Файл: Мектеп Казанка орта мектебі кммсі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.






Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: «Казанка орта мектебі» КММ-сі

Күні: 17.04.2023ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:




Қазақстан шаруашылығының салалары




Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

9.5.3.1.Қазақстан шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Қазақстан шаруашылығы салаларын жоспар бойынша түсіндіреді.

Оқушардың басым көпшілігі: Қазақстан шаруашылығы салаларын жіктейді.

Кейбір оқушылар: Қазақстан шаруашылығы салаларын салыстырады.

Бағалау критерийі

  • Қазақстандағы шаруашылық салаларын жоспар бойынша түсіндіре алады;

  • Қазақстанның шаруашылық салаларын жоспар бойынша жіктей алады

  • Қазақстан шаруашылық салаларын жоспар бойынша салыстыра алады

Тілдік мақсаттар


Оқылым дағдысы оқулықтағы мәтінді оқу барысында жүзеге асады. Тыңдалым дағдысы оқулықтағы мәтінді шағын топ ішінде бір- біріне түсіндірген кезде қалған топ мүшелерінің тыңдап отыру барысында қалыптасады. Айтылым дағдысы оқулықтағы мәтінді түсіндіру кезінде, қалыптастырушы бағалауда өз ойларын, ұсыныстарын айтуда және кесте толтыру барысында сипаттаманы айтып отыру кезінде жүзеге асырылады. Жазылым дағдысы бағалау парақшасына ұсыныстарын жазуда, кесте толтыру мен кескін картаға түсіру кезінде және венн диаграммасын толтыру кезінде қалыптасады.

Құндылықтарға баулу


Топтық жұмыстар орындау кезінде бір- біріне құрмет көрсету арқылы өзара сыйластық қалыптасады, ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.

Пәнаралық байланыс

Химия- химия өнеркәсібі салаларын жіктегенде түсті және қара металлдарды ажыратуда.

Тарих- Тәуелсіздікті алғаннан кейінгі шаруашылық салаларының қалыптасуын, дамуын анықтауда

Алдыңғы білім


8.5.3.4- дүниежүзі шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин


2-мин

Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал туғызу.Оқушылар бір бірене жүрекшелерді беріп, жақсы тілектерін айтады. (жұпта)

Стикерлер, қоржын, боялған асықтар.


Сабақтың ортасы

12 мин

12 мин

6 мин

Жаңа сабақты меңгеру:

1-тапсырма (шағын топпен жұмыс): «Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы оқушылар тақырыпты үш бөлімге бөліп оқиды (1-оқушы, 2-оқушы, 3-оқушы),бірінші оқушы түсіндіргенде екеуі тыңдайды, үшінші оқушы бірінші оқушыға сұрақ қояды, екінші оқушы түсіндіргенде бірінші оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды, үшінші оқушы түсіндіргенде екінші оқушы үшінші оқушыға сұрақ қояды. Тақырып толық түсіндіріледі. Мұғалім оқушылардың іс- әрекетін бақылап жүреді.

Дескриптор:

  • Тақырыпты үш бөлімге бөліп оқиды;

  • Тақырыпты бір-біріне түсіндіреді;

  • Сол тақырып бойынша сұрақтар қояды;

  • Қойылған сұрақтарға жауап бередІ;

  • Ортақ бір шешімге келеді, қорытындылайды;

  • Топ мүшелері бір- бірін бағалайды.

Қ/Б: Топтағы оқушылар бір- бірін бағалау парақшасында бағалап ұсыныстарын айтады.


Оқушының аты

Тақырыпты түсіндіруі бойынша ұсыныс

Қойған сұрақтары бойынша ұсыныс

Сұраққа жауап беруі бойынша ұсыныс

























К/Б: «Бір жақсы, бір ұсыныс». Мұғалім орындалған тапсырма бойынша түзетуді қажет ететін жақтарына ұсыныстарын айтады және жақсы жағын айтып қорытындылайды.

2-тапсырма (топтық жұмыс): «Кесте толтыру»

Алдыңғы тапсырмада оқып талданған тақырып бойынша шаруашылық салаларын жіктеп, кестеде берілген тапсырмалар бойынша кестені толтырады.

Шаруашылық салалары

Шаруашылық саласының сипаты

Кескін картада орналасу аймағын көрсету










Құрылыс

























Көлік және коммуникация







Дескриптор:

  • Барлық шаруашылық салаларын оқыған мәтінге сай кестеге жіктеп жазады;

  • Шаруашылық салаларын сипаттап жазады;

  • Шартты белгілер арқылы орналасу аймақтарын кескін картаға түсіреді;

  • Ойларын жинақтап бір түйінге келіп, тапсырманы қорытындылайды.

Қ/Б:. «Бағдаршам» әдісі арқылы бір топты басқа топтар бағалайды. Бағалаушы тотпардың біреуіне жасыл түсті қағаз, екіншісіне сары түсті қағаз, үшіншісіне қызыл түсті қағаздар беріледі. Жасыл түс- тиімді жақтарын, сары түс-түзетуді қажет ететін тұстарын, қызыл түс- ұсынысын айтып бағалайды.

К/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек». Тапсырманы орындап жатқан кезде байқаған жақсы жақтары мен кездескен кемшіліктерді болашақта жетілдіру үшін ұсынысын айтып қорытындылайды.

3-тапсырма (жеке жұмыс): «Венн диаграммасы» Алдыңғы тапсырмада орындалған жіктеу бойынша алған білімдерін пайдаланып шаруашылықтың өндірістік саласы мен өндірістік емес саласының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын венн диаграммасына жазады.

Өндірістік сала Ұқсастықтары Өндірістік емес сала



Дескриптор:

  • Өндірістік саланың айырмашылықтарын жазады;

  • Өндірістік емес саланың айырмашылықтарын жазады;

  • Өндірістік және өндірістік емес саланың ұқсастықтарын жазады.

Қ/Б: Слайдта көрсетілген дұрыс жауабы арқылы өзін- өзі бағалайды.

К/Б:Орындалған тапсырма бойынша мұғалім қоырытындылайды. Кездескен кедергілер, жіберілген қателіктер болса болашақта қалай жетілдіруі керектігі туралы ұсыныс айтады.

Оқулық (40-42 бет), үлестірме материалдар

Карта, кескін карта, кесте

А3 форматтағы қағаз, түсті маркерлер

Сабақтың соңы

6 мин

Кері байланыс: «Бес саусақ»

Бас бармақ- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

Балалы үйрек-бірлесу. Топпен жұмыста мен қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Өзімде қандай қиындық көрдім?

Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек-көңіл- күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Үй тапсырмасы: Өзі тұратын жерде шаруашылықтың дамыған саласын анықтап, жазып келу.


Үлестірме материал

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Сабақтың мақсаты сараланған. Тапсырма орындау барысында қиындық туындаған оқушыларға мұғалім бағыт –бағдар беріп, қолдау көрсетеді. Екінші тапсырма оқушылардың жеке қабілеттері мен оқу деңгейлерін ескере отырып тапсырмалар арқылы сараланды.

Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруде әр түрлі әдістер қолданылды.

1-тапсырмада шағын топ ішіндегі оқушылар бағалау парағы арқылы бір- бірін бағалайды, ұсыныстарын жазады. Оқушылар үшін өте тиімді әдіс. Себебі оқушылардың өз ойларын ашық, шынайы айтуға дағдыландырады. Сыни тұрғыдан бағалап, ұсыныс айту дағдысын қалыптастырады.

2-тапсырмада «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір- бірін бағалайды. Әр топқа бағдаршамның көздеріндей түсті қағаздар беріледі. Сол бойынша жасыл түс берілген топ тиімді жақтарын, сары түс- түзетуді қажет ететін жақтарын, қызыл түс- ұсынысын айтады.Оқушылар үшін өте тиімді әдіс. Себебі тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастырады. Ұсыныстарын айту арқылы мақсатқа жетуге жетелейді. Шынайы бағалауға, сын айта білуге дағдыландырады.

3-тапсырмада жеке жұмысты «Өзін-өзі бағалау » әдісімен бағалайды.Өзін- өзі бағалау кезінде оқушының ішкі уәжі төмендемейді. Оқушы Чиксентмихаийдың «алаңдаушылық ағынына» түседі. Өз қатесін түзетуге мүмкіндік алады.



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?