ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Автордың тегі, аты – жөні | Сағитжан Әмина Ерікқызы |
Тұрғылықты мекен – жайы | Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Қабақбаев көшесі, №22 үй |
Білім беру мекемесі | Шалқар қаласының №8 жалпы орта білім беру мектебі |
Телефоны, электрондық пошта | +7 705 4767527, aiga_ase@mail.ru |
Мен болашақта кім боламын?!
Менің атым Әмина. Мен Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласының «№8 жалпы орта білім беретін мектебінің» №1 «Ә» сыныбында оқимын. Бала кезіндегі әр адам бір нәрсені армандайды. Оның ішінде өзінің болашақ мамандығы туралы да айтуға болады. Біреу ғарышкер, полиция қызметкері, стюардесса, теңізші, стилист болуды армандайды. Мен дәрігер болуды армандаймын. Бұл мамандық, әрине, көп күш, шыдамдылық пен уақытты қажет етеді. Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады. Сол себепті ең алдымен мен сабақты жақсы оқуым керек.
- Мен өскенде кім боламын? – қандай қызық сұрақ еді, өйткені қазір ойын ойнап жүріп, ертең өскенде ата – анамыз сияқты бір мамандық иесі боламыз. Өскенде мен дәрігер болғым келеді. Дәрігер мамандықты таңдауға менің емханамдағы бала-дәрігерім Ботакөз Шәкезадақызы себепші болды. Ол әрқашан мені де, барлық баланы да күліп қарсы алады, жұмсақ алақанымен емдейді, тәтті дәрі береді. Әрқашан көмектесуге дайын. Сол себепті мен де болашақта дәрігер болып, адамдарға көмектескім келеді. Атамды-әжемді емдеп, еңбектерін ақтағым келеді. Адамдардың денсаулықтарын тексеріп, емдеп, олардың жүздеріндегі қуанышты көргім келеді. Білімді, мейірімді дәрігер болып, олардың өмірге деген құлшыныстарын арттырғым келеді. Әрине, дәрігер болу – жауапты мамандық. Дәрігер болуды үлкен дәреже деп білемін. Менің қолымнан дәрігер болу келеді, мен бұл арманыма қол жеткізуге талпынатын ізденетін боламын. Ол үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқып, медициналық университетке түсуім керек. Сабақтан тыс уаықтта мен сіңіліммен дәрігер болып ойнаймыз. Маған жаңа жылда әкемнің сыйлаған дәрігер қобдишасы бар. Оның ішіндегі стетоскоппен тындаймын. Ем жасаймын. Егер қандай да бір себептермен мен дәрігер бола алмасам, онда басқа да көптеген қызықты және маңызды мамандықтар бар, мысалы: мұғалім, дәрігер, стюардесса… Ең бастысы, адам көп еңбектену керек, зейінді болуы қажет және де адамдарға куаныш сыйлау керек. «Өзі таңдаған мамандықты сүйсіне, шын көңілмен істеген адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуаныш таба білсе ғана, шабыты арта түседі. Еңбек түбі – береке!» - дейді атам.
Мен тек бірінші сынып оқушысымын, бұл тек менің арманым. Бірақ менің мектепте алған білімім мен отбасымдағы тәрбие маған болашақта қоғамға пайдалы жұмыс істеуге көмектесетінін жақсы түсінемін.