Файл: Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Т. Рыслов ауданы білім бліміні 1 мектеплицейікмм Айбынды скер ел тірегі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі»кмм
«Айбынды әскер ел -тірегі»
сынып сағаты
Сынып жетекшісі:
Донасова Гульжайна Унербаевна
Сынып 9 «Ә»
2023 оқу жылы
Бекітемін :
Күні: 24.04.2023ж Сынып : 9 Ә | Қатысқандар : Қатыспағандар : | ||
Сынып сағатының тақырыбы: | «Айбынды әскер ел -тірегі» | ||
Мақсаты: |
| ||
Көрнекіліктер | «Power Point» слайд шоу 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне суреттер | ||
| | ||
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурс |
Басы Көрініс Ортасы Видеоролик. Отан қорғау Видео құттықтау | Ұйымдастыру кезеңі Армысыздар қымбатты оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен кұттыктаймыз. | Оқушылар мұғаліммен амандасады Қазақстан Республикасының гимні орындалады. Жүрекке адалдықтың ескен гүлін, Ғажайып келешектің төккен гүлін. Ардақты ағаларга шын көңілден, Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін- | Слайд |
Отан қорғаушы күні – 2023 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 31 жыл толады. Бұл күн – Қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды. «Әскерге шақыру» . 1992 жылдың 7 мамырында Елбасымыз Н.А.Назарбаев Жарлығыммен тарихымызда тұңғыш рет республикамыздың қарулы күштерін құрылды. Ол бір тарихи жағдай, тағдырлы кез болатын. осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде бір тақырдан өз армиямыз, әскерлер түрін түзілді. Ол енді тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына айналды. Ақ найзаның ұшымен, Ақ білектін күшімен, Ата-бабам мирас етті жерімді. Арыстандай айбаттым, Бойда құрыш қайратым, Мәнгі қорғап өтем текті елімді. Қымбатты оқушылар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. | Қазақстан – кең байтақ, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етіп жатқан мемлекет. Еліміздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге отансүйгіштік демеске. Тіпті, Елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын кітабында «Ұлттық бірліксіз патриотизм жансыз» деген ойды айтқан. Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы – жастайынан патриоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл байлық бір зерттеушілердің ойынша туа біткен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана көрінеді. Шалғай ауылда өмір сүріп жатқан отбасы. Ержетіп калган Азаматты әскерге шақыру қағазы келді. Пошта қыметкері Дархан үйге кіріп келеді. Дархан : -«Ассалаумағалеикум» . Касым атай : -«Уағаликум салам » балам , төрге шық .Қандай шаруамен жүрсін. Дархан: -Ақсақал, Азаматқа әскерге шақыру қағазын әкелдім дейді. Дария әжей: -Жалғыз баламды әскерге қалай жіберемін. Қазір неше түрлі жағдайлар болып жатыр .Біздін күніміз не болады? Жоқ , мен жібере алмаймын. Касым атай : -Жібере алмаймының не? Азаматтық борышы , өз пікірін тындайық. Азамат: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген. Бұл сөздерді іштей қайталаған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Апа, ата ақ баталарыңызды берініздер . Мен әскерге барамын. К асым атай : -Бәрекелді , сенен күткен жауабым да осы еді. | Слайд Видео Видео | |
Соңы | Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын . Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар! Сынып ұлдарын құттықтауға рұқсат етіңіздер! Кері байланыс «Микрофон» әдісі | Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің болашағы Өмірді алға қарай өрлететін Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы – ұстаз ағайларымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер. | |