дауысын салу арқылы сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»


Доппен ойындар.

Жеке балалармен тақпақты жаттауды жетілдіру

Бала, бала, баламыз. 
Бақшамызға барамыз. 
Күні бойы қызыққа, 
Батамыз да қаламыз. 

(көркем әдебиет)


Қимылды ойын: «Құстың қауырсыны кімге барады»


Балалардың үйге қайтуы

Балалардың сүйіктігі ойыншығы туралы әңгімелесу.

Топқа ойыншық алмасу сөресін жасауды ақылдасу

Табиғи материалдармен ойын ойнауды ұсыну

Үйде доппен ойнауды ұсыну.

Апта бойғы жұмыстар бойынша ақпарат беру.




Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы



Қыркүйек айы 2022жыл 3 апта




Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

12.09.2022

Сейсенбі

13.09.2022

Сәрсенбі

14.09.2022

Бейсенбі

15.09.2022

Жұма

16.09.2022

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру(сөйлеуді дамыту).


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың бала бақшаға жылдам бейімделу жағдайларын талқылау.

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру,

Үстел үсті ойыны «Ұқсасын тап», Дидактикалық ойын «Дәл осындайды тауып ал», «Анасын тап»

Саусақ ойыны «Биші адамдар», Суретпен әңгіме:«Салыстыр да, атын ата»

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, ойыншықтарды топтастыру, кітаптарды қарау,

Табиғат бұрышындағы тірі табиғат нысандарын бақылау. Балалармен жеке жұмыс.


Таңертенгі жаттығу

Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету


Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Көңілді муызка қою. Қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу (музыка)

Балалар қандай ойындар ойнағысы келетінін айтуын қалыптастыру.

«Менің отбасым» тақырыбында жеке әңгімелер. Сөзді тыңдай білуге, ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту, қарапайым Кім? Не? Не істейді? сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау және т. б. (сөйлеуді дамыту)


Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер




Музыка

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Отбасы суретін көрсету.

-Суреттегі отбасы мүшелерін ата?

-суреттегі отбасы мүшелерінің не істеп отырғандығы жайлы әңгімелеп беруін ұйымдастырып сөйлеу дағдысын,сөз қорын кеңейтіп дамыту.

(сөйлеуді дамыту)

«Отбасы» рөлдік ойындарын ойнаумен.

Қуыршаққа күтім жасау, әлдилеу, ән айту дағдысын қалыптастыру

(көркем әдебиет, музыка)


Отбасы мүшелерінің суреттерін көрсітіп, әр бір мүшені атап, есімдерін атау дағдысын қалыптастыру

(сөйлеуді дамыту)

Балалардың қалауы бойынша әженің кәмпиттері тақырыбында домалақтар сурет салу, ермексаздан дөңгелек мүсін жасау, жапсыру жұмыстарын орындау дағдысын жетілдіру (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)
Құрастыру материалдарынан үйшік құрастыруды дамыту. (құрастыру)

Отбасы бейнеленген кітаптар қарау. Тек адамдардың емес, жануарлардың отбасы мүшелерін қарау негізінде дұрыс сөйлеуін дамыту

(сөйлеуді дамыту)

Мысық пен күшік ойнайтын допты ермексаздан мүсіндеуді пысықтау.

(мүсіндеу)
Жануарлар отбасына үйшік құрастыруды пысықтау.

(құрастыру)

Үстел үсті театры арқылы «Шалқан» ертегісін тыңдап, айтып берумен эмоциалды қабылдауды үйрету.
(көркем әдебиет)

ертегі кейіпкерлерін тану, көрсетіп атату. Не істеді сұрағына жауап беруді үйрету.

(сөйлеуді дамыту)
Көңілді музыка қойып балалардың қарапайым би қимылдарын жасау: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелуін жетілдіру

(музыка)

Ата мен әжелерінің суреттін қарау. Олар туралы не білетіндерін айтқызу мен сөйлеуін дамыту

«Бес саусақ» өлеңін қайталап айтуға талпындыру

Бас бармағым – атам, үйдің данасы

Балан үйрек - әжем, ошақ анасы

Ортан терек - әкем, отау панасы

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуенге дайындық

Көрсету бойынша киімдерін киеді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Отбасымен тұратын үйшікті бормен салуды пысықтау. (сурет салу)

Күз мезгілінің ерекшеліктеріне назар аударту. Жел соғып тұр, далада салқын секілді сипаттарды атауын қалыптастыру

(қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар


Нешеуміз? тақпағын жаттауға талпындыру

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым –әкем

Балалы үйрек-анам.

Ортан терек –ағам

Шылдыр шүмек –мен,

Кішкене бӛбек –сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

І.Шұғаев

(көркем әбедиет)

Жел қалай соғады.

Жапырақтардың тербелгенін көрсету. (қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар, жеке жұмыстар

аулада тазалық жұмыстарын ұйымдастырып балаларды жапырақтар теруге қатыстырып енбектенуге үйрету.

(қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар.
Қимылды ойын:

«Нысанға қарай жүгір»

Қимылды ойын: «Поезд» поезда бара жатқанда

желді бақылау. Аялдамаларда жапырақтардың қай ағаштар түскенін табу атау дағдысын дамыту. (қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар

Бақша ауласындағы ағаштар мен гүлдерді бақылау. Түстерін атау.

(қоршаған ортамен таныстыру)
Ағаштардың түскен бұтақтарын жапырақтарын жинап, шелекке салу

(сенсорика)
Еркін ойындар


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай педагогтің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір , мөлдір суға қолыңды жу»

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)


Күндізгі ұйқы

Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)



Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түйіршекті және жұмсақ жолақшалармен жүруді дағдыландыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, асты тауысып жеуге дағдыландыру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Балалардың қалауы бойынша дамытушы орталықтарда еркін іс әрекеттер.

Отбасы мүшелерін қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету (жапсыру)

ермексазды

дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру, доп жасау (мүсіндеу)

доп салуды пысықтау (сурет салу)


Тақпақтарын қайталау. Би үйрену. (көркем әдебиет, музыка)
Көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі ойыншықтарды топтастыру (сенсорика)

Өнер орталықтарында еркін іс әрекеттер



(көркем әдебиет)

Балалардың қалауы бойынша еркін тақырыпта кітіптардан сурет қарау сұрақтарға жауап беруін дамыту

Еркін іс әрекеттер
Сенсорлық ойындар, кітаптардан шалқан ертегісінің суреттерін фланелеграфқа ертегі кейіпкерлерін ретімен жапсыру.

(сенсорика, жапсыру)

Балалардың қалауы бойынша әжелерге арнап моншақтың суретін салу.
Түрлі түсті ермексаздан моншақ (дөңгелек) жасау.

Фланелеграфқа моншақ бөлшектерін жапсырып, моншақ тізу.

(сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)
Еркін іс әрекеттер

Балалармен жеке жұмыс

Қ/о: «Төгілген жіптерді жылдам жина»


Ертегі: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»

Бақдаәулет пен Айсағымға шығармашылығын арттыру үшін күннің суретін салғызу

Қ/о: «Нысанаға қарай жүгір»

Балаларға бой сергіту өлеңдерін үйрету

Серуенге дайындық

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Қ/о «Шеңберге тез тұр»Еркін ойындар

Жеке әңгімелесулерде баланың сөйлеу дағдысын жетілдіру


Кешкі табиғаттың ерекшеліктерін атау. «Кун тун» ойынын ойнату арқылы уақыт бағдарлау дағдысын қалыптастыру.

Қ/О «Поезд»


Қол қимылын дамытуға арналған ойыншықтармен ойындар (сенсорика)
Қ/о «Шеңберге тез тұр»

Қ/о «Күн мен жаңбыр»
Бүгінгі күннің ерекше сәттері жайында әңгімелесу

Қ/О :«Құстардың ұшып келуі»

Еркін ойындар.


Балалардың үйге қайтуы

Отбасылық сурет беріп жіберуін сұрау.

Отбасында қандай ойындар ойнауға болады кеңес беру.

Отбасындағы баланың рөлі туралы сұрау.

Ата әжесінің суреттерін беріп жіберуін өтіну

Іс шарадан алған әсерлерін сұрау.