Файл: Білім беру йымыны атауы Ы. Алтынсарин атындаы орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 134

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақ халқы әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Жасынан ән–жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық–сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен баурайды. Бір уақ сейіл–серуенге шығып, саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние–байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тзы ұстаған.
Ақан сал–серіліктің салтанатын аңшылық–саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» ән өлеңі.
Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлгер 1876 жылы Сағынайдың асынд қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмолның алпуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа халық ерекше мән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы–мұңы бар. Сондай–ақ ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады. Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады.
Жел соқса қамыс басы майда деймін,

Атыңды, ат айдаушы қайда деймін.

Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,

Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай–таласқа түскендей болады.

Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой –сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады.

Өлді деп Құлагерді естігенде,

Бір тұрып, бір отырып ойбайлдым, – дейді.

Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылғн сайын Ақан серінің де, елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.

Атығай, Қарауылға олжа салған,

Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім.

Құлагер құнанында керім еді,

Нағашым сұрағанда беріп еді.

Ат қоса Ерейменге барғанымда,

Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.

«Құлагер» өлеңін оқып отырғанда Ақан серінің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәттерінің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Ақынның азалы үнінен сырт қалу мүмкін де емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, әділдікке жымысқылық пен қол көтерген қараниет қарақшылардың зұлымдығына басылған лағынет таңбасы.

Құлагерді өлтіргенде алдым несін,

Әркімнің тәңірім берген несібесін.

Қас қылған жануарым Құлагерге,

Жауызға бар тілегім өлім берсін, – деген жолдар Ақан серінің ғана тілегі емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады. «Құлагер» өлеңі бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жатыр. Ат өлімі жүрегіндегі ашу–ыза, кекті тұтандырып, намысын жани түскен. Сондықтан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шындығын ашып, қанды қол қарақшыны да, кеудесіне нан піскен озбырларды да өлтіре сынап, оларға қарсы үн көтереді, өлім тілейді. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/32827/




Жел соқса, қамыс басы майда деймін,

Атыңды, ат айдаушы, айда деймін.

Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,

Жығылмаса Құлагер, қайда деймін?!

Түбінен дәйекшінің тұрдым тосып,

Алушы едім бәйгеңді талай қосып.

Отыз ат уәделі өтіп кетті,

Сол жерде тұра алмадым, денем шошып.

Міндім де Саралама, тұра шаптым,

Бәйгі алам деп, бұл істен залал таптым.

Намазшам, намаздыгер арасында

Баланы жылап жатқан әрең таптым.

Құлагер, айналайын шабысыңнан,

Атағы елге шыққан дабысыңнан.

Біліп ем өлеріңді, Құлагерім,

Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан.

Құлагер, шешең сұңқар, әкең тұлпар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.

Сен өлсең, орнын басар көк бесті бар,

Болады, Құдай қосса, о да тұлпар.

Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,

Тұсына қызды ауылдың көп байладым.

Өлді деп Құлагерді естігенде,

Бір тұрып, бір отырып, ой ойладым.

Құлагер, құлыныңнан керім едің,

Нағашым сұрағанда беріп едің.

Жылқымды Жыланшыққа айдағанда,

Бір сыншы, көзің шыққыр, көріп еді.

Құлагер, топтан озған жүйрігім-ай,

Жарасар келте жібек құйрығың-ай.

Түбіне Ерейменнің айдап келіп,

Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай.

Тұлпардың аунағаны туған жерің,

Биеден туа бермес сендей құлын.

Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тайтұяқ,

Бір жолда әперіп ең ердің құнын.

Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім,

Салбырап саптаяқтай төменгі ернің.

Баспа-бас қызға бермес жануарым,

Басылмас бір шырқамай менің шерім.

Құлагер, нұрың кандай, даңқың қандай,

Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай.

Бәйгеге жүз шақырым айдағанда,

Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай.

Құлагер, жерді жарған дабысың-ай,

Өлгенше бұзылмаған шабысың-ай.

Өлімің адамзатпен бірдей болып,

Кетті ғой қалың елге дабысың-ай.

Адамзат даңқыңды естіп қайран қалған,

Атағың Орта жүзге мағлұмданған.

Құлагер, мен қайтейін қайғыланбай,

Шырқатып пластенке әнге салған.

Құлагер, құланыңнан жайлатқаным,

Басыңа ноқта, жүген сайлатқаным.

Тартыншақ жаман әдет қыла ма деп,

Артыңнан бір балаға айдатқанмын.

Құлагер, айналайын тұлпарым-ай,

Бір көрмей тұра алмайтын, сұңқарым-ай.

Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып,

Бір көрсек деп тұратын іңкәрім-ай.

Қапыда өліп кеттің, жануарым,

Жібектей күлтеленген құйрық, жалың.

Өлді деп, жануарым, есіткенде,

Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным.

Қарағым, айналайын Үркеккерім,

Шықпаған қанша шапсаң ащы терің,

Бір сенің жолыңда боп жұрттың көзі,

Тілегіңді тілеуші ед жұртың сенің.

Құлагер, саған келген бұл бір керім,

Үш жүзді сайран қылған Ақан серің.

Сібірден сегіз дуан қоймай озған,

Қой мойын, қоян жақты, сандал керім.

Күйдірдім отқа салып ашудасты,

Не көрмек әлі де болса басым жас-ты.

Тұсында ешбір жүйрік ілесе алмаған,

Күйігі Құлагердің басылмас-ты.

Құлагер, сені өлгенше міне алмадым,

Өлгенше сайран етіп жүре алмадым.

Өлді деп Құлагерім естігенде,

Ой ойлап орынымнан тұра алмадым.

Бағаңа ділдә беріп алдым сатып,

Ойнатып қызығыңа жүрдім батып.

Бәйгеден жалғыз дара алда келіп,

Жүріп ем бар халықты таңырқатып.

Аузыңа қос ауыздық салып едім,

Сені алып ел шетіне барып едім.

Бір жолы бәйгесіне Құлагердің

Он жылқы, екі жамбы алып едім.

Қолымда ақ қағаз бен қалам, сия,

Кетуші ем сен барыңда елден қия.

Артыңнан тағы шығар бір аягөз,

Көзімнің шүкір қылдым жасын тыя.

Менің атым, сұрасаң, Ақан серің,

Хазірет Ғали дүлдүлі тұлпар керім,

Дүниеде оған жетер ат бар ма еді,

Өлді ғой, мен қайтейін, Құлагерім?!

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.

Атығай, Қарауылға олжа салған

Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім.

Құлагерді өлтіргендей алдым несін,

Әркімнің Тәңірім берген несібесін.

Қас қылған жануарым Құлагерге

Жауызға бар тілегім - өлім берсін!

Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап,

Шүмектеп шекесінен қан бұрқырап.

Шіреніп төрт аяқты, танау қағып,

Ыңқылдап өліп барад ат қорқырап.

«Аттандап» өткен жанға қолын бұлғап,

Баласы Құлагердің жүр шырқырап.

Қалың шаң қаптай шапқан қара – құрық,

Балаға бұрылмайды ешкім бірақ.

Десеңдер қайда Ақандай қыран құсты,

Ол тастап аста тұрған жиылысты;

Болғанын бір сұмдықтың ішщі сезіп,

Қылаң ат қылт еткенде – ақ бермен ұшты.

Көргенде ол мынадай сұмдық істі,

Үстіне Құлагердің құлап түсті.

Білмеді не болғаның, айрылды естен,

Аймалап Құлагердің басын құшты.

Келер деп үміт қылып алдыменен,

Аты бұл алып келген алыс жерден.

Жат елде жалғыз өзі, сүйген аты,

Серінің санасалық халіменен...

Құлагер қорқырайды қаныменен,

Ақан да шырқырайды жаныменен...

Егіліп, төгіледі Ақан сері,

Зарлаған Құлагердің әніменен:

«Не болды- ай, бай – бай, саған Құлагерім?!

Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің...

Тірегі көңілімнің, бәйтерегім,

Бұл жерге қалайынша құлап едің?!

Шыныңмен кеткенің бе, Құлагерім!

Қасымда қасынысып тұрар едің.

Баспа бас қызға бермес жануарым!

Басылар өлгенімше қайтып шерің?!

Құлагер, айналайын, арғымағым!

Осы еді өлмегенде шабар шағың.

Құтсыз көл, Жыландының жырасында

Құшақтап қанды басың зар жыладым.

Құлагер, жаз жайладым, қыс жайладым,

Артына қызды ауылдың көп байладым.

Жеріңе қамшы тимес, пышақ тиіп,

Құшақтап қу басыңды ойбайладым…

Құлагер, айналайын жүлде алғаным,

Басындай Арқарлының күн шалғаным!

Барғанда ақыретке пырағым бол,

Қызығын көре алмадым бұл жалғанның.

Құлагер, құлыңнан маған біттің,

Төрт бөліп түн ұйқымды баптап күттім;

Жылқыны қыл құйрықты елде көргір!

Қандай жан шекесінен қағып өттің?

Құлагер, қолда өсірген құлыным – ай!

Ішінде омыртқамның жұлыным – ай!

Жын ба екен, сайтан ба екен қаза болғыр,

Қанды қол қастықпенен ұруын – ай!

Құлагер, құлыныңнан керім едің,

Нағашым сұрағанда беріп едің.

Аттарды Ерейменнен айдағанда

Оқты көз, у құйылғыр, көріп едің.»

Осылай Ақан зарлап жылап жатты,

Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты.

Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,

Айырылды ол, аттан – жақсы, достан – тәтті.

Аспанда күн күйігіп, күйді қатты,

Өкіріп жел мен жер де жылап жатты.

Ереймен бұлақтары көлге жылап,

Серіге көл күрсініп көңіл атты.

Жарлының жалғызы өлсе жанын ұрар,

Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар.

Жел жылап, көл күрсініп жатқаны не

Таудағы «Ой, бауырым» дар неге сулар?

Ой мен қыр, орман, тоғай неге шулар?

Аң мен құс күйініп жүр, не үшін бұлар?

Арқаның аяулы аты өлгеніне

Аспан, жер аза тартып тұрған шығар!

Жалпылдап жапырағымен сергелдеңде

Селкілдеп қайыңдар да тұрды желде.

Егіліп қара тастар қайыршақ боп,

Жылаған бұлақтарымен кетті көлге.

Не берсін жат жалғызға, аз кедейге, ,

Тіксе де оларға емес, асқа бәйге;

Жұмсарды Құлагер мен Ақанды аяп,

Дұспанның бауырынан тас та кейде.

Қояндар ,рысты кеуегінде,

Көбелек күйіп ұшты бірден – бірге.

Қуанды түлкі, қарсақ, қырда қасқыр

Жылқы жоқ соғатын деп бұдан өңге.

Жолыққан аяулы атқа, ардақты ерге

Неткен жан шыдай алар мұндай шерге.

Қашаннан қаяу көңіл сері Ақанға,

Қайырған сияқтанды көк пен жер де.

Деген сөз әшейін сөз – жан жылады,

Аяса адам неге қан қылады?

Осыған жылау түгіл, қуанған бар,

Көретін оңай олжа өлген малды.

Қарғалар қарқылдасып хабар салды,

Күшіген қызыл көрген аспанды алды.

«Білмеген ер ,сын, сұмырай!» деп,

Қаршыға қуып жүрді сауысқанды.

Жүйріктің жосылғанда қызыл қаны,

Жүрегі жер мен көктің тызылдады.

Қуанып қан көргенде қара шыбын,

Асындай Сағынайдың быжылдады.

Күңіреңтіп дауысымен көк пен жерді,

Емірентіп, жылаумен Ерейменді;

Еңіретіп ыңқылымен Арқа желің,

Толқытып көз жасынан Қусақ көлді;

Қандатып қарсы алдында Құлагерді,

Қоймастан Ақан атқа жылай берді...

Жыласын, сөйлеп қалсын соңғы сөзін,

Қылалық біз әңгіме былайғы елді


Білім беру ұйымының атауы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Бөлім:

3 –бөлім Махаббат және абырой

Педагогтің аты-жөні:

Генжемуратова Л.К

Күні:

24.01.2023

Сынып: 8 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Бақытсыз Жамал» романындағы материалдық және рухани құндылықтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

Сабақтың мақсаты

«Бақытсыз Жамал» романынан алынған үзінділерді пайдаланып өз көзқарасын дәлелдейді

Өзіндік сыни пікір жазу үшін роман бойынша жазылған сыни-пікірлерге сүйенеді

ЕББҚ (Есту қабілеті нашар )

Берілген нұсқаулар арқылы романнан алынған үзінділерді пайдаланып өз көзқарасын дәлелдейді







Ойлау дағдыларының деңгейі

қолдану деңгейі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақың басы

(Ұйымдастыру)
3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеймін

«Көңілді сөз» жаттығуы арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын және жаңа сабаққа қызығушылығын оятамын

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылап, таныстырамын:

-Бүгін сабақта мақсатқа сәйкес қандай іс-әрекеттерді орындаймыз?

-Үйренгендеріңіздің дәлелі не болмақ?

Шеңбер жасап тұрады. Жанындағы оқушыға қарап көңілін көтеретіндей бір сөз айтады.

Мыс: Кереметсің, бүгін ерекшесің, әдемісің

Суретке қарап тақырыпты болжайды

Сабақ мақсатына қатысы үйренетін әрекеттерді анықтайды.







Сабақтың ортасы

(Өткен білімді еске түсіру)

3 мин

Сабаққа кіріспе

Сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салып талқылатамын.

«Бақытты Жамал» болу үшін романға қандай өзгеріс енгізер едіңіз?

Жамалдың бақытсыз болуына кім кінәлі?

Ғали қайтыс болған соң Жамал неге өз отбасына қайта оралды?

Оқушылар сұрақ тарға жауап береді

Өз ойларын ортаға салады жеке өзіндік пікірлерін айтады







11 мин

1-тапсырма. Жұптық жұмыс

Оқушыларға оқулықтан үзінділер ұсынамын

Сол үзінділерге «ПОПС формуласы» әдісі арқылы өз пікірлерін білдіруін сұраймын

ЕББҚ қолдауды саралау әдісін қолдану

Берілген тақырып бойынша жұптасымен жұмыс жасауда көмектесетін көмектесетін дескриптор ұсынамын

Оқулықта берілген үзінділерді оқиды

«ПОПС формуласы» әдісі бойынша оқушылар

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,….»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын….»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…»

ЕББҚ

жұптасының көмегіне сүйеніп шығарма үзінділерін пайдалана отырып өз пікірін айтады

Жұптасын бағалау

Бағалау критерийлері:

1 Үзінділерді факт ретінде пайдаланады

2. Өзіндік пікір білдіреді


8-сынып оқулығы Мектеп баспасы





Жазылым алды тапсырма. Сыни-пікірлер

Жамалдың даралық образы романның бел ортасына жетпей көтерілген. Оның зеректігі, алғырлығы, асқан сұлулығы, шешендігі, туралығы бәрі-бәрі дара, типтік образға жеткен десек те болады. Тең теңімен, тезек қабымен. Теңіне жете алмай кеткен талай қазақ қыздарының тағдыры жатыр.

Н. Айдархан

«Меніңше, Міржақыптың «Бақытсыз Жамалы» да ескермеген ескі мұраның бірі. Ба­қыт­сыз Жамал – сүйгеніне тие алмаған қазақ қыздарының бірі. Оны бақытсыз еткен – малына сенген таз Жұман…»

С. Сәдуақасов

2-тапсырма. Жеке жұмыс Оқушыларға ұсынылған сыни-пікірлерді қолданып өзіндік сыни-пікір жаздырамын

Берілген сыни-пікірлерді оқиды

Сыни-пікірлерге сүйене отырып өзіндік сыни-пікір жазады

« Жапондық бағалау» әдісі бойынша өзін өзі бағалайды




Сабақтың соңы

(Бекіту)

4 мин


«Пайыздық көрсеткіштер» әдісі арқылы рефлексия жасау

«Пайыздық көрсеткіштер» тақтаға ілу және рефлексия жасауға жетелеу

Оқушыларды сабақты меңгеруін пайызына қарай «Пайыздық көрсеткіштер» тұсына жиналуын сұрау.


«Пайыздық көрсеткіштер» әдісі бойынша әр оқушы сабақтағы өзінің жетістік деңгейіне сай пайыздық көрсеткіштің тұсына барады.

Сұрақтар жауап беріп өзін осы деңгейге қол жеткізген дәлелдемелерін келтіреді






Кері байланыс

4 мин

Кері байланыс жасату үшін «SLK» (жетістіктер/сабақтар/өзгерістер) әдісін пайдалану.

Бүгінгі сабақ сабақтан алған маңызды 3 нәрсе:

Сабақтан өзіме 2 ұсыныс:

_________________

_________________

Өзімде орын алған 1 өзгеріс:

_________________

Кері байланыс парғына «SLK» (жетістіктер/сабақтар/өзгерістер) әдісін пайдаланып,

Бүгінгі сабақ сабақтан алған маңызды 3 нәрсе:

Сабақтан өзіме 2 ұсыныс:

Өзімде орын алған 1 өзгеріс:

_________________жазып шығады











Мерзімі: Сыныбы

Оқушының аты-жөні:

І нұсқа

«Адам жанының құпиясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқылатын шығарма: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Оқу мақсаты:

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Бағалау критерийі:

Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады.

Ойлау дағдысының деңгейлері: Қолдану,жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты: 15-20 минут

Тапсырма. «Берілген үзіндіде ақын қандай ой білдірмек еді?» деген сұраққа «Ақынның ойын тарқатсам...» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз (250 сөз)

Ол күнде қазақ мұндай жасармаған,

Құл мен күң қожасынан аса алмаған.

Жарлыға, жалғызға да дес берді ме,

Жыландай ысқырынған зәһар заман.

Керексіз кісі болған ол заманға,

Қайткенмен бір жұмбақ сыр бар Ақанда.

Ез болмай, елге сыймай кім тұра алған,

Жалғыз боп жанаса алмай барлық жанға.

Мерзімі: Сыныбы

Оқушының аты-жөні:

ІІ нұсқа

«Адам жанының құпиясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқылатын шығарма: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Оқу мақсаты:

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Бағалау критерийі:

Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады.

Ойлау дағдысының деңгейлері: Қолдану,жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты: 15-20 минут

Тапсырма. Берілген үзіндімен танысып, өлеңді қара сөзге айналдырып,

Құлагердің бейнесін көркемдеп жазыңыз. Сөз саны -150 сөз.

Сүйегі жануардың жылқыдан жат,

Бұл емес текежаумыт, не қазанат.

Күйкиіп көзге қораш көрінсе де,

Шапқанда шалдырмастай бітер қанат.

Екпіні үй соққандай пысқырғанда,

Шалдырмас көктен құсқа, жерден аңға.

Жықпаса жалғыз қазық жануарды,

Бұл әзір жеткізбей тұр жылқы малға.

Бұл тұлпар келіп тұрған әбден бабы,

Салбырап тұрғанына деме «жабы».

Маңдайы жарқырап тұр жануардың,

Ашылып тұр осы аста мұның бағы.