ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7-сынып
V бөлім. Экономикалық география
5.1 Табиғи ресурстар Сабақтың тақырыбы: Табиғи ресурстардың жіктелуі
7.5.1.1 -табиғи ресурстарды жіктейді; 7.5.1.2 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды
7.5.1.3. табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді.
Сабақ мақсаты
Табиғи ресурстардың жіктелуі, негізгі кен орындары туралы біледі,оларды картадан көрсетеді.
-Табиғи ресурстарды игерумен байланысты туындаған мәселелерді шешу бойынша топ ішінде жұмыс істей алады.
Логикалық ойлау, ұзақ уақыт есте сақтау қабілеттерін, ой-өрісін дамытуға ықпал етеді, сөздік қорын молатады, жүйелеп сөйлеуге дағдыланады.
- Табиғатты қорғау, топта жұмыс істеу, өзгенің пікірін құрметтеуге үйренеді.
Бағалау критерийі
Табиғи ресурстарды жіктелуін біледі.
Негізгі кен орындарды картадан анықтайды, көрсете біледі.
Жергілікті жердің табиғи ресурстарының компоненттерін анықтайды.
Қызығушылықты ояту кезеңі. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламыз.
Суреттерге қатысты қойылатын сұрақтар:
Суреттерден нені көріп тұрмыз?
Барлық суреттерге ортақ қандай тақырып болуы мүмкін?
Тақырыпты ашқаннан кейін сабақтың оқу мақсатын білім алушылармен бірге түсіндіреміз.
Миға шабуыл:
Табиғат байлығы дегеніміз не?
Табиғат байлығының қандай түрлері бар?
Табиғи жағдайлар – шаруашылықтың және адамның өмір сүру жағдайының даму мүмкіндіктеріне ықпал ететін географиялық орта компоненттерінің жиынтығы.
Табиғи ресурстар – қоғам мен қоғамдық өндірістің түрлі қажеттілігін қанағаттандыру үшін, өндірістік күштерді дамытудың осы деңгейінде қолданылатын табиғат элементтері, табиғаттың маңызды компонеттері мен табиғат жағдайларының бір бөлігі.
Табиғи ресурстар
Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.
Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы жатады.
Қандай табиғат ресурстарын білеміз? Әр қайсымыз бір мысалдан келтіреміз
Жеке жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі
1 | Сарқылатын | |
2 | Сарқылмайтын | |
3 | Қалпына келетін | |
4 | қалпына келмейтін |
Су энергиясы, жел энергиясы, топырақ, су, өсімдік, пайдалы қазбалар
Сергіту сәті: «Кеңістікті бағдарла»
«Мағынаны таны» әдісі. Жұптық жұмыс:
Білім алушылар тақтада ілулі тұрған суреттерді таңдап алу арқылы төмендегі критерийлер бойынша жұмыс жасайды:
Ресурстың аты;
Жаратылысы бойынша қай топқа кіреді?
Өндірілетін жері (ірі бассейндері);
Қолданылуы (қай салада);
Картадан таралу аймақтарын анықтап жазу;
Таралу аймақтарын кескін картаға түсіру
Қазақстанның қазба байлықтары
Қазақстан жер қойнауында Менделеев таблицасындағы 105 элементтің 99 табылып, 70-нің қоры зерттелініп, өндіріске соның 60 элементі тартылған.
Жер қойнауында Менделеев таблицасындағы барлық элементтер - бериллий, висмут, кадмий, мыс, алтын, қорғасын және мырыш, магний, вольфрам және молибден, күміс, титан және уран т.б. кездеседі.
Сонымен қатар көмір, мұнай және табиғи газ зор қорына ие болып, барит, фосфорит сияқты өнеркәсіптік минералдар, хромит және асбестке де бай.
Қазақстан минералдық ресурстарға бай.
Қазақстан дүние жүзінің елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында,
хромит, күміс және цинк бойынша екінші,
марганец және молибден үшінші,
мыс төртінші,
уран бесінші,
алтын алтыншы,
темір кені жетінші,
қалайы мен никель сегізінші,
көмір мен табиғи газ тоғызыншы,
мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
13
1
2
3
4
5
6
7
8
9
13
Қорғасын, барий
Хромит, күміс, цинк
Марганец, Молибден
Мыс
Уран
Алтын
Темір кені
Қалайы, никель
Көмір, табиғи газ
Мұнай
Үй тапсырмасы:
Кескін картаға пайдалы қазбаларды түсіру 163 беттегі Білу мен түсінудің сұрақтарына жауап беру | Аскербекова А Жумашева А. Рахымбек Д. |
Оқулықтағы 162 беттегі сызбанұсқаны сызып алу. Кескін картаға пайдалы қазбаларды түсіру | Батырбеков М. Тиышбеков Б. Санмұратов А. |
161 беттегі сызбанұсқаны сызу. | Қанатұлы Б. Рахметолла Н. |