Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Adobe Photoshop бағдарламасы
Adobe Photoshop – бүгінгі күні кең тараған қолданбалы редакторлардың бірі. Adobe Photoshop кәсіби қолданбалы редакторлардың арасында сөзсіз көшбасшысы болып табылады, ол өзінің кеңінен танылған мүмкіндіктерінің есебінен жоғары тиімділікпен және жұмыс жылдамдығымен үлкен қолданысқа ие болып отыр.
Дипломдық жұмыста осы программаны профильдік курста пайдалану ерекшеліктері, оны оқып-үйренуге арналған бағдарлама және Adobe Photoshop программасы мазмұны қарастырылған, оны тиімді оқып –үйрену әдістері туралы, модульдік оқыту тәсілі негізінде оны оқып-үйренуді жоспарлау, Adobe Photoshop бағдарламасын оқып-үйренуде оқулық элементті пайдалану және зертханалық жұмыстарды орындау ерекшеліктері, Adobe Photoshop бағдарламасын өз бетінше оқып-үйренуде бақылауды ұйымдастыру, қорытынды сынақ және оқулық элемент негізінде электрондық оқулық дайындау мәселесі қарастырылған.
Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.