Файл: Логикалы 100 есеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кез келген 2 білезікті таразының 2 басына салу керек. Оның жеңілі – іздеген білезігі. Егер олар бірдей болса, онда – қалғаны.


14. Үш төрттік цифр мен бір амалды қолданып 40 санын қалай шығаруға болады?
44 - 4 = 40

15. Тиін қысқы азығын жинай бастады. Ол саңырауқұлаққа қарағанда шыршаның бүрін 2 есе көп жинады.Содан соң ол тағы да 8 саңырауқұлақ жинады.Енді саңырауқұлақтың саны шыршаның бүрінің санымен бірдей болды.

Сұрақ: Тиін қанша шыршаның бүрін жинады?
16 шыршаның бүрі.

16. 5, 4, 3, 2, 1 цифрларын қатар жазып, 85 саны шығатындай етіп қосу және азайту амалдары арқылы тура теңдік құрастыр.
54 + 32 – 1 = 85

17. Жүк көлігі жолда келе жатыр. Жарық шамдары сөніп тұр.Жүргізушінің көзінде көз әйнегі бар, себебі көзі нашар көреді.Бір кезде Зерде жолдан жүгіріп өтпекші болды. Қолында жарық шамы да жоқ.Бірақ жүргізуші оны көріп, көлігін тоқтатып үлгерді.

Сұрақ: Жүргізуші Зердені қалай байқап, көлігін тоқтатып үлгерді?
Бұл оқиға күндіз болған.

18. Зерде алма, алмұрт, жүзім сатып алды. Алманың салмағы алмұртқа қарағанда 2 есе артық, ал алмұрттың салмағы жүзімге қарағанда ол да 2 есе артық.

Сұрақ: Алманың салмағы жүзімге қарағанда қанша артық?
4 есе артық.

19. ЛОҚ , ЯАҚ, УАЫЗ, БСА, УАСА,УАҚАСС.

Сұрақ: Қай сөз дене мүшелерінің атауына жатпайды?
Асау.

20. Бұтақта 3 торғай отыр еді. Мысық 1 торғайды ұстап алды.

Сұрақ: Бұтақта қанша торғай қалды?
Қалғандары ұшып кетті, торғай қалған жоқ.