Файл: Соза ауданыны адами леуетті дамыту бліміне А. С. Макаренко атындаы жалпы орта мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесінен млімет.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне
А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінен мәлімет
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» және жұмыс жүргізу мақсатында құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысы бойынша жұмыс жоспары құрылып, жасөспірімдерге дұрыс ақпарат беріп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Мектебімізде осы тақырыптарда көптеген кездесулер, іс-шаралар өткізілді. Ауылдық инспектор Тукушов Маратпен бірге рейд жұмыстары да белсенді атқарылды.
Дегенмен жасөспірімдердің демалыс уақыты кезінде қараусыз қалуы, ата-ана тарапынан бақылаудың аз болуына байланысты құқық бұзушылықтар болып жатады. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінез-құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Мектепте кәмелетке толмағандар жасөспірімдерге үнемі құқық қорғау органдары мамандарымен кездесулер өткізіледі. Мәліметтер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап
ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан деп айтуға да болмайды. Себебі кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деп ата-бабамыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз. Алдағы уақытта кемшіліктерді жою мақсатында тұрақты жұмысты жандандырамыз деп сендіреміз.
Мектеп директоры: Л.Алғазиева
Орындаған: О.Тастанов