ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні:09.09.2022 | Сынып: 8 «Г» | Сынып жетекшісі: Темиржанова Ф | |
Тақырыбы: | Отбасы мәдениеті | | |
Мақсаты: | Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға,отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету. | | |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушының назарын сабаққа аудару Таныстырылым | Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбье сағатымыздың тақырыбы « Отбасы мәдениеті» деп аталады. Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету. Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі — ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен. Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек. Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек. Әңгімелесу сұрақтары: 1. Отбасындағы мәдениеттілікті сақтау неге байланысты? 2. Отбасындағы тату тәтті өмір сүруге басты қасиеттер қандай болу керек? 3.Мұғалімдердің үлесі қаншалықты? Проблемалық жағдаят: Саят өз ата-анасын басқа балалардың ата-аналарымен салыстырады. Кейде Саяттың өз ата-анасына көңілі толмай реніш білдіретін кездері де болады. - Саяттың іс-әрекетін қалай бағалайсың? - Саятқа қандай кеңес берер едіңдер? 3. Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата-анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды. - Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде? - Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар? Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жас ұрпақты әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Тәрбиенің көзі – ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, біз сол насихаттың жүргізушісіміз. Бұған қоғам алдындағы үлкен міндет ретінде қараған жөн. | Оқушылар салемдеседі Оқушылар мәліметтерді зер салып тыңдайды Оқушылар сұраққа жауап береді, өз ойларын айтады. Оқушылар өз ойларын, шешімін айтады. | |
Кері байланыс |
Кері байланыс: | Сабақтан алған ісерлерімен бөліседі | |