Файл: Адамны пааны бойына жпааны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жаңа заман ұстазы – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Ол бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман. Жаңа заман педагогы дегеніміз үнемі ізденіс үстінде өз білімін жетілдіріп отыратын, жаңа әдіс жолдарын пайдалануға құштар және жақсы жетілген педагогикалық тәжірибені өз ісіне еңгізе білетін шебер маманды айтамыз.

«Адамның ұқпағаны – бойына жұқпағаны» дейді дана халықымыз. Бала неғұрлым өзі біліп, түсінген ақпарат ұзақ сақталады.

Яғни, оқушы келер сабаққа жаңа технологияның әдістерімен толық таныс болса барлық тапсырмаларды орындауда қиындық тудырмайды

Бұл педидея бастауыш сыныпта барлық пәнінен алған білімімен шектеліп қана қоймай, өздігінен білім алуын дамыта отырып, үздіксіз ізденуге дүниені танып білуге деген ынталарын арттыра түседі.

Бастауыш мектептің өзінде-ақ төрткүл дүниені түрлі әдістері арқылы тануға қадам басады. Алға қадам басып, өскен сайын дүниені әр қырынан тани береді.

Сондықтан да бұл идея баланың сабақта, әлемді танып білуіне көмегін тигізеді және өздігінен ізденуіне қызығушылықтарын арттырады деп ойлаймын.

Аңыз адам - Дінмұхамед Қонаев айтқандай: «Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау». Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Сіздер үйретуден аянбасаңыздар, мен үйреніп-білуге жалықпаймын.

Мен, ..............................., ................... орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, сіздерге «Менің білім беру философиям» өзімнің өзекті проблемалық тақырыбыма сүйеніп жасалынған жұмысымды ұсынамын.

Әрбір ұстаздың мақсаты - сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру, сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, инновациялық технологиялардың тиімдісін алып, оқушыны қызықтыра алатындай білімді игерту. Өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін - білімді, зерделі, сыни тұрғыдан ойлап, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау сіздер мен менің басты міндетіміз болып табылады.

Өздеріңіз білесіздер, бастауыш сынып оқушылары сабақта ойын элементтерін көп керек етеді,сондықтан қай сабағымда болмасын дайындаған көрнеліктер мен ойын элементерін кеңінен пайдаланамын. Бұл оқушылардың сабақка қызығушылығын арттырады. Және де орынды ұйымдастырылған ойын үстінде балалар сергіп, тапсырманы тез нақты орындайды. Әр сабақты заманауи сабаққа айдалдырамын.


Заманауи сабақ дегеніміз – заман талабына сай маңызды, оқушының қызығушылығын ескере отырып құрылған сабақ. Заманауи сабақ болашақтың негізін қалайды, үнемі өзгеріп отыратын қоғамда өмір сүре алатын, кез келген қиындықты жеңе алатын шәкірт даярлайды. Заманауи сабақ – ол қандай болуы керек? (Залдың пікірін тыңдайды)

Заманауи сабақ, меніңше, ең алдымен – еркін сабақ. Бұл сабақта оқушылар жаңалықтан қорықпай, өз ойларын еркін айтады, яғни оқушыға да, мұғалімге де сол сабақта ыңғайлы болуы керек. Менің ойымша заманауи сабақ ең алдымен қызықты және маңызды болуы керек. Сабақтың сәтті шығуы көбіне мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұғалім мен оқушы – бір бүтін болуы керек, оқушылар бір-біріне көмектесіп, мұғалім жетелеуші, бақылаушы болуы керек. Осындай жайлылық атмосферасын қалыптастыру үшін мен өз сабақтарымда келесідей әдістерді қолдануды жөн көремін.
Менің философиялық мақсатым- тиімді әдәс-тәсілдерді қолданып,сабақты жоспарлау арқылы, еркін сөйлей алатын, ойшылдар ойынан шабыт алатын тұлға тәрбиелеу.

Осы мақсатқа сүйене отырып, мен өзіме міндет қойдым – әр баланың ашылуына көмектесу, оған сенім ұялату, өзіндік құндылығын сезіну.  

І. «Баурап алар бастама» ұйымдастыру кезеңі

Көпшілігіміз сабақты ұйымдастыру барысында оқушыларды түгелдеп, «Сабақта кім жоқ?» деген сұрақпен ғана шектеліп жатамыз. Мен алғаш мектепке келгенде, «Оқушының зейінін өзіме қалай аударсам?» , «Неге ұйымдастыру кезеңі бір сарында өтеді?» деген сауал қойдым.

«Баурап алар бастамасымен» әр сабағымды ұйымдастыруды жүзеге асыра бастадым. Бұл кезеңді төрт түрлі формада өткізуге болады:


Қанатты сөздер,мақал-мәтелдер

Триггер


Ашық сұрақ

Мәселен, «Қанатты сөздерді» алайық. Сабаққа кіріп келгенде балалар «Батыр туса- ел ырысы» деген мақалдың бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?» деп сұраймын. «Сын есім» немесе ортақ тақырып өткенде қолдануға болады.

Мақалдар, мәтелдер пайдаланылған сабақтарда оқушылар күнделікті тұрмыстағы даналықпен ғана танысып қоймай,сондай – ақ қажетті білім, тәрбие және теорияларын оқудағы білімдерін де жетілдіре түседі. Төменде бірнеше мақал-мәтелдердің үлгісі келтірілген:



1.Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. / ежелгі адамдар/дүниетану/

2. Терек қисайған жағына жығылады. /ішкі энергия/жаратылыстану

3. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /қазақ тілі

5. Ит жүгіріп тазы болмас. / жылдамдық/математика/

6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. /Күш/жаратылыстану немесе математика

7. Таң атпайын десе де, күн қоймайды. /Жердің өз осінен айналуы/жаратылыстану

8.Ас — адамның арқауы. /Ортақ тақырып/

Осы секілді «Триггер» формасымен сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың зейінін иіс, дәм, іс-әрекет арқылы шоғырландырамыз.

Одан бөлек мен өз сабақтарымда шарды үрлеп, оны жарып, «Дыбыс» тақырыбына негіздей аламын.

Сабақты «Ашық сұрақтармен» бастау. Ашық сұрақтар дегеніміз - шектеулі жауаптарды ғана таңдай алатын жабық сұрақтарға оппозиция. Ашық сұрақтар беру арқылы баланың сыни ойлауын дамыта аламыз. Мен өзімнің бір сабағымды «Бір қадам алға» әдісі арқылы ашық сұрақтар қоя отырып, бір оқпен екі қоянды аттым. Яғни, ұйымдастыру кезеңі мен үй тапсырмасын біріктіріп өттім.

ІІ. «Анықтама беру» сабақтың ортасы

Заманауи сабақ оқушылардың өзін өзі қалыптастыруына, шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік беретін шығармашыл сабақ болуы тиіс. Сабақта оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап беруде мағынасын түсініп, дәстүрлі емес жағдайларда шешім қабылдай білулері керек. Алдыңда отырған білім алушылардың барлығы сабақтан жаңа ой, жаңа идея, жоқ дегенде жақсы әсермен кетуі керек.

«Жарнама» әдісі.Бұл әдіс балаларды сабаққа ынтасын арттырады. Үзіліс кезінде бүгінгі өтетін тақырыпты, суреттерді плакатқа әдемілеп жарнамалап қойыңыз.Оқушылар суреттерді көріп сол сабаққа қызығушылығы артады.

«Қалау» әдісі.Бұл әдіс өте пайдалы.Мұғалімдерге оқушылардың назарын аудару өте қиын.Себебі мұғалімдердің көпшілігі сабақты бастау кезінде қателіктер жібереді.Ешқашан әдеттегі «Қош келдіңіз!», «Біз не білеміз?» деген сұрақтарды қолданбаңыз.Оның орнына Маңызды ақпарат, оқушыға керектіден бастаңыз.Бұл әдіс сабаққа қатысудың негізгі артықшылықтарын көрсетеді.

«Ғажайып бөлме» әдісі.Сыныбыңызды сіз оқитын ортаға айналдырыңыз.Ертегілер туралы өтсеңіз, сыныбыңызды ертегілер еліне айналдырыңыз.Жануарларды зерттеу тақырыбын өтіп жатсаңыз сыныбыңызды жануарлар/джунглиге/ әлеміне айналдырыңыз.т.б.

«Көрнекі белгілер» әдісі. Көрнекі белгілерді пайдалану оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсартады.Бүл әдіс егер бұл оқушы үйге берілген тапсырманы ұмытып қалса немесе сабаққа дайын болмай келген жағдайда өте тиімді әдіс.


«Оқытуды тиімді жүзеге асыру»әдістері.

Оқытудың түрлері:

-дауыстап оқу

-іштей оқу

Оқу сапалары:

-дұрыс оқу

-түсініп оқу

-мәнерлеп оқу

-шапшаң оқу.

Жүргізілген жұмыстар:

«Шулте» кестесі, «Екі қолмен сурет салу» әдісі, төңкерілген мәтін,шиыршық мәтін,сызығышпен оқы, мәтінді сурет бойынша баяндау.

«Жаңа нәрсені үйрену және даму ешқашан кеш емес» -ұстанымым.Сондықтан сіздердің тәжірибелеріңізден алған пайдалы кеңестерді білім қоржыныма толтырып, және де өзімнің оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, идеяларыммен бөлісу. Осы мақсат, міндеттерді жүзеге асыру жолында сабақ жоспарымда келесі осы технологияларың сабақта қолдануды жөн көрдім.
ІІІ .Платформалар.

Интерактивті технологиялар білім беру жүйесінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқу үдерісінде терең де сапалы білім беруге жол ашып, ерекше орын алып отыр. Интернет желісінде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатында бірнеше өте пайдалы, сонымен қатар дайын платформалар бар. Сонын ішіндегі өзім сабақта, не тәрбие сағаттарында пайдаланатын платформалар туралы айтып кетейін дегем. Бәріміз қолданып жүрген Кунделік кз. Онда күнделікті сабақ жоспары мен видеоны пайдалануға, со