Файл: 4тосан бойынша тосанды баалауа арналан тапсырмалар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4-тоқсан бойынша тоқсандық бағалауға арналған тапсырмалар
-
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Нарықтық экономикаға бет бұрдық.
В) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.
С) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.
D) Демократиялық істерді жүзеге асырамыз.
E) Бұл жерде суға түсуге болмайды. -
Берілген жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Бұл жерде суға түсуге болмайды.
А) Жақты сөйлем.
В) Атаулы сөйлем.
С) Сұраулы сөйлем.
D) Жақсыз сөйлем.
E) Жалаң сөйлем. -
Берілген жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Мұғалім кеше ақылды оқушыларды мектепке шақырды.
А) Жақсыз сөйлем.
В) Толымсыз сөйлем.
С) Атаулы сөйлем.
D) Сұраулы сөйлем.
E) Толымды сөйлем. -
Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А) Мен мектепке тез жиналдым.
В) Күн шықты.
С) Кәсіпорын жұмысын бастады.
D) Мұғалім балаларды мектепке кіргізді.
E) Жаңа мектеп маған өте ұнады. -
Жалаң сөйлемді анықтаңыз.
A) Жаңбыр жауды.
B) Бүгін күн суық.
C) Адам үшін ең қымбат нәрсе - уақыт.
D) Уақыт алтыннан да қымбат.
E) Үлкен жетістікке жеттік. -
Лепті сөйлемді анықтаңыз.
A) Қазақ жері кенге бай.
B) Бұл қандай көл.
C) Елдің бірлігі, ынтымағы нығая береді.
D) Күн қандай тамаша.
E) Қазақстан әлем елдерімен бейбіт өмір сүреді. -
Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Әр елдің салты басқа.
B) Бұл қандай дәстүр.
C) Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін.
D) Гүлдей бер, туған жерім.
E) Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. -
Хабарлы сөйлемді анықтаңыз.
A) Қандай тамаша жер.
B) Бұл қандай дәстүр.
C) Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін.
D) Гүлдей бер, туған жерім.
E) Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. -
Бұйрықты сөйлемді анықтаңыз.
A) Қазақ жері кенге бай.
B) Бұл қандай көл.
C) Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін.
D) Күн қандай тамаша.
E) Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. -
Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдердің бөлінуін көрсетіңіз.
A) Жақты, жақсыз.
B) Атаулы.
C) Толымды, толымсыз.
D) Жалаң, жайылма.
E) Жай, құрмалас. -
Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Ағасы бардың – жағасы бар.
B) Таң мезгілі.
C) Інісі бардың – тынысы бар.
D) Ел іші – өнер кешені.
E) Киімін жинастырды. -
Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз
А) Шарықтап тұр.
В) Сөреде тұр
С) Оқушының жабдығы.
Д) Тоқыма белбеу.
Е) Қызық кітап.
-
Қабысуды табыңыз
А) үйінін қасына жетті
В) халықпен бірге жасайды
С) құрым қара құстар
Д) дүниенің өзгерісі
Е) қиыннан қиыстыру
14. Жанасуды табыңыз
А) жұп-жұпқа бөліну
В) ғалымдардың пікірі
С) бірте-бірте ашылды
Д) алма алдырыпты
Е) ешкімге айтпады
15. Қиысуды табыңыз
А) Айтқаны орындалды.
В) Айтқанына көнбеді.
С) Менің айтқаным.
Д) Сабақтан соң айтты.
Е) Жақсы айтқан.
2-тапсырма
1) Матасу тіркесін жаса 2) Меңгеру тіресін жаса. 3) Қабысу тіркесін жаса
.............................. жеңісі ................................. түсті Көркейген...................
...............................үздігі ................................ жазды