Файл: Жалпы орта білім беру дегейіні 11 сыныптарына арналан Жаанды зыреттіліктер курсыны лгілік оу бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы « »
№ бұйрығына -қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің 11- сыныптарына арналған
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсының үлгілік оқу бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
-
Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы оқушылардың сыни ойлауын, зерттеу, коммуникация, жаһандық маңызы бар мәселелерді шешу мен талдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.
3. Курстың мақсаты: білім алушыларда жергілікті және жаһандық проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігін, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсінуді және бағалауды, бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын қалыптастыру.
4. Курстың міндеттері:
1) білім алушыларда кәсіпкерліктің теориялық негіздерін қалыптастыру;
2) кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктерді көре білуді дамыту;
3) білім алушыларда қаржылық сауаттылықтың практикалық дағдыларын қалыптастыру;
4) бизнес-идеяларды генерациялау және оларды кәсіпкерлік қызмет деңгейіне дейін дамыту дағдысына ие болу;
5) бизнестің өмір сүруін арттыру мақсатында бәсекелестіктің өзгеретін жағдайларында бизнес-модельдеу және бейімдеу дағдыларын дамыту;
6) зерттеу жүргізу, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
7) өзінің жетістіктері мен өзінің өмірлік ұстанымы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу болып табылады.
-
білім алушылардың сыни және аналитикалық ойлауын, олардың коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту; -
ақпаратты тану, талдау, бағалау, дәлелдерді тұжырымдау, күрделі жағдайларды немесе проблемаларды түсіндіру қабілетін қалыптастыру; -
өзінің мәдени ерекшелігін сезіну және әлемнің мәдени сан алуандығын, мәдениетаралық айырмашылықтарды түсіну білігінің дамуына ықпал ету; -
әртүрлі мәдениет өкілдерімен өзара іс-қимылға құрмет пен ашықтық танытуға үйрету; -
цифрлық ресурстармен, электрондық оқыту платформаларымен, интернетпен және веб-сайттармен жұмыс істеу қабілетін дамыту; -
академиялық адалдық ережелерін сақтауға дағдыландыру.
Осы курс аясында білім алушылар зерттеу дағдыларын дамыту үшін жобалық жұмыстарды орындайды. Әр сабақта оларжобалық іс-әрекеттің реттілігін жүзеге асыру үшін тапсырмаларды орындайды, әр бөлімде жобалық іс-әрекеттің кезеңдері бойынша: дайындық, жоспарлау, зерттеу, қорытынды, нәтижелерді ұсыну. жұмыстары қарастырылған.
5. «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі 10-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
-
Оқу курсының базалық мазмұны
6. Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген бес бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде білім алушылар «Жаһандық құзыреттіліктер»ұғымымен танысады, жобалық жұмыстың тақырыптары мен мақсаттарын, жобалық топ мүшелерін, қажетті ақпарат көздерін, ақпаратты талдау және жинау, нәтижелерді ұсыну тәсілдерін айқындайды. Білім алушылар жоба нәтижелерін бағалау рәсімдері мен критерийлерін белгілейді, жобалық топ мүшелері арасында міндеттерді бөледі.
Екінші бөлімде жаһандық экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да мәселелердің негізгі түрлері қарастырылады. Жобалау жұмысы кезінде білім алушыларға зерттеу жүргізу үшін тақырыпты таңдауда еркіндік беріледі. Зерттеу тақырыбын анықтағаннан кейін білім алушылар халықаралық және жергілікті дереккөздерге шолу жасайды.
Үшінші бөлім аясында білім алушылар әртүрлі мәдениеттер өкілдерінің дүниетанымын түсінуге, толеранттылық танытуға, басқа адамдардың көзқарастарын құрметтеуге үйренеді. Білім алушылар жобаның зерттеу міндеттерін жинауға және нақтылауға, кезең-кезеңімен орындауға кіріседі.
Төртінші бөлім білім алушылардың өзіндік ерекшелігі мен мәдениеттердің әртүрлілігін түсінуін қалыптастыруға, әртүрлі мәдениеттердің құндылықтар жүйесімен танысуға бағытталған. Білім алушылар ақпаратты талдау, түйінді ойларды тұжырымдау және жобаны рәсімдеу бойынша жұмыс істейді.
Бесінші бөлім ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты дамудың маңыздылығына арналған. Білім алушылар алынған нәтижелерді түсіндіре отырып, жобаның орындалу барысы туралы есеп дайындайды, негізгі қорытындыларға талдау жүргізеді.
-
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім алушылар:
-
жаһандық мәселелерді зерттейді; -
мәдениетаралық айырмашылықтарды түсінеді; -
басқа адамдардың дүниетанымдарын қабылдайды; -
экологиялық тұрақтылықты насихаттау және сақтайды.
Білім алушыларда:
-
аналитикалық және сыни ойлау; -
мәдениетаралық коммуникация; -
икемділік; -
жанжалдарды басқару дағдылар қалыптасады.
Білім алушылар:
-
ашықтық; -
құрмет; -
адалдық; -
адамның қадір-қасиеті; -
мәдени әртүрлілік құндылықтарын дамытады.
Білім алушылар:
-
басқа мәдениеттер өкілдеріне ашықтық; -
басқа мәдениеттер мен мәдени айырмашылықтарды құрметтеу; -
көзқарастар кеңдігі; -
жауапкершілік; -
бейімделу қасиеттерін көрсетеді
Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныбына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптар, тақырыптарды игеруге жұмсалған сағаттар саны және күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттары крсетілген.
Мұғалім тақырыптарды жоспарлау кезінде сағат санына сәйкес оқу тақырыптары мен мақсаттарын өзгерте алады, сынып ерекшеліктерін, жеке ерекшеліктерді және оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып өзгерістер енгізе алады.
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Оқу мақсаттары Білім алушылар: |
1-бөлім.Жаһандық құзыреттіліктер | |||
1 | Жаһандық құзыреттіліктер дегеніміз не | 1 | - жаһандық мәселені зерттеу үшін зерттеу тақырыптары мен мақсаттарын анықтау; - жаһандық мәселелер бойынша көзқарастарды анықтау, сипаттау және сыни салыстыру; - дәлелге немесе проблемаға қатысты ақпарат пен дәлелдемелерді таңдау; - баламалы көзқарастарды қарастыру және талқылау. |
2 | Жаһандық құзыреттіліктердің маңыздылығы | 1 | |
3 | Жаһандық құзыреттіліктерді дамыту жолдары | 1 | |
4 | Жобалау жұмысы. Дайындық және жоспарлау | 1 | |
2-бөлім.Жергілікті, жаһандық және мәдени маңызы мәселелерді зерттеу | |||
5 | Жаһандық проблемалардың түрлері | 1 | - дәлелге немесе проблемаға қатысты ақпарат пен дәлелдемелерді таңдау; - дереккөздердің күшті және әлсіз жақтарын бағалау; - жаһандық мәселе бойынша өз көзқарасыңызды және оның қалай дамығанын сипаттау; - дәлелдерді, себептер мен мәлімдемелерді растау үшін дәлелдемелерді зерттеу және талдау. |
6 | Әлеуметтік мәселелер | 1 | |
7 | Әлеуметтік теңсіздік жаһандық проблема ретінде | 1 | |
8 | Әлеуметтік теңсіздік. Себептері | 1 | |
9 | Әлеуметтік теңсіздікті жеңу жолдары | 1 | |
10 | Қақтығыстар. Ұғымы. Түрлері | 1 | |
11 | Жанжалдарды шешу жолдары | 1 | |
12 | Экологиялық мәселелер | 1 | |
13 | Климаттың өзгеруі | 1 | |
14 | Ауаның ластануы | 1 | |
15 | Судың ластануы | 1 | |
16 | Жердің ластануы | 1 | |
17 | Жобалау жұмысы. Зерттеу | 2 | |
3-бөлім. Әртүрлідүниетанымдарменкөзқарастардытүсінужәнеқұрметтеу | |||
18 | Дүниетанымды түсіну | 1 | - жаһандық мәселелер бойынша көзқарастарды анықтау, сипаттау және сыни салыстыру; - бастапқы және қайталама дереккөздерден дәлелдемелерді жинау, жазу және талдау; - өз көзқарасын негіздеу үшін себептермен дәлелдер келтіру; - дәлелге немесе проблемаға қатысты ақпарат пен дәлелдемелерді таңдау; - дереккөздерге сілтеме жасау және библиографиялық тізімді дұрыс құру. |
19 | Басқа адамның көзқарасын қабылдау мүмкіндігі | 1 | |
20 | Өзге де мәдениеттерді білдіретін адамдарға құрмет көрсету | 1 | |
21 | Төзімділік: бір-бірімізді түсінуге үйрену | 1 | |
22 | Жобалау жұмысы. Зерттеу | 2 | |
4-бөлім. Мәдениеттер арасындағы ашық және тиімді өзара іс-қимылға қатысу | |||
23 | Мәдени сәйкестікті қалыптастыру | 1 | - дәлелдердің, мәлімдемелердің, себептермен дәлелдемелердің негізгі элементтерін анықтау және бағалау; - бастапқы және қайталама дәлелдемелердің әртүрлі түрлерінің күшті және әлсіз жақтарын анықта және бағалау; - дереккөздерге сілтеме жасау және библиографиялық тізімді дұрыс құру; - құрылымды сақтай отырып, ақпаратпен дәлелдемелер ұсыну; - одан әрі зерттеу саласын анықтау(жетілдіруді ұсыну) |
24 | Өзін, мәдениетін және басқа мәдениеттерді тану және қабылдау | 1 | |
25 | Әр түрлі мәдениеттердің құндылықтар жүйесі | 1 | |
26 | Мәдениетаралық коммуникация | 1 | |
27 | Мәдениетаралық коммуникациядағы стереотиптер | 1 | |
28 | Жобалау жұмысы. Қорытынды | 2 | |
5-бөлім.Ұжымдық игілікке жәрдемдесу және тұрақты даму | |||
29 | Ұжымдық әл-ауқат пен Тұрақты дамудың маңыздылығы | 1 | - аргументтің немесе тұжырымның салдарын/әсерін анықтау және бағалау; - өз көзқарасын негіздеу үшін себептер мен дәлелдер келтіру; - презентацияның әртүрлі формаларын қолдана отырып, жаһандық көзқарастарды ұсыну; - құрылымды сақтай отырып, ақпаратпен дәлелдемелер ұсыну |
30 | Жергілікті, ұлттық және жаһандық бастамаларға белсенді қатысу | 1 | |
31 | Жаһандық азаматтық | 1 | |
32 | Жобалау жұмысы | 2 |