Файл: Логикалы 100 есеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 55

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

56. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша? Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия
57. Тақ цифрлардың көмегімен жазылған қанша екі таңбалы сан бар? Жауабы:1,3,5,7,9 цифрлары арқылы 20 сан
58. Үш метрлік 60 бөренелерді жарты метрден кесу керек болса, оларды неше рет кесу керек? Шешімі: 3/0,5=6 бөлік 6 бөлікті алу үшін бөренені 5 рет кесеміз. 60*5=300 рет
59. Үйдің 1-ші қабатынан 3-ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақты басып өту керек. Осы үйдің 1-ші қабатынан 6-шы қабатына көтерілі үшін қанша баспалдақты басып өту керек? Шешімі: 52:2=26 26+26+26+52=130 б
60. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? Жауабы: 53
61. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде? Жауабы: 36;12 
62. Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады? Шешімі: 5*3=15
63. Дүкенде 4 әртүрлі қасық, 5 әртүрлі кесе, 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке, 1 қасық және 1 кесені сатып алуға болады? Шешімі: 4*5*3=60
64. Ғажайып елде А,Б,В деген 3 қала бар. А қаласынан Б қаласына 6 жол, ал Б қаласынан В қаласына 4 жол апарады. Неше тәсілмен А қаласынан В қаласына жетуге болады? Шешімі: 6*4=24
65.Тиынды 3 рет лақтырады. Оның тізбектелген әртүрлі цифр және елтаңба жағы қанша рет түседі? Жауабы: 23
66. 1 кг, 2 кг, 3 кг, ....., 53 кг, 54 кг гиртастарын салмақтары бірдей болатын үш үйіндіге бөл. Шешімі: Гаусс әдісі: 1+2+3+...+52+53+54=27*55=1485 1485/3=495
67. 1 кг, 2 кг, 3 кг, ....., 53 кг, 54 кг, 55 кг гиртастарын салмақтары бірдей болатын бес үйіндіге бөл. Шешімі: 27*56+28=1540 1540:5=308кг (5 үйінді)
68. 555555 саны 3 пен 5-ке бөлінеді ме? Шешімі: бөлінеді, себебі: 1)5-ке аяқталады – 5-ке бөлінеді, 2)цифрларының қосындысы 3-ке бөлінеді – 3-ке бөлінеді
69. Бір елде 20 қала бар. Оның әрқайсысы бір-бірімен ауебайланыста жұмыс жасайды. Бұл елде неше әуебайланыс бар? Шешімі:19+18+17+....+3+2+1=190
70. Поштада 5 әртүрлі конверт және 4 әртүрлі марка сатылады. Неше тәсілмен 1 конверт пен 1 марка сатып алуға болады? Шешімі: 5*4=20
71.Егер кез келген хатты кез келген курьерге бере алатын болсақ, әртүрлі 6 хатты 3 курьер арқылы поштаға неше тәсілмен жіберуге болады? Шешімі:3*3*3*3*3*3=729
72.Тақтада 7 зат есім, 5 етістік, 2 сын есім жазылып тұр. Сөйлем құрау үшін әр сөз табынан бір сөзден алу керек. Мұны неше тәслмен жүзеге асыруға болады? Шешімі: 7*5*2=70
73.10 оқушы олимпиадада 35 есеп шығарды. Олардың арасында тек бір есеп, тек екі есеп, тек үш есеп шығарған оқушылар бар. Солардың ішінде бес есеп шығарған оқушы бар екенін дәлелдеңіз. Шешімі: Дирихле принципі: Егер n клеткаға n+1 қоян отырғызсақ, бір клеткада кем дегенде 2 қоян бар болады. 1. қоян рөлі 2. клетка рөлі 3. отырғызу реті 4. жауабы 1+2+3=6 35-6=29 (есеп) 10-3=7 (оқушы) 1. есептер саны 2. оқушылар саны 3. шығарған есептер санына қарай 4. a=bc+r 29=7*4+1

74. 5 жас мамандардың барлығына жалақыға 1500 тг берілді. Олар ақшаны бөліп, әрқайсы өзіне 320 тг тұратын кітап сатып алғысы келеді. Біреуінің сатып ала алмайтынын дәлелдеңіз. Шешімі: 1500/320=4 1. мамандар саны 2. кітаптар саны 3. кітаптардың санына қарай 4. 1500=320*4+220
75. Дөңгелек үстел басында 100 адам отыр. Ер адамдар әйел адамдардан артық. Дөңгелек бойымен бір-біріне қарама-қарсы отырған екі адамның ер адам екендігін дәлелдеңіз. Шешімі: 1. адам саны 2. 50 жұп 3. жұптары бойынша отырғызу 4. ер адам көп болғасын 1 клеткада 2 ер адам отырады.
76. Отырған бес адамның ішінде таныс саны бірдей 2-ден кем емес адамдар бар екенін дәлелдеңіз. Шешімі: 1. адамдар саны 2. таныс саны (0, 1, 2, 3, 4) 3. бірдей таныс санына қарай 4. 2-ден кем емес танысы бар адамдар бар.
77. Сыныптағы 43 оқушының дәптерлерінің түстері 6 түсті. Солардың ішінде бірдей түсті дәптерлері бар 8 оқушы табылатынын дәлелдеңіз. Шешімі: 1. оқушылар 2. түстер саны 3. түсіне қарай 4. 43=7*6+1 7+1=8 13 
78.Екі жас коллекционердің әрқайсында 20 маркадан және 10 значоктан бар. Бір маркаға бір марка, бір значокқа бір значок беруді олар шынайы айырбас деп атайды. Онда екі коллекционер бір-бірімен неше тәсілмен шынайы айырбас жасай алады? Шешімі: 20*20=400 10*10=100 400+100=500
79.Сөреде 5 кітап тұр. Жинақ – бір немес бірнеше кітаптардан тұра алатын болса, кітаптарды неше тәсілмен жинақтарға бөлуге болады? Шешімі:5+5*4+5*4*3+5*4*3*2+5*4*3*2*1=325
80.Неше тәсілмен 14 адамды жұпқа бөлуге болады? Шешімі: (1;13) бұл бір жұпты алған соң, 12 адам қалды. (1;11) екінші жұпты алған соң, 10 адам қалды. ......... 13*11*9*7*5*3*1=135 135
81. Қатар тұрған үш натурал сандардың көбе»тіндісі 6-ға бөлінетінін дәлелдеңіз. Шешімі: Бұл үш сан арасында 2-ге және 3-ке бөлінетін сан бар. Демек, үшеуінің көбейтіндісі 6-ға бөлінеді. Мысалы: 11, 12, 13 немесе 14, 15, 16 т.б.
82. 15 бала 100 жаңғақ терді. Ішінде 2 баланың терген жаңғақтар санының тең екендігін дәлелдеңіз. Шешімі: (Кері жору) Әрқайсының терген жаңғақ саны әртүрлі деп алайық. Онда 0+1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12+13+14=105 Ал бізде жаңғақ саны – 100. Бұл есепке қайшы келеді. Демек, кем дегенде екі баоа бірдей жаңғақ тергені дәлелденді.
83. Марал 96 парақты қалың дәптер сатып алып, оның әрбір бетін 1-ден 192-ге дейін рет-ретімен түгелдей нөмірлеп шықты. Марал қалың дәптердің арасынан 25 парақты жыртып алды және сол парақтар беттерінде жазылған 50 санды бір-біріне қосты. Осы сандардың қосындысы 1990-ға тең болуы мүмкін бе? Шешімі: Жоқ. 25 парақ – 50 бет – 50 сан Жұп – ж Тақ – т ж + т = т, т + ж = т жт жт жт .... жт тж тж тж .... тж Мұндай жұптар бізде 25. Ал 25 тақ сандарды қоссақ, тақ сан шығуы керек. Ал 1990 – жұп сан. 14


84. Ең алғашқы 36 жай сандардан маниялық квадрат құрастыруға бола ма? Шешімі: Жоқ, оның арасында 2 саны бар. Егер квадрат құрсақ, 2 тұрған жолдың және бағандағы сандардың қосындысы тақ болады., ал қалған жолдар мен бағандардағы сандардың қосындысы жұп болады. Ж 2 Т Ж Ж Ж т ж Ж ж ж ж
85. Шахмат тақтасын 1*2 доминосымен а1 және һ8 клеткалары ғана бос қалатындай етіп жабуға болады ма? Шешімі: Жоқ. қ – қара клетка, а – ақ клетка Егер а1 және һ8 клеткаларын алып тастасақ, онда екі қара клетканы алып тастаймыз. Ал домино шахмат тақтасында бір қара, бір ақ клетканы жабады. Егер екі қара клетканы алып тастасақ, қара клеткалар ақ клеткалардан аз болады. Сондықтан домино шахмат тақтасын жаба алмайды. қ 8 а 7 қ 6 а 5 қ 4 а 3 қ 2 қ а қ а қ а қ а 1 a b c d e f g h
86. Ауылда 100 адам тұрады. Әр күн сайын олар үш-үштен ауылды күзетуге шығады. Біраз уақыт өткен соң, олар бір-бірімен бір рет ғана күзетке шыққан болуы мүмкін бе? Шешімі: Жоқ. Бір адамды алсақ ол екі адаммен күзетке шығады. Онда қалғандарын жұптарға бөлейік: (1+1) – жұптар саны - 49. 1+ (1+1) + (1+1)+ (1+1)+ (1+1)+...+ (1+1)+ (1+1)+1=100 Бір адам 49жұппен күзетке кезек-кезек шығады, сонда 1 адам артық қалады. Ол адаммен күзетке шығу үшін үшінші бір адам керек. Оны 49 жұптың арасынан ғана ала аламыз. 49 жұптың арасынан бір адамды алсақ, онда ол күзетке екінші рет шығатын болады. 15 
87. Дөңгелек бойына тоғыз сан жазылған: төрт рет 1 саны және бес рет 0 саны жазылды. Әр секунд сайын бұл сандарға мынадай операциялар қолданылады: -әрбір көрші тұрған сандар әртүрлі болса, олардың арасына 0 саны қойылады. -әрбір көрші тұрған сандар бірдей болса, арасына 1 саны жазылады. Сосын бұрынғы жазылған сандарды өшіріп тасталынады. Біраз уақыт өткен соң, дөңгелек бойындағы сандар бірдей болуы мүмкін бе? Шешімі: Жоқ. Себебі, бірдей сандарды алу үшін 1 мен 0 сандары кезектесуі керек. Ал бұл есеп шарты бойынша мүмкін емес.
88. Қорапта 101 тиын бар. Оның ішінде 50 тиын жалған және олар шынай тиындардан салмағы бойынша 1 граммға ғана айырмашылығы бар (артық немесе кем екені белгісіз). Алмат бір тиынды алып, табақты таразыны бір рет ғана қолданып, оның жалған немесе шынайы тиын екенін білгісі келеді? Алмат тиынның қандай екенін біле ала ма? Шешімі: Ия. Алмат ол тиынды 101 тиын арасынан алып тастаса, 100 тиын қалады. 100 тиынды 50-ден екіге бөліп, табақты таразының екі жағына салғанда олардың салмақтарының айрмашылығы: - жұп санға айырмашылық болса, онда Алматтың алып тастаған тиыны - шынайы, - тақ санға айырмашылық болса, онда Алматтың алып тастаған тиыны – жалған.

89. Үш шегіртке түзу сызық бойында чехарда ойынын ойнап жатыр. Ойын шарты бойынша біреуі екіншісінің үстінен секіреді, бірақ қатарынан екеуінің үстінен секіре алмайды. 1991 рет секірістен кейін олар бастапқы орындарына орала ала ма? Шешімі: Жоқ. Үш шеіртке – А, В, С. АВС АСВ ВСА ВАС САВ СВА Секіру – ауысу 1) жалпы саны – тақ 2) әр түрінің саны тең емес 3) ауысу саны – жұп Демек, секіру саны жұп сан болу керек. Ал 1991 – тақ сан.
90. Есептеңіз. Жауабы: 5/3 2010 + 2010 + 2010 + 2010 + 2010 2010 + 2010 + 2010 
91. Футбол командасында 11 адам. Осы ойыншылардың ішінен бір капитан және оның орынбасарын қанша тәсілмен таңдап алуға болады? Жауабы: Капитан ретінде 11 ойыншы бола алады. Капитанды таңдағасын қалған 10 ойыншы оның орынбасары бола алады. 11*10=110
92. 1,2,3 цифрлары бір ретғана кездесетін неше үш таңбалы сан бар? Шешімі: 3! =1*2*3=6
93. Қанша тәсілмен бір қатарға қызыл, көк, жасыл, сары шарларды орналастыруға болады? Шешімі: 4!=1*2*3*4=24
94. Автобус А қаласынан В қаласына 40км/сағ жылдамдықпен барды. В қаласынан А қаласына 60 км/сағ жылдамдықпен барды. Автобустың орташа жылдамдығы қанша? Жауабы.: 48 км/сағ
95. 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз. Шешімі:3,7,9 деген цифрларды алып тастасақ. 2854106 шығады.
96. 3 кәмпит және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 кәмпит және 1 шоколад 27 теңге тұрады. 1 кәмпит қанша теңге тұрады? 1 шоколад қанша теңге тұрады? Жауабы: 1 кәмпит-5тг, 1 шоколад-7тг
97. Глобуста 17 параллель және 24 мередиана сызылған. Глобустың беті неше бөлікке бөлінген? Шешімі: 18*24=432
98. 5-ке бөлгенде қалдығы 4, 7-ге бөлгенде қалдығы 6, 9-ға бөлгенде қалдығы 8-ге тең болатын ең кіші натурал санды тап. Шешімі: Егер бұл сан 1-ге үлкен болса, ол 5,7,9-ға да бөлінетін болады. 5,7,9- дың ең кіші ортақ еселігі:315. 1-ді алып тастасақ 314 шығады..
99. Бір-біріне тең төрт бөлікке бөл. Шешімі: Алдымен әр шаршыны 4 бөлікке бөліп тастаймыз. Сонда бізде 12 тең бөлік пайда болады. Ал 12-ні 4 бөлу оңай.
100. Цифрларының көбейтіндісі 132-ге тең болатын натурал сан бар ма? Жауабыңды дәлелде. Шешімі: Ондай сан жоқ. 132-нің бөлгіштерінің арасында 11 деген сан бар. 17

Тапқыр болсаң – талас жоқ. Логика

1. Жәшікте бірнеше лимон бар еді. Зерде алдымен жәшіктен барлық лимонның жартысын, оған қоса жарты лимонды алды. Содан соң қалған лимонның жартысы мен тағы жарты лимонды алды. Осы әрекетті Зерде тағы бір рет қайталады. Жәшікте 31 лимон қалды.

Сұрақ: Жәшікте қанша лимон болған? 
255 лимон

2. 8 8 8 8 8 8 8 8 = 1000
Сұрақ: Арифметикалық амалдарды қолдану арқылы 1000 санын қалай шығаруға болады? 
888+88+8+8+8=1000

3. Белгілі бір тәсіл арқылы сандар қатарын жалғастыр:
7, 15, 31, 63........
8,16,31,т.с.с. Келесі сан бір бірлікке артық.

4. 9 бен 100-дің аралығында 9 саны неше рет кездеседі? 20 рет.

5. Зерде мен атасының жасын қосқанда 72 жас, қарындасы мен атасының жасын қосқанда 70 жас, ал үшеуінің жастарын қосқанда 80 жас болды.

Сұрақ: Әрқайсысының жасы нешеде?
80-70= 10 
80 – 72 = 8 
80- (10+8) = 62
Зерде 10 жаста, қарындасы 8 жаста, атасы 62 жаста. 

6. Зерденің туған күніне досы темір жол ойыншығын сыйлады. Бірақ оның ішінде вагондары аз болды. Зерде жанындағы 200 теңгесіне вагондар сатып алмақшы болды.Ол 20 түрлі вагон сатып алды.Дүкенде жүк вагоны 5 теңге, жолаушылар вагоны 40 теңге және көмір контейнерлері 2,5 теңге тұрады 
Сұрақ: Зерде вагондардың әрқайсысынан нешеуін сатып алды? 
(3 х 40) + (15 х 5) + (2 х 2,5) = 120 + 75 + 5 = 200тг

7. Зерде досының туған күніне қорапқа салынған үкі ойыншығын сыйлады.Ол сыйлықты 20 теңгеге сатып алды. Ойыншық қорапқа қарағанда 12 теңгеге қымбат тұрады.

Сұрақ: Қорап қанша тұрады?
X –қораптың бағасы. 
х+х+12=20
2х=8 
х=4 
Қорап 4 тг тұрады, ал үкі 4+12=16 тг.

8. Төрт таңбалы санды тап: Жұп сандар қатарындағы төртінші сан бірінші сан болып есептеледі және ол сан екінші саннан екіге артық.Ал төртінші сан бірінші санның екіге бөліндісіне тең.Үшінші сан біріншіден 1 бірлікке артық және төртінші саннан 5 бірлікке артық.

Сұрақ: Бұл қандай сан?
8694 саны.

9. 1-ден 10 – ға дейінгі сандарды әліпби ретімен жаз :
6,5,.,.,.,.,.,.,.,.,.,3.
6, 5, 1, 2, 7, 10, 8, 9, 4, 0, 3.

10. Зерде достарымен ойын алаңының ұзындығын аттап қадам жасау арқылы өлшеді. Зерде 22, Есет 24, Ерден 27, ал Есен 25 қадам аттады.

Сұрақ: Қай баланың адымы қысқа?
Ерден 27 адым. 

11 б. Зерденің қолында 5 кг тоқаш салынған таразы бар. Ол үстелден cекірді. 

Сұрақ: Секіріп түскен жағдайда таразының тілшесі өзгере ме?
Өзгермейді.

12. Зерде Алматыдан Қарағандыға дейін пойызбен 18 сағатта барса, ал ұшақпен одан 16 сағат бұрын жете алады. 


Сұрақ: Зерде ұшақпен неше сағат ұшады?
2 сағат.

13. Зерденің анасының түрі, түсі, өлшемдері бірдей 3 алқасының біреуі қалған екеуінен жеңілірек.

Сұрақ: Зерде алқаны таразыға бір рет өлшеп, жеңілірегін қалай табады?