Файл: Серік Мапырлы поэзиясынан бір зік сыр Орындаушы Мапалкл ауылы, бдікрім Оалбаев атындаы 117 орта мектепті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 74
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әбдікәрім Оңалбаев атындағы №117 орта мектепСерік Мақпырұлы поэзиясынан бір үзік сыр...Орындаушы: Мақпалкөл ауылы, Әбдікәрім Оңалбаев атындағы №117 орта мектептің 9-сынып оқушысы Қыстаубай АйжанОтбасы ортасындаМақпырұлы Серік1944 жылдың 15 қаңтары күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында дүниеге келген.1959 жылы Мақпалкөл ауылындығы орта мектептің 8 сыныбын тәмамдап, он бір жылдықты «Мәдениет» ауылынды 1964 жылы аяқтаған.Абай атындағы КазПИИ-дің (қазіргі Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті) филология факультетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1969 жылы үздік дипломмен бітіріп,аспирантураға оқуға қалдырылған.Аспирантураны аяқтап 1972 жылдан күні бүгінге (2012 жылдың шілде айына) дейін осы оқу орнында ұстаз, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты(ғылыми жетекшісі академик С.С.Қирабаев) болып келген.Диссертациялық Кеңестің мүшесі және профессор жетекшілігімен 10 аспирант, ізденуші кандидаттық диссертацияларын қорғаған.Алғы сөзҚұрметті оқырман!Тарих мойындаған тау тұлға еңбектері келер ұрпаққа аманат. Асыл ойлары мен кесек пікірлері қоғам санасына жол тапса, бүгінгі күннің жемісі болмақ. Қарпайымдылығымен қанаттанған, асыл ойларымен абаттанған ақын, филолог, журналист, профессор, үлгілі әке өмірі – келешекке өнеге... Әбдікәрім,Қомшабайлар шыр еткен, Темірбектей дүлділдері дүр еткен.Мақпалкөлдей топырақтың ұрпағыСеріктейін дарабозын жыр еткен.Көңілінің шуағымен гүл еккен,Туған жердің топырағын ту еткен.Аға, рухың разы болсын қызыңа!Сөз бастайын ақ пейіл, шын жүректен.
Біліммен сусындап,парасаттылықтыту еткен еді...Қоңырқай дауысымен сабақ беріп тұрған ұстаздың алдындағы сту-денттер сілтідей тынып тыңдап қапты. Ол қазақ әдебиетінің арғы-бер-гі тарихын қозғап, тыңдаушысын өзінің терең білімімен, ойлы сөзіменбағындырып-ақ алатын.Осынау жоғары деңгейге ол бірден жеткен жоқ, оқу, үйрену, ізденудің және көп жылғы ұстаздық қызметінің, өзіне және өзгеге деген асқан жауапкершіліктің арқасында жетті.С.Мақпыров іздене келе көсемсөздің қас шеберіне айналды, филолог, журналист ретінде қалың оқырманға таныла бастады.Таланттар мен талаптанушыларға кең жол ашты. Содан болар, туған еліміздің төл әдебиеттерін шығару сияқты жауапты істерге де белсене араласты. Оның қаламынан «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ әдебиеті», 1993-2010 жылдарда мемлекеттік тапсырыс бойынша бұрынғы жылдарда жарық көрген және жаңадан жазған оқулықтары жарық көрді.Ол марапат-мақтауды қаламайтын адам. Бар болмысымен адамгер-шілік, адалдық, имандылық, білімділік пен парасаттылықты ту еткен.Жасынан Серік Қирабаев ағасынан бата алып, оның сенімінен шыққан кіші Серіктің (біздің Т.Д.), әдебиетші, ғалым Серіктің қазасы бір әулеттің ғана емес, Қазақ әдебиетінің бір бәйтерегінің өмірден өткен қазасы болмақ. Бүгінгідей қазалы күндері С.Мақпыровтың дүниеден озғанына бір жыл толуы қарсаңында қазағымыздың «орнында бар, оңалар» демекші, Серіктің артында ұлдары — Алмат, Азамат, жары — Зайда, қыздары — Әйгерім, Ботакөз барда, әдебиетшілер барда оның есімі ұмытылмақ емес. Жатқан жерің жаннатта болғай демекпіз.Тынышбек ДайрабайФольклортанушы,шежірешіЖан шуағын аямаған…Қазақ – ұстазын ұлықтаған халық. Халық арасында қолданылып жүр ген «Шәкірт болмаған, ұстаз да болмас», «Ұстаз жолын ұстанған қор болмас», «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген мақал-мәтелдер ұстаздың ұла ғаттылығын паш етеді. «Білімді ұстаз береді, білікті Құдай береді» демекші, үйреткен ілімімен мұғалім шәкіртке ұстаз болары хақ.«Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» де гендей, менің де ұстаздарым көп. Солардың бірі – белгілі әдебиеттанушы, әдіскер-педагог, журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Мақпырұлы.Аты аңызға айналған КазПИ-ді, қазіргі Абай атын дағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін бітірген кез келген студентке Серік ағайдың есімі бірден таныс. Өйткені ғалым өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап осы кие лі шаңырақта қызмет етіп келеді. Содан бері ұстаздың алдынан қаншама шәкірт өтті. Қазір сол шәкірттердің барлығы дерлік ағайдың жолын қуып, бірі мектепте мұғалім бол са, бірі ғылыми ізденісте. Бірі журналист болып, түрлі басылымдарда қызмет етсе, бірі ақындық пен жазушылықтың жолына түскен.
Адамның бойына тән жеті өнерді толық меңгерген ғалымның бақыты – ұстаздық өнер деп білемін. «Ұстаз болу – жүректен» демекші, ғалымның өзі айтқандай «адамтану» өнерінің қыр-сырын алдында отырған шәкірттеріне бар ынта-ықыласымен жеткізген, «өзгенің бақытын аялап», үлкен өмірге бағыт берген ұстаз – ұлы ұстаз. Міне, мен де осындай Ұлы Ұстаздан білім алған шәкіртпін. Ағайдың бойындағы ұстазға тән бар асыл қасиет менің ғы лым жолында ғалым болып қалыптасуыма әлі де көмегін тигізіп келеді.Қорыта келе айтарым, әттең заманның ағымына қарай күн көрістің қамымен күн кешудеміз. Егер мүмкіндік туып жатса, ұстазыма арнап көзінің тірісінде-ақ ескерткіш тұрғызар едім. Қазірге шәкірттік шын көңілден шыққан бұл лебізімді бойымызға құйған білімнің кішкентай ғана өтеуі болса екен деп үміт тенемін.Әлия БИЯЗДЫҚОВА,Абай атындағыҚҰПУ-дың докторантыЖүректен шыққан жолдар...Ақ пенен қара таласса,Ұқсап бір қыран құстарға.Байсалды дауыс шығады,Сондай бір сондай тұстарда.Зымырап аққан уақыт,Сусыған құмдай тұра ма?!Қолдайды іркез перзентін,Еркелеп аққан Сыр ана...... Тұр ма екен әлде кім білсін,Ойына түсіп Сыр елі.Туған жер жайлы сыр төккен,Дүрсілдеп аққан жүрегі.Тұр ме кен ілде кім білсін,Жүректің сырын айтсам деп,Жақсыны сағынғанында Нықаңа барып қайтсам деп.Баршаға жақсы атанған,Өзіңдей болар нар адам.Қайран да қайран ағам-айКетпейсің ой мен санадан!...Алпысбай ТамаевПедагогика ғылымдарының кандидаты Абай атындағы ҚазҰПУОй тамшыНардың күші - белінде,Елдің күші - ерінде,Ердің күші - елінде.Озып кетсең - көз тиет,Қалып қойсаң - сөз тиет.Өсер елге өсек емес, өрелі істер қажет.Су болса - күріш болады, күріш болса - елдің жайы дұрыс болады.Әр адам өз дәрменсіздігінің алдында шарасыз.Сөз қадірін де, өз қадіріміздей қастерлей білсек қой.“Зар заман” болғаны үшін зар заманды айыптай алмайсың.Білім беру саласының бітпейтін реформаларын қарап отырып оны әлде бір сынақ алаңына ұқсатасың.Тест арқылы тұлға сомдап жатырмыз ба, сұлба сомдап жатырмыз ба?Ми еңбегінің адамын үй еңбегінің пендесіне айналдырған заман - ай!Тамағы тойған күні танауын көтеріп тоқитында да, қарына ортайса су ішкен құдығына түкіретін тоңмойындар да бар.
Алматының қақ ортасында жат тілде жазылған жарнама тақта тұр. Бұл не, басынғандық па, әлде бас ұрғандық па?Тауды қанша мақтағаныңмен - ол биіктемейді, қанша даттағаныңмен - аласармайды да. Тауға тек тау деп қарау керек.Серік МақпырұлыТаныстыруАтым Серік, ағайын,Шабыттың шамын жағайын.Көңіл бұр, халқым, өзімдіТаныстырып бағайын.Сыр бойыМақпалкөл деген жерденмін,Шөмекей деген елденмін,Алматыға жиырма жасымда,Арман ғана басымда,Білім іздеп келгенмін,Жайсаңдарын қазақтыңҚарт ҚазПИ-ден көргенмін,Сөзін тыңдап солардыңСоңдарынан ергенмін,Білім-ілім жолынаЫқыласымды бергенмін,Ғылым қуып, ой іздепСөз маржанын тергенмін.Ұстазбын, халқым, бұл күндеӨзім де сөзге мергенмін,Жауыр болар жайдақ сөз,Оны да айтып көргенмін.Сөз бен істе үйлесімБолуына көңіл бөлгенмін.4Асып та, тасып кеткем жоқАлсам да орын төрден мың.Шүкірлік етем тағдырғаҒұмыр бітіп өлген күн!Біреулер жүр бағалапБіреулер жүр кем көріп.Біреулер жүр ағалапБір жақсыға тең көріп.Өмірімді жасаймынІзгі ісіммен өң беріп!Мінім жоқ, сірә, демеймінБар менде де пенделік.Болдым, толдым дегем жоқБәрін біліп, меңгеріп.Қомағай шортан мен емес,Ұмтылатын жем көріп.Жүрсем болды емес пе,Ағаларды ардақтап,Інілерді ізеттеп,Құрбыларды тең көріп,Жамандықтан жиреніп,Ізгіліктен үйреніп,Жақсылықпен емделіп.Ой дегенің теңіз ғойТеңіз бен уайым егіз ғой.Мен – кемеде жолаушыЖағалауға жете алмайОтырған бір сенделіп.Өмір-керуен көшіндеЖолаушымыз бәріміз.Қаламыз ба көптің есіндеБолды ма оған татырлықАдамшылық нәріміз?!-Серік МақпырұлыАқжайық әсерлері Қаласында боп ОралдыңАлматыма жаңа оралдым.Аз күнде, Орал, қайтейін,Сағынышым бола алдың.Оралым, менің Оралым,Қасым ақын қимағанКөрдім қысқы боранын.Көрдім келіп көктемдеГүл жауған шақты бөктерде.Жазда келіп жайнағанӨмірді көрдім қайнаған.Құшағыңа ендім мен Төрден орын сайлаған.... Келдім үйге, бірақ таСол күндердің әсерінҰмытам қалай, жайланам?!-Серік МақпырұлыОйлар, ойлар «Ойлар, ойлар,Қамығам кейдеӨмірім мынау толқыған бейнеҚас-қағым сәтте өтердей.Ауырлық батпай,Төгілмей тер де,Парызым мынау
Туған бір елгеҚалар ма деп өтелмей».Серік Мақпырұлы«Не дейін қасқырзаман, қасқыр заман» «Не дейін қасқырзаман, қасқыр заман» Деймісің арманыңды тасқа ұр, маған!Ізгілер онсыз да шарасыз ғойТапта да, басқа ұр, заман!Не дейін қатыгездей тағдыр саған,Дей алман жылмаң қағып, жұртқа жағам...Адалынан алам деп бәйгені мыңЕңбектің ерттеп міндім сәйгүлігін...Өзгерді өмір, адамдар да өзгерді,Машина – өмір таптайды момын, ездерді...Тозған жер, азған ұрпақ, рух әлсіз,Дайын ол туған жерін сат деуге деСерік МақпырұлыБолмысы дара, бауырға аға...Еңбегі ерек, Тағдыры бөлек,Жырлары шырқар дара үн,Ардақты жолын,Салмақты жолын,Жырлаймын серік ағаның.Жайменен басып, Жүріп те жасып, Ауылдан қанат қаққанменАлыбы болдың, Жарығы болдың,Алматы дейтін қаланың.Айнымай жолдан, Ақ, адал болған,Парасат, пайым таңдатқан.Ұлықтап сізді, Сіз салған ізді,Еске алып жатыр жан-жақтан.Жақсылық егіз, Жырларың теңіз,Өмірің бізге өнегіРухыңмен асыл,Жасап сан ғасыр,Орының болсын жәннаттан!Болмысы дара,Бауырға аға,Бола да білдің тосылмай.Ақ пейілменен, Шат пейілменен,Сыйласатұғын досыңдай.Қоңыр үнменен,Ғұмырыңменен,Жарқ етіп өткен жасындай,Серік аға осындай!!!Қыстаубай Айжан