Файл: Білім беру йымыны атауы Ы. Алтынсарин атындаы орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 133

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім беру ұйымының атауы

«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

6-бөлім.Қиял әлемі

Педагогтің аты-жөні:

Генжемуратова Л.К

Күні:

24.01.2023 ж

Сынып: 5 «А» сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қиялдан туған суреттер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;

Сабақтың мақсаты

Берілген ауызекі сөйлеу мәтіні мен жазба стиліндегі мәтіннін айырмашылықтарын ажыратады

Эссе құрылымын сақтап, белгілі бір оқиғаны сипаттап немесе суреттеп жазады

ЕББҚ (Зейіні шашыраңқы)

Мұғалім көмегі арқылы белгілі бір оқиғаны сипаттап немесе суреттеп қысқаша эссе жазады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сәлемдесемін. Оқушыларды түгендеймін

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру әдісі "Хор"деп аталады.  Сыныптан бір оқушы сыртқа шыға тұрғанын өтінемін, сыныпта қалған қатысушылар бір өлеңнің 1 шумағының сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан оқушы келген кезде бір, екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген оқушы қандай өлең екенін табу керек.

(Өлең өтілетін тақырыпқа байланысты болады)

Бұл күнгі ғаламаттар, алдыменен,
Адамның қиялында жаратылған.
Барлығын да адамзат қиялдаған,
Қиялдап жер бетіне сыя алмаған.
Ойлап-ойлап, отырып кілеміне,
Аспанға ұшудан да ұялмаған.
Қиялдап, менің дана, байғұс бабам,
Алайда, атқа мініп, Айға ұшпаған.
Бабамның қиялымен қанаттанып,
Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.

Сабақ мақсатын таныстырамын, сабақтағы жасалатын жұмыстың критерийлерін өздеріне жасатамын

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Хор» әдісі арқылы берілген 1 шумақ өлеңнің сөздерін үстелге үлестірме қағазбен қоямын. Сыныптан 1 оқушы сыртқа шығып тұрады. Үлестірме қағаздағы сөздерді бөліп алып болған соң шыққан оқушы сыныпқа кіреді. Кірген кезде үлестірме қағаздағы сөздерді оқиды сол кезде оқушы өлеңді және авторын табады.


Өлеңнің мағынасы арқылы тақырыпты болжайды

Оқу мақсатынан игеретін әрекеттерді анықтайды







Сабақтың ортасы

5 мин

Өтілген тақырыптар бойынша еске түсіру үшін «Ыстық орындық» әдісін пайдаланамын

Сыныптан бір оқушы шығып орындыққа отырады әр қатардан 1 сұрақтан қойылады. Оқушы сұраққа жауап бере алмаса балы түсіп отырады

Әр жауапқа 1 балл

(3 балл)




Жаңа білім

15 мин


1-тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушыларға суретті көрсетемін.

Ауызекі сөлеу стилі

Жәудір: Назым, кешегі газетті оқыдыңыз ба?

Бота: Не боп қапты, Жәудір?

Жәудір: Газеттің төртінші бетін ашыңызшы.

Бота: Иә, аштым.

Жәудір: Қай жарнамаға көзіңіз түсті?

Бота: Мына суреттері ерекше безендірілген жарнаманы бірден байқадым. Қара, қара, енді аспан әлеміне саяхат жасауға болды екен!

Жәудір: Қойшы, рас па? Онда неғып отырмыз? Саяхаттаудан біз де құр қалып қоймайық!

Бота: Жоқ. Бүгін бара алмайм.

Жәудір: Мен бүгін бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, көңілімді жайландырайын.

Жазбаша стиль

Қиял шығармашылық бастауы расымен де,өмірде қиялдап,армандамасаң мақсатыңа қалай жетесің? Кейбіреулер арманды бос қиялға теңейді менің ойымша арман мен қиял егіз ұғым. Қиялдап өз арманына жеткендер аз емес. Қиялдап менде дәл қазір өз шығармашылығымды бастадым. Қиялдап көзіңді бір сәтке жұмып көрші кейбіреулердің көз алдына ерекше бір сурет,біреулерге өлең жолдары,ал,енді біреулерге құлақтарына әуен келер. Міне,қиял адамның арманынан туады. Әр адамның өз арманы,өз қиялы болады. Және армандап қиялдай отырып,өз мақсатына жетеді.Барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Міне әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби атамыздың ұлы сөзі де осыған дәлел. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушылықтары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; Сөз соңында өміріміз қиял-ғажайыпқа толы болғай дегім келеді

Берілген мәтіндермен танысып. Оқып шығады

Ауызекі сөйлеу мәтіні мен жазба стиліндегі мәтіннін айырмашылықтарын кестеге жазып шығады

Ауызекі сөйлеу стилі




Жазбаша стиль






Өзара бағалау

Дескриптор:

- Ауызекі сөйлеу мәтіні мен жазба стиліндегі мәтіннін айырмашылықтарын ажыратады 2 балл



№3 қосымша мәтіндер

15 минут


Жазылым алды тапсырмасы

Эссе жазу талаптарымен таныстырамын

2-тапсырма.

«Менің қиялымдағы мектебім » тақырыбында эссе жазуда өз қиялындағы мектебін суреттеп немесе сиппаттап жаздырамын

ЕББҚ

Эсседе өзіндік қиялымен мектебін сипаттауын сұраймын. Эссе жазуға көмектесетін жоспар ұсынамын.

Жоспар:

Кіріспе: Мектеп – білім ордасы

Негізгі бөлім

Мектебім жарқын-болашағым жарқын

Қорытынды:

Өмірге қадам мектептен бастау алады.

Эссе жазбастан алдын эссе жазудың талаптарымен ережелерін оқып танысып шығады.

«Менің қиялымдағы мектебім» тақырыбында болашақ мектебін суреттеп немесе сипаттап эссе жазады.

ЕББҚ

Эссе жазуда қойылатын талаптар мен ережелерін мұғалімнің көмегі арқылы танысады.

Берілген жоспарды пайдаланып « Менің қиялымдағы мектебім» тақырыбында эссе жазады.


Мұғалімнің бағалауы Бағалау критерийлері:

1.Эссе құрылымын сақтайды

2.Эсседе болашақ мектебіне сипатама беріп, суреттейді




Сабақтың соңы

3 мин



Сабақты бекіту үшін «Қоржындағы сұрақтар» әдісін қолдану.

Сұрақтар салынған қоржынды ортаға қою.

Оқушылар келіп сұрақтарды алып оқиды.

Оқушылар с

ұрақтарға жауап береді.


Қоржыннан алынған сұрақты мұқият тыңдайды.

Сұрақтар:

  1. Сабақта қандай мақсаттарды игердік?

  2. Мақсатқа жету үшін орындалған тапсырмалар?

  3. Нешінші тапсырма мақсатқа жетуде оңай болды?






Кері байланыс

4 мин

Кері байланыс

Ашық хат әдісін пайдаланып кері байланыс жасату


«Ашық хат» әдісі бойынша

Не жақсы болды?

Ең қызықты болған тапсырма

Өзіме қандай тәлім алдым?

Алдағы уақытта мен ......

Кездескен кедергілер.







Ауызекі сөлеу стилі

Жәудір: Назым, кешегі газетті оқыдыңыз ба?

Бота: Не боп қапты, Жәудір?

Жәудір: Газеттің төртінші бетін ашыңызшы.

Бота: Иә, аштым.

Жәудір: Қай жарнамаға көзіңіз түсті?

Бота: Мына суреттері ерекше безендірілген жарнаманы бірден байқадым. Қара, қара, енді аспан әлеміне саяхат жасауға болды екен!

Жәудір: Қойшы, рас па? Онда неғып отырмыз? Саяхаттаудан біз де құр қалып қоймайық!

Бота: Жоқ. Бүгін бара алмайм.

Жәудір: Мен бүгін бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, көңілімді жайландырайын.

Жазбаша стиль

Қиял шығармашылық бастауы расымен де,өмірде қиялдап,армандамасаң мақсатыңа қалай жетесің? Кейбіреулер арманды бос қиялға теңейді менің ойымша арман мен қиял егіз ұғым. Қиялдап өз арманына жеткендер аз емес. Қиялдап менде дәл қазір өз шығармашылығымды бастадым. Қиялдап көзіңді бір сәтке жұмып көрші кейбіреулердің көз алдына ерекше бір сурет,біреулерге өлең жолдары,ал,енді біреулерге құлақтарына әуен келер. Міне,қиял адамның арманынан туады. Әр адамның өз арманы,өз қиялы болады. Және армандап қиялдай отырып,өз мақсатына жетеді.Барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Міне әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби атамыздың ұлы сөзі де осыған дәлел. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушылықтары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; Сөз соңында өміріміз қиял-ғажайыпқа толы болғай дегім келеді







Білім беру ұйымының атауы

«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

6-бөлім: Су-тіршілік көзі

Педагогтің аты-жөні:

Генжемуратова Л.К

Күні:

23.01.2023 ж

Сынып: 6 «Е» сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның қайталанбас көлдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

Сабақтың мақсаты

Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинайды

Жинаған деректері бойынша графиктік мәтін (сызба, кесте, диаграмма) жасайды

ЕББҚ

ЖАДА аймағында қолдау арқылы тақырып бойынша мәліметтер жинап, кесте құрастырады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (Ұйымдастыру)

5 мин

Сәлемдесемін. Оқушыларды түгендеймін

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Сен маған мен сағана» әдісі арқылы бір-біріне тілек айтқызамын
Слайд арқылы оқу мақсатын таныстырамын

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «СЕН МАҒАН, МЕН САҒАН» әдісі арқылы жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді.
Сұрақтарға жауап беру барысында тақырыпты болжайды

Оқу мақсатынан игеретін әрекеттерді анықтайды

Қолдау, қолпаштау

«Жарайсың», «Керемет»




Сабақтың ортасы

(Өткен білімді еске түсіру)

5 мин

«Жылдам жауап» әдісі арқылы өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын

Оқушылар қойылға сұрақтарға жылдам жауап береді

Су туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер

Судың пайдасы мен зияна туралы не айтар едіңіздер

Судың қандай қасиеттері бар?







Жаңа білім

15 мин



1-тапсырма Жеке жұмыс

Берілген мәтәнмен танысып, мәтіндегі незізгі деректерді жазып шығуын сұраймын


Мәтінді мұқият оқиды «Түртіп алу» әдісі арқылы әр оқушы мәтінде берілген деректерді жазып алады


Жұптасын бағалау бағалау

Дескриптор:

1 Мәтінннен деректерді анықтайды




15 минут


2 - тапсырма. Топтық жұмыс

Жазып алған деректерінен

1-топ Кесте

2-топ Диаграмма

3-топ Сызба

Құрастырып түсіндіруін сұраймын

2 - тапсырма. Топтық жұмыс

Жазып алған деректерінен

1-топ Кесте

2-топ Диаграмма

3-топ Сызба

Құрастырып түсіндіреді.


«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы бағалау.

Бағалау критерийлері:

  1. Кесте құрастырады

  2. Сызбамен деректерді жазады

  3. Диаграмма түрінде деректерді жазады


Сабақтың соңы

(Бекіту)

3 мин



Сабақты бекіту үшін «Қоржындағы сұрақтар» әдісін қолдану.

Сұрақтар салынған қоржынды ортаға қою.

Оқушылар келіп сұрақтарды алып оқиды.

Оқушылар с

ұрақтарға жауап береді.


Қоржыннан алынған сұрақты мұқият тыңдайды.

Сұрақтар:

  1. Сабақта қандай мақсаттарды игердік?

  2. Мақсатқа жету үшін орындалған тапсырмалар?

  3. Нешінші тапсырма мақсатқа жетуде оңай болды?






Кері байланыс

4 мин

Кері байланыс

Ашық хат әдісін пайдаланып кері байланыс жасату

«Ашық хат» әдісі бойынша

Не жақсы болды?

Ең қызықты болған тапсырма

Өзіме қандай тәлім алдым?

Алдағы уақытта мен ......

Кездескен кедергілер.










ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІ
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдің теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысы жоқтығы. Көлдер жазықта да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болып келеді. Табиғатта ауданы шағын кішкентай көлдер де және үлкендігіне байланысты теңіз деп аталатын ірі көлдер де бар.
Көлдер тереңдігі жағынан да әр түрлі. Евразиядағы Байкал көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл. Оның ең терең жері 1620 метр.
Қазақстанда 48 мың көл бар. Олардың ең ірілері: Каспий, Арал, Балхаш.
Қазақстанда ауданы 100 км2 - тан асатын 21 көл картаға түсірілген.
Қазақстан көлдерінің ерекшелігі:
94 % (Көбі) кішкентай көлдер.
Табиғат зоналарына біркелкі таралмаған.
Көлдердің суы солтүстіктен оңтүстікке қарай тұщы көлден тұзды көлдерге ауысады.
Қазақстан көлдері топ - топ болып шоғырланып орналасқан.
Жасының әр түрлі болуында
Көл ---------------------- Ауданы, км²
Каспий теңізі --------- 371000
Балқаш ----------------- 16400
Арал теңізі ------------- 13900 (2015 ж)
Солтүстік Арал теңізі ----------- 3300
Алакөл -------------------- 2200
Зайсан -------------------- 1810
Теңіз көлі ---------------- 1590
Сілетітеңіз ---------------- 750
Сасықкөл ----------------- 736
Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай:
Тектоникалық көлдер
Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік - шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған. Жайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз - Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы (Бурабай, Зеренді, т. б.) осы топқа жатады.
Реликті (қалдық) көлдер
Ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш - Алакөл ойысындағы кейбір көлдер қалдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері.
Мұздық көлдер (морена)
Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т. б. мұздық көлдері жатады.
Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуінен пайда болған көлдер
Бөгендер мен тоғандар
Ескі арна көлдері
Қар көлдері



Тексерілді

Білім беру ұйымының атауы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис

Педагогтің аты-жөні:

Ережепова А.Т

Күні:

30.01.2023ж

Сынып: 9 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы отбасы күні

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты

-мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтайды.

-салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолданады.

ЕББҚ (Есту қабілеті нашар )

-мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтайды.

-салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақың басы

(Ұйымдастыру)
3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеймін

«Көңілді сөз» жаттығуы арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын және жаңа сабаққа қызығушылығын оятамын

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылап, таныстырамын:

-Бүгін сабақта мақсатқа сәйкес қандай іс-әрекеттерді орындаймыз?

-Үйренгендеріңіздің дәлелі не болмақ?

Шеңбер жасап тұрады. Жанындағы оқушыға қарап көңілін көтеретіндей бір сөз айтады.

Мыс: Кереметсің, бүгін ерекшесің, әдемісің

Суретке қарап тақырыпты болжайды

Сабақ мақсатына қатысы үйренетін әрекеттерді анықтайды.







Сабақтың ортасы

(Өткен білімді еске түсіру)

3 мин

Сабаққа кіріспе

Сұрақтарға жауап беріп, ойларыңды ортаға салып талқылатамын.

1. Еуропаны неліктен «Кәрі құрлық» деп атаймыз? Пікірлеріңді ұсыныңдар.

2. Қай кезде елдің демографиялық ахуалы нашар болуы мүмкін?

Оқушылар сұрақ тарға жауап береді

Өз ойларын ортаға салады жеке өзіндік пікірлерін айтады







11 мин

1-тапсырма. Топтық жұмыс

«Галереяны шарлау» әдісі бойынша әр топқа тапсырма беремін

Тапсырма нұсқауымен таныстырамын

Нұсқаулық сұрақтарға жауап беруде 1 тапсырма мәтінінен алынға ақпараттарды өмірлік мәселелермен байланыстырып жаздырамын


ЕББҚ қолдауды саралай әдісін қолдану

Берілген тақырып бойынша топтастарынмен жұмыс жасауда көмектесетін көмектесетін дескриптор ұсынамын



Оқушылар тапсырма нұсқаулығымен танысып әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды

1 топ. Әлем үшін қайсысы қауіптірек: халық санының өсуі ме, әл де халық санының азаюы ма? Дәлелдермен көрсет

2 топ. Демографиялық дағдарыс орын алған Еуропаның дамыған елдеріндегі ахуалды өзгерту үшін қандай жағдайлар жасау қажет деп ойлайсыңдар?

3 топ. Таяу Шығыс пен Африка елдерінен келген босқындарды қабылдау арқылы Еуропа елдерінің демографиялық ахуалы түзеледі деп ойлайсыңдар ма?

4 топ. Қазақстанның ұстанып отырған демографиялық саясаты на қандай баға бересіңдер? Біздің елімізде демография лық дағдарыс орын алуы мүмкін бе?

Тапсырмаларын оқушылар өзіндік шеберліктеріне қарай А3 парағына орындайды сыныптың 4 қабырғасына қойып 1 оқушы гид (таныстырушы) болады келесі топ мүшелерім топтарды аралап сұрақ жауабымен танысып өз тобында 4 сұрақ аясында талқылау жасайды
ЕББҚ

топтастарының көмегіне сүйеніп мәтіндегі мәліметтерін пайдалана отырып өз пікір айтады

«Жапондық бағалау» әдісі бойынша өзін өзі бағалайды Бағалау критерийлері:

1 Мәтінді тыңдайды

2.Мәтіннен қажетті ақпараттарды табады

3 Өмірлік мәселелермен байланыстырып жазады







2-тапсырма. «Түртіп алу» әдісі арқылы оқушыларға 121-беттегі 1-тапсырма мәтінінен кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді тауып жазып шығуын сұраймын


Оқушылар тапсырма нұсқаулығымен танысады.

1-тапсырма мәтінімен танысады.

кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді табу үшін ережені оқып талдайды.

Мәтіннен кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді тауып жазады

Дескрипторды басшылыққа ала отырып топтар өзара бағалау

Дескриптор;

- мәтіннен талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді анықтайды.

- кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді дәптерге қатесіз жазады

Оқулық 9 сынып Арман ПВ баспасы

Сабақтың соңы

(Бекіту)

4 мин


Рефлексия «Білім баспалдағы» әдісі бойынша сабақтан алған біліміне рефлесия жасату

Сабақта алған білімін бекіту үшін «Білім баспалдағы» әдісі арқылы сабақтың өн бойына жасаған іс-әрекетіне талдау жасайды




«Білім баспалдағы»

Кері байланыс

4 мин

Таратылған стикерлерге сөйлемдерді толықтырып жаздыру
Мен бүгін ..... жасай алдым.

Мен тапсырманы орындау ......... ескеруім керек.

........... жетістіктерге жеттім

Менде ............ кедергілер болды.

Тапсырмаларды орындауда ............... өзгерттім

Сабақта жасаған іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды

Кері байланыс үшін таратылған стикерлерге сөйлемдерді толықтырып жазады









«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Тоқсан:

3-тоқсан

Бөлім:

3 бөлім Адам жанының құпиясы

Педагогтің аты-жөні:

Генжемуратова Л.К

Күні:

24.01.23ж

Сынып : 9 «В» сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Құлагер – еркіндікке ұмтылған қазақ елінің символы» БЖБ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу

Сабақтың мақсаты:

Шығарма илеясына сәйкес кейіпкерлерді жүйелеп көрсетеді

автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін ашып талдайды

ЕББҚ: (2-топ) Оқуда ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары бар жеке оқу дағдыларын меңгеруде қиындықтары бар жазуы төмен оқушы мұғалімнің ықпалымен әдеби шығармадағы психологизмді түртіп алу арқылы анықтайды.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Ұйымдастыру

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

-Жағымды психологиялық ахуал орнатамын.


1.Оқушылар «Өзіңізге тілегенді - басқаларға тілеңіз!» әдісі негізінде өзіне тілеген ізгі тілекті жұбына тілейді.

Мұғалім тарапынан бағалау.

«Өте тамаша!»

«Керемет!»


Өткен білімді еске түсіру

4 минут


1. «Тізбектелген сұрақтар»әдісі І.Жансүгіров туралы бейнематериал көреді.

https://www.youtube.com/watch?v=W267jbOvj_8

І.Жансүгіровтың қазақ әдебиетіндегі орны.

Қазақ поэзиясының Құлагері атанған ақынның тағдыры шынымен де Құлагермен тағдырлас па?.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын.

Жеке жұмыс:

Оқушылар «Тізбектелген сұрақтар» әдісі негізінде І. Жансүгіров және оның шығармалары туралы білімдерін еске түсіреді.



Мұғалім тарапынан бағалау.

Оқушы жауаптары тыңдалып, ескеріліп, толықтырулар болады.

https://www.youtube.com/watch?v=W267jbOvj_8


Сабақтың ортасы

Жаңа білім

15 мин

1-тапсырма Жұптық жұмыс

Оқушыларға Ақан серінің


Жұбымен бірге ойласа отырып оқушылар Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» шығармасын оқиды және оны Ақан Серінің шығармасымен салыстырады. Олар ұқсастықтарды бір түспен, ал айырмашылықты басқа түспен белгілейді.

Дескритор:

Ақан серінің Құлагерге арнауымен І. Жансүгіровтің поэманың «Бай. Бай Құлагерім » бөлімін салыстырады

Сурет

15 мин.

2-тапсырма Топтық жұмыс

«Құлагер» шығармасы бойынша шынайы оқиғаға ең жақын поэма мен фильмді салыстырып шағын сыни мақала жаздырамын

Кесте толтырады.

Шығарма атауы


Фильмнің атауы

Құрылым


құрылым

Кейіпкерлер


кейіпкерлер

сюжет оқиғалары


сюжет оқиғалары

қорытындысы

қорытындысы



Топтарға бөлініп

«Құлагер» шығармасы бойынша шынайы оқиғаға ең жақын нұсқасы қайсысы (поэма немесе фильм) екенін және шынымен сол оқиғада не болғанын анықтау үшін зерттеу жасайды. Сонымен қатар олар оқиға болған уақытты зерттейді және барлық әсер етуші факторларды ескеру үшін жазушылар шығармаларын жазған кезеңдерін де қарастырады

Салыстырып болған соң шағын сыни мақала жазады

Мұғалім тарапынан бағалау.

Жауаптар тыңдалып, ескеріліп, толықтырулар болады.

Дескриптор:

Фильм мен поэманы салыстырады

Шағын сыни мақала жазады

оқулық

қалам жұмыс дәптері


Кері байланыс

5 мин.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау маған ұнады (ұнамады)--------------------------------

Ерекше қиын болды------------------------------------

Менің ойымша, оның себебі-----------------------Ең қызықты болғаны-----------------------------------

Егер мен бұл тапсырманы тағы орындасам,келесілерді жасар едім-----------------

Менің апайға өтінішім---------------------------------

Сабаққа кері байланыс жазады.

Сабақтың барысындағы іске асырылған бағалаудың барлық түрлері оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне қарай бағаланады.

Кесте қағазы