Файл: Оушы атыжні Сыныбы Кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқушы аты-жөні______________________________Сыныбы_______________Күні___________


4- тоқсан бойынша №1 жиынтық бағалау тапсырмалары.

«Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис» бөлімі


Оқу мақсаты:

8.1.1.1 -мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.4.4.4 –жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану;

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Мәтіннен алынған үзінділерге сүйенеді.

  • Көтерілген мәселені болжайды

  • Жай сөйлемдерді анықтайды

  • Жай сөйлемнің құрылымына талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Орындау уақыты:

25 минут

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Көрерменің қандай, Қазақ театры?

Гүлшат ТҰТОВА, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артисі:

– Қазіргі көрермендерден «керемет спектакль көріп әсер алдық, жүрегіммен қабылдадым» деген сөздерді өте аз естимін. Телеарналардың шарықтаған дәуірі болғаннан кейін шығар, театрға деген көзқарастар өзгерді. Оған актерлер де кінәлі. Кейде сахнада трагедиялық спектакль жүріп жатқанда көрермендердің «қой-ей, болды» деп, жыртың-жыртың күліп отырғанын естиміз. «Енді не істер екенсің, ал, көрейік…» дегендей мазақтайды. Ондай жағдайда актерлерді кінәлаймын. Спектакльдің соңында артистер көрермен алдына иіліп, алғыс білдіруге шыққанда, барлығы ысқырып, шыңғырып, театрды басына көтереді. Бір жаманы – олар спектакль жақсы шықса да, жаман шықса да солай істейді екен. Мен бұл құбылысты бұрын байқамайтын едім. Қайбір жылдары өзбекстандық Әлімжан Салимов деген режиссер біздің театрмен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеп, ағымдағы спектакльдерді күн сайын тамашалады. Кетерінде: «Мен сендердің көрермендеріңе сене бермеймін, кез келген болсын-болмасын спектакльдеріңді қошаметтей береді екен» деді. Сонда мен: «Жоқ, біз жақсы ойнағандықтан қолпаштайды»деп мойындамадым. Бірақ артынан зерделеп-зерттеп қарасам, ол кісінің пікірімен келісуге болады екен. Бұл құбылыстардың барлығы – көрермен деңгейінің театрдан «биік жетіліп» кеткендігінен шығар…
(150 сөз).



  1. Көрермендердің театрға деген көзқарастары неліктен өзгерді деп ойлайсың?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Өзбекстандық режиссердың «Мен сендердің көрермендеріңе сене бермеймін»,– деуінің себебі неде?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Көрермен деңгейінің театрдан «биік жетіліп» кеткендігін қалай түсінесің?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.

Клише: Менің ойымша, негізгі ойы... . Оған ... дәлел бола алады.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3- тапсырма. Берілген кестені сәйкестендіріңіз.


1.Қамар да бұл жолы үндемеді

А) Жайылма сөйлем

2.Біздің ашық сөйлесуіміз керек

Б) Толымсыз сөйлем

3.Қой жараланды. Бұзаулар өлтірілді.

С) Жақты сөйлем

4.Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды

Д) Атаулы сөйлем

5.Олар арттарына мәңгілік із қалдырды.

Е) Жақсыз сөйлем

6. - Есептей білемісің?

- Білем.

Ж) Жалаң сөйлем

7. Кең зал. Құжынаған халық.

З) Толымды сөйлем


4- тапсырма. Берілген сөзге синтаксистік талдау жасаңыз. Кестеде берілген дұрыс жауаптың астын сызыңыз.

Әйгерім қыста киетін түлкі тымағын тігіп отыр.


Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем

Жақты сөйлем
Жақсыз сөйлем

Жалаң сөйлем
Жайылма сөйлем

Толымды сөйлем
Толымсыз сөйлем



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды

1

2

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Клишені негізге алады



1

1

1

1

1

Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады

3


4

1-сөйлем;

2-сөйлем;

3-сөйлем;

4-сөйлем;

5-сөйлем;

6-сөйлем;

7-сөйлем;
Синтаксистік талдау жасайды

Жай сөйлемнің құрылымын анықтайды.

1

1

1

1

1

1

1
1

1

Барлығы







14