Файл: 1) Екі тарматы шума. Жанан шамым, шам шыраым, Сенсі мені атан таым! Сен жалызым сен кнімсі Ккте жанан жлдызымсы! (Бесік жыры) 2) Алты тарматы шума.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 73
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өлең құрылысы әр түрлі. Бірнеше жолдар мағына жағынан, дыбыс үйлестігі жағынан қиюласып келіп шумақ құрайды. Өлең сөйлемдеріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін шумақ деп атайды. Шумақ болу үшін өлең жолдарының көбі не аз болукы шарт емес, синтаксистік бір ойдың бітуі шарт.Қазақтың бір ауыз өлең дейтіні бір шумақ болады. Өйткені айтайын деген ой бітеді.Мысал үшін мына бір халық өлеңін алсақ, бір-ақ ауыз өлең және ой бітіп тұр. Сондықтан ол бір шумақты өлең болады.Хат жаздым қалам алып қауырсыннан,Қаршығам қаз іледі бауырсыннан.Шақырса тауда тарлан таң сәріде,Еділде бұғады үйрек дауысынан.Синтаксистік ойдың бітуіне қарай, шумақ та әр түрлі болады. Ол екі жол өлеңнен бітсе, екі тармақты шумақ, үш жол өлеңнен бітсе, үш тармақты шумақ, төрт жол өлеңнен бітсе, төрт тармақты шумақ деп аталады. Тармақ саны бесеу де, алтау да, он да, онан да көп бола береді. Ол – ойдың бітуіне қарай.Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Шумақта тармақ екеуден кем болмайды. Тармақ деп өлеңнің бір жолын айтады. Өлең тармағы түрлі-түрлі. Екі тармақты және алты тармақты өлеңге мысал келтіреміз.1) Екі тармақты шумақ.Жанған шамым, шам шырағым,Сенсің менің атқан таңым!Сен жалғызым сен күнімсіңКөкте жанған жұлдызымсың!(Бесік жыры)2) Алты тармақты шумақ.Бойы бұлғаң,Бетті бастым,Сөзі жылмаң,Қатты састым,Кімді көрсем, мен сонанТұра қаштым жалма-жан.(Абай.)Өлеңнің бір жолын тармақ деп атадық. Өлеңнің бір тармағында бір не бірнеше бунақ болады. Б у н а қ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Мысалы,1.Екі бунақты тармақ/Мүйізді қара/ /жұдырық//Тоқпақтай боп/ /жұмылып,//Бүлкілдеген/ /бұлшық ет//Денеде бұлт-бұлт/ /жүгіріп//Баттасқан болат/ /буындар,//Түтін шалған/ /отты көз//Еңбекке төніп/ /үңіліп, //Бір жарықты/ /көруге//Күні кеше/ /ынтық ед./(Сәбит.)Қазақ әдебиетіндегі жыр, желдірме деп атап жүрген өлең шығармалардың көбі екі бунақты өлеңге жатады.
Бірақ өлеңнің бәрі бұлай бола бермейді. Кейде өлең шумағының бір тармағында бунақ үшеу болса, екінші тармағында екеу не біреу болып, аралас келетін де өлеңдер болады. Мұндай өлеңдер ескі ауыз әдебиетінде, осы күнгі полэзиямызда да кездеседі. Бұлар бұрынғы өлеңдерде, көбіне әнге салынып айтылатын өлеңдерде табылады./Біз отанның/ /ұланы,//Бейбітшілік/ /сақтаған//Тап қорғаны,//қырағы,//Қамал бұзған,/ /қайтпаған,//Нұрланып,//Сырланып//Атты өмір/ /зор таңы,//Бір, екі, үш,//Аттай түс,//Комсомолдар/ /ұрпағы./Қазақ өлеңдерінің бунағына, бунақ ішіндегі буын санына қаорап, негізінде бес түргше бөлуге болады:
-
Үш бунақты тармақ.

Он бір буынды өлең. -
Сегіз буынды өлең. -
Жеті буынды өлең. -
Алты буынды өлең. -
Аралас буынды өлең.
-
Сегіз буынды өлең. Бұл өлеңнің бір тармағы екі бунақты 8 буыннан құралады. -
Алты буынды өлең. Өлеңнің бір шумақтағы тармақтары бір өңкей 6 буыннан құралады.