Файл: алматы технологиялы университеті А дизайн, текстиль жне киім технологиялары факультеті Бйымдар мен тауарларды технологиясы мен растырылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 65

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ДИЗАЙН, ТЕКСТИЛЬ ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
«Бұйымдар мен тауарлардың технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасы

Оқу практикасынан өту туралы
ЕСЕП БЕРУ



Орындаған топ студенті

МиАЛП 20-11

(топ)

Есбосынов.Д.Б

(қолы, аты-жөні)


Университеттен тәжірибе жетекшісі

М.О.

Т.Ғ.К Сениор-лектор

(қызметі)

Қайранбеков.Г.Д

(қолы, аты-жөні)




АЛМАТЫ. 2022 ж

Мазмұны

КІРІСПЕ

1.КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1.1 Университет туралы жалпы мағлұмат

1.2 Кәсіпорындар туралы жалпы мәліметтер

2.КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Бұйымдарды шығару процестерінің негізгі схемаларын талдау

2.2 Бұйымдар мен жабдықтар түрлерін жіктеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Мен Есбосынов Дауырбек Бекболович Алматы Технологиялық Университетінің Дизайн текстиль және киім технология факультетінің 2 курс студенті 2022 жылдың 30.05-10.06 аралығында КазЛегПром Алматы ЖШС де тәжірибеден өттім.

Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын

Аяқ-киім,тігін-галантерия бұйымдарын өндіретін салалармен мен кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары –мақта-мата,зығыр,жүн,жібек,кендір-кенеп,аяқ-киім,былғары және аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.

Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету. Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми – техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциялын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан – жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудың қарқынды жолына көшу негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.

Іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл ойымен мәдениеттің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Жеңіл өнеркәсібінің мақсаты ғылым техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, қазіргі заманға сай, сапалы және кең көлемді ассортиментті өнім шығару болып табылады. Минимальды операциялы техникамен конструкцияны қолдану арқылы еңбек өнімділігінің жоғары болуын уақыт нормасын ұтымды пайдалануға жоғары сапалы өнім дайындауды қамтамасыз етеді.


Тігін бұйымдарын өңдеуге арналған жабдықтар технологиялық процестердің комплекті механизациясын құрып өңдеу әдістерін параллельді орындап отырады.

Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адаға ең қажетті зат болып табылады. Сондықтан да оған қойылатын талаптар күннен күнге өсіп отырады.

Жаңа киім моделін орындау суретші, модельер, конструктор, технолог мамандарының шығармашылық еңбегінің туындысы. Киім кешек ұғымы адамдардың уақытша және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы бір ұғымды бейнелейтін модельімен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқаратар өзгереді, яғни мода да үнемі жаңарып отырады. Адамның киімге деген талғамы әр қашан жоғары болған. Әсіресе қазіргі экономиканың дамуына байланысты адамдардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы және жалпы өркениеттік дамуына байланысты киім негізгі адам қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар сәндік функциясын атқара бастады. Киімге, матасына, оның сапасына қойылатын талаптар жылдан жылға жоғарылай береді. Киімнің әр түрлі ассортиментіне деген сұраныстың жоғарылау жағдайында, әсіресе шағын өндірістер, ательелер адамдары жақсы киініп қоймай ,сонымен қатар басқалардан ерекшеленгісі келеді.

Тігін өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі мен сапасын арттыру үшін отандық және шетелдік ең алдыңғы қатарлы тігін технологиялар мен киімдердің әлемдік модельдерін жасау арқылы Қазақстан халықаралық киім үлгісінің көрмелерінде жақсы көрсеткіштермен әлемге танымал.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі.

Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары.

Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптін өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді.

Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін



шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.2013 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласының физикалық өндірісі өткен жылға шаққанда 111 пайызға жетті. Тері және тоқыма өнімдерінің өндірісі сәйкесінше 135,6 және 125,6 пайызды құрап отыр. 2013 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласының физикалық өндірісі өткен жылға шаққанда 111 пайызға жетті. Тері және тоқыма өнімдерінің өндірісі сәйкесінше 135,6 және 125,6 пайызды құрап отыр. Ақпаратты статистика жөніндегі агенттік өкілдері таратып отыр. Сала мамандары жылдың соңына дейін нарықтағы өсім 9 пайызды еңсеретін болады деп болжап қойды. Бұл қолданыста бар кәсіпорындарды жетілдіру мен жаңасын ашу арқасында мүмкін болады.

Мата, киім, аяқ киім, трикотаж, шұлық-ұйық және тері бұйымдары, бас киімдер өндірісімен қатар шығарылатын өнімдер құрылымында мақта талшығы өндірісінің, әлеуметті ведомстволарға арналған заттай мүліктің үлестік салмағы жоғары. Сала сонымен қатар халықтың медициналық мақсаттағы бұйымдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арнайы, жұмыс киімдері мен аяқ киімдерге, жеке қорғау құралдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді. Саланың ерекшеліктірінің арасынан салынған қаражаттың тез және барынша тиімді қайтарымын, әйел еңбегін дәстүрлі пайдалануды, жоғары әлеуметтік маңызын атап айтуға болады.

Кәсіпорын туралы мәлімет

«Казлегпром-Алматы» - бүгінгі таңда бұл Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптегі ең ірі жоғары технологиялық өндіріс орындарының бірі. Тігін және аяқ киім фабрикасы 2011 жылдан бастап табысты жұмыс істеп келеді, арнайы киім мен аяқ киім, әскери киім, азаматтық киімдер мен аяқ киімдер өндірісін игерді.Құрылтайшылар зауыт ғимаратын салудан және шеберхананы заманауи қондырғылармен жабдықтаудан бастады. «Казлегпром-Алматы» ЖШС-нің міндеті - Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп нарығын отандық бәсекеге қабілетті тігін және аяқ киім өнімдерімен қамтамасыз ету. Тігін және аяқ киім фабрикасының өндірістік қуаттылығы жылына 1,5 миллионға дейін әртүрлі киім және 500 мың жұп аяқ киім шығаруға мүмкіндік береді. Өндірістік кешен 1 га жерде орналасқан, жалпы ауданы 12033,7 м2. Қызметкерлер саны 400 адамнан асады. Өндіріс - бұл заманауи модернизацияланған кешен, онда тігін және аяқ киім өндірісінің ең озық технологиялық шешімдері енгізілген. Зауытты алдыңғы қатарлы өндірушілердің (Германия, Жапония, АҚШ) заманауи және жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықтау бізге қысқа мерзімде жоғары сапалы деңгейде өнімнің үлкен көлемін шығаруға мүмкіндік береді.Зауыт өз жұмысын 2013 жылы Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және ішкі әскерлер тапсырған әскери форма шығарумен бастады. Содан кейін компания өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған жұмыс киімдерін өндіруді игерді. Осыдан бір жылдай бұрын мұнда азаматтық киім линиясының - классикалық костюмдер мен аяқ киімнің өндірісі басталды.




Сурет I - «Казлегпром-Алматы» тігін өндірісіндегі негізгі тігін шеберханасы

«Казлегпром-Алматы» ЖШС 2011 жылы пайда болды. Құрылтайшылар зауыт ғимаратын салудан және шеберхананы заманауи қондырғылармен жабдықтаудан бастады. Зауыт өз жұмысын 2013 жылы Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және ішкі әскерлер тапсырған әскери форма шығарумен бастады. Содан кейін компания өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған жұмыс киімдерін өндіруді игерді. Осыдан бір жылдай бұрын мұнда азаматтық киім линиясының - классикалық костюмдер мен аяқ киімнің өндірісі басталды.

Өндіріс - бұл модернизацияланған кешен, онда тігін және аяқ киім өндірісінің ең озық технологиялық шешімдері енгізілген. Өндірістің барлық кезеңдерінде сапаны көп сатылы бақылау арқасында зауыт өнімдері

сапа стандарттарына сәйкес келеді. Казлегпром-Алматы киім және аяқ киім

өндірісіне мамандандырылған. Компания иелері 800 дана қазіргі заманғы



Сурет 2 - өндірісте аяқ-киімнің өңделуі

жабдықты сатып алып, өндіріске 6 миллион еуроға жуық қаражат салды. Зауытта американдық, итальяндық, неміс және жапондық автомобильдер қолданылады. Кәсіпорынның дүкендерінде 450 адам жұмыс істейді. Өндіріс басталған кезде компанияда жұмысшылар тапшылығы болды. Қазір «Казлегпром-Алматы» өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және кадрларды даярлауға көп көңіл бөледі. Фабрикада «Шебер» оқу орталығы жұмыс істейді, оның негізінде үш айлық курста тігін және аяқ киім өндірісі бойынша мамандар оқытылады.

«Казлегпром-Алматы» компаниясы «Қазақстанның үздік тауары-2015» аймақтық және республикалық көрмелердің жеңімпазы болды. Ол Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының мүшесі, «Қазақстанда жасалған» сертификатының және «Халық маркасы» белгісінің иегері. 2016 жылдың соңында өткен республикалық жастар форумында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен біздің зауыттарғарнайы барамын. Олар қазір әдемі аяқ киім мен киім шығаруда. Мен сол жерде костюмдерге тапсырыс беремін ».



Сурет- 3 Өндіріс қазіргі кезде әскери форма тігу барысында


Компания сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларында сатылымдар орнатып, өз өнімдерін көрші елдерге экспорттауды жоспарлап отыр. Компания ары қарай даму жолында.

1.1 Университет туралы жалпы мағлұмат

Алматы технологиялық университетінің он үш қабатты әкімшілік ғимараты Алматы қаласының орталығында, Төле би және Ахмет Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан. 2017 жылы оқу ордасына 60 жыл толады. Қызмет еткен жылдары АТУ баға жетпес кадрлық және ғылыми әлеуетін жинақтап, қуатты материалдық-техникалық базасын қалыптастырды, тағам және жеңіл өнеркәсіп салалары үшін жоғары білімі бар 50000-нан астам мамандар даярлап шығарды. АТУ түлектері бүгінде Қазақстан Республикасының түпкір-түпкірінде және көптеген шет елдерінде жұмыс істеп жатыр. Олар Қазақстанның және еңбек етіп жатқан елдердің экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлестерін қосуда.Екі мыңыншы жылдардың басы Алматы технологиялық университетінің ірлегі дамып, өркендеген кезеңі болды. Бірақ кез келген оқу ордасы, бірінші кезекте, онда жұмыс істеп жатқан адамдардың арқасында өнімді қызмет ететіні белгілі. Оқу ордасында жұмыс істеген көптеген адамдардың, жоғары оқу орнының қалыптасуының университеттік кезеңіне дейінгі басшылардың еңбегі АТУ-дың қалыптасуының негізінде жатыр.

Факультет дизайн, тоқыма өндірісі және жеңіл өнеркәсіп бұйымдары саласындағы көптеген мансапты қамтиды.

Бүгінде бұл мамандықтар сұранысқа ие және шығармашылық жағынан қызықты болып саналады.Факультет студенттердің болашақ мамандығын табысты үйретіп, үнемі шығармашылық ізденісте жүрген профессорлық-оқытушылар құрамының жұмысын жүргізеді. Факультет келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындайды:

• 6В07204 – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (салалар бойынша);

• 6В07205 – Текстиль материалдарының технологиясы мен конструкциясы (салалар бойынша);

• 6В02101 – Дизайн (салалар бойынша);

• 6В07107 – Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен құрылғылары.

Алматыдағы Технологиялық Университет халықаралық деңгейде біртіндеп танылуда. Бұл жоғары оқу орны:

• Бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі (мысалы, Халықаралық университеттер қауымдастығы, Техникалық мамандықтар бойынша студенттерді алмасу бойынша халықаралық қауымдастық);

• Германияның академиялық алмасу қызметі, Қазақстандағы Британдық кеңес және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

Алматы технологиялық университетінің құрамында 5 бөлімше бар: