ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: | Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология | |
Педагогтің Т.А.Ә. | Нұрқабыл Г.Ж. | |
Күні: | 05.04.2023 | |
Сынып: 6 Ә В Г Д Е | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ең үлкен, ең кіші, ең қымбат, ең ауыр кітаптар | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 6.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу; | |
Сабақтың мақсаты | Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазасыз; |
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Білім алушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Ұйымдастыру Кезеңі Қызығушылықты ояту 8 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасамын. Үй тапсырмасын тексеремін. Әйгілі кітапханалар атауы бойынша топқа бөлу. Қызығушылықты ояту. • Кітап және кітапхана туралы қандай ой , пікір айтар едіңдер? • Сендер қандай кітапханаға барасыңдар? • Мұрағат сөзіне анықтама беріңдер. • Кітап мұрағаттары дегенде сендердің ойларыңа қандай ұғымдар пайда болады? | Білім алушылар өз ойларын ортаға салады. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады | |
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ 30 мин | Қызықты деректер Әлемдегі ең ауыр кітап - Лондондағы Британ мұражайында сақтаулы тұрған географиялық атлас.Атластың ұзындығы бір метрден асып түседі, ал салмағы 320 кг. Әлемде ең кіші он екі кітап бар. Олардың көлемі бір ас қасыққа сияды. Әлемдегі ең қымбат кітап - «Лестерлік кодекс». Авторы Леонардо да Винчидікі. 1994 жылы Билл Гейтс оны 30,8 миллион долларға сатып алды. Қосарлану арқылы жасалған күрделі үстеулер Сөздердің қосарлануынан, қайталануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: анда-санда, бетпе-бет, арлы-берлі, жиі-жиі, ертелі-кеш, күні-түні, жоғары-төмен. Мәтін Ең үлкен, ең кіші, ең қымбат, ең ауыр кітаптар Әлемдегі ең ауыр кітап Лондондағы Британ мұражайында сақтаулы тұрған географиялық атлас.Атластың ұзындығы бір метрден асып түседі, ал салмағы 320 кг. Әлемдегі ең үлкен кітап Голландия астанасы Амстердамдағы мұражайлардың бірінде сақтаулы тұр. Бұл кітап «Сборник морских правил» деп аталады. Кітаптың ұзындығы орта бойлы адамнан сәл биік, ені 4 метр, қалыңдығы жарты метрге жуық. Әлемде ең кіші он екі кітап бар. Олардың көлемі бір ас қасыққа сияды. Олар: Құранның миниатюралық басылымы ; 12 мың сөзден құралған ағылшын тілінің сөздігі; Галилейдің шығармалары (пошта маркасының жартысындай шамада онда 208 бет) ; Жаңа өсиет , 1896 жылға дейін жер жүзіндегі ең кіші басылым болып саналған шағын кітапша; Британ (шотланд ) ақыны, фольклортанушы Роберт Бернс өлең жырларының томдығы (пергаментке басылған) ; Француз және неміс анықтамалығы ; Моисей Заңдары кітабы (ежелгі еврей тіліндегі ең кіші кітап) ; «Гита» үнді кітабы (санскритте) ; Ирланд және шотланд әндерінің жинағы (нотасымен) ; Франция Конституциясы `(томдықтың әрбір мұқабасы алтынмен жиектелген) ; Бас бармақ көлеміндей кітап АҚШ-тың 16-Президенті Авраам Линкольннің басылымы. Франциялық Жозеф Форе жарыққа шығарған әмбебап «Апокалипсис» кітабы әлемдегі ең қымбат кітап болып саналады. Оның құны ескі франкпен (француз валютасы) 100 милионға бағаланады. Кітап Париждегі қазіргі заман өнер мұражайының көрмесіне қойылған , салмағы 120 килограмм. Белгілі өзбек ақыны Әлішер Науаидың өлеңдері жібек қағазға жазылып, кітаптың әрбір беті алтын өрнектермен әшекейленген. 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма | Дескриптор:_2_балл_-Мәтінмен_танысады;-Қажетті_ақпараттарды_толтырады;Дескриптор:_4_балл'>Дескриптор: 2 балл -Мәтінмен танысады;-Қажетті ақпараттарды толтырады; Дескриптор: 4 балл -Мәтіннен маңызды ақпарат табады; -Мәтіндерді жинақтайды; -4ақпарат табады; Дескриптор: 2 балл -Жинақы мәтін жазады; -ақпаратты түсінеді; Дескриптор: 2 балл -Үстеу түрін табады; -Мағыналық түрін ажыратады; | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады Білім алушылардың болжамд жауаптарын ескереді. | https://youtu.be/mIzFjwEjF7Q |
Сабақтың соңы Қорытынды Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | Рефлексия: «Стикердегі диалог» әдісімен сабақты аяқтайды. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады. | Бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды. | https://learningapps.org/watch?v=p5qbof6c322 Padlet.com. |