Файл: Тері туындылары Тері бездері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тері туындылары

Тері бездері

Адамның денесінде тері бездерінің түрі: сүт, май және тері бездері кездеседі. Тері мен май бездері безді эпителийінің аумағы эпидермис бетінен шамашен 600 есе үлкен болып келеді. Олардың атқаратын қызметтері: жылуды реттеуді(жылуды шамамен 20 пайызын организм тер бөлу арқылы шығарады), организмдегі кейбір соңғы өнімдерді шығару және теріні зақымданудан сақтау(май бездері теріні кеуіп кетуден сақтайды) болып табылады. Бұл бездердің құрылысына бөлек тоқтала кетсек.

Тер бездері олар тері жабынының барлық жерінде кездеседі десек болады. Әсіресе тер баздері маңдай, бет, алақан мен табан, қолтық пен шап қатпар терісінде көптеп кездеседі. Тері бездері секретті бөлу әдісіне қарай: мерокринді және апокринді деп бөлінеді. Негізінен мерокринді тері бездері терінің барлық жерінде кездесетін болса, ал апокринді бездер жыныстық даму кезінде дамиды да, қолтық, маңдай терісінде, артқы өтіс және үлкен жыныс еріндерінде кездеседі. Апокринді тері бездері үлкен көлемді болуымен және олардың органикалық затқа бай болып, тері бөлінгенде өткір иісті болып келуімен ерекшеленеді. Тері бездерінің құрылысы қарапайым түтікшелі, ұзын шығару өзегінен және шумақтала келген секреторлық бөлімінен тұрады. Екі тері бездерінің секреторлық бөлімі торлы деманың гиподермамен шыкарасында орналасса, мерокринді бездңғ шығару өзегі дерманың 2 қабаты мен эпидермисті жарып тері тесікшесін құрап орналасады, ал апокринді тері тесікшесін құрамай шығару өзегң эпидермиске кірмей, май бездернің өзекшелерімен бірге шаш ойпаңына ашлады. Сонымен қатар секреторлық бөлімі безді эпителиймен қапталған текшелі немесе цилиндр тәрізді жасушалардан тұрады, екі тері бездерінің арасында айырмашылық көлемінің апокриндіде едәуір ірі болуымен ерекшеленеді. Олардың секреторлық жасушаларымен қатар базальді мембранасында жиырыбу арқылы бездер сыртқа бөлінуіне көмектесетін миоэпителиоциттер орналасады. Шығару өзегі ұзын және қабырғасы екі қабатты текшелі эпителийден тұрады.

Май бездері- ең жоғарғы даму деңгейіне жыныстық есею кезеңінде гормондар әсерімен жететін без болып табылады. Олардың тер бездерінен ерекшеленуі: май бездерінің шығару өзектері үнемі шаштармен байланыста болуымен сипатталады. шаш жоқ жерлерде ғана жеке орналаса алады. Олардың көп мөлшерде баста, бетте және арқының жоғарғы бөлімінде орналасса, алақан мен табанда мүлдем болмайды. Май бездерінің өнімі бактерицидтік қасиетке ие. Бұл без бірнеше қызмет: бездің өнімі теріні жұмсартып, серпімділік қасиетке ие болады; терінің жанасатын бетінің үйкелісін төмендетеді; микроорганизмнің көбейюіне кедергі жасайды. Олар тер бездеріне қарағанда жоғарырақ, бүртікті мен торлық қабат шекарасында орналасады. Олардың секреторлық бөлімдері тармақталған қарапайым альвеолярлы бездерге жататын, голокринді әдіс бойынша бөлініп отырады. Май бездері себоциттер деп аталатын жасушадан және олардың аздифференцияланған, дефференцияланған және өлу барысында деген түрлерінен тұрады. Аздиф түрі базальді мембранада анықталып, секрет бөлімінің сыртқы өсу қабатын құрайды. Диферен бастаған жасуша ішкі бөлігіне қарай өтіп, олардың цитоплазмасында липид бөліуге қатысатын түйіршіксіз ЭПТ-ның дамуы жүріп, көлемі ұлғаяды. Соңында апоптоз механизмі арқылы өлуі жүріпғ, жасушалар ыдырау барысында- тер майына өніміне айналып, шаш ойпаңына бөлінеді. Кейін тері эпидермисіне және шаш сабағына жайылады. Шығару өзегі қысқа көпқабатты жазық эпилийден тұрады, секреторлық бөліміне келген сайын жұқарып текшелі эпителийге айналып, аяққы бөлімінің сыртқы өсу қабатына ұласады.


Шаш- терінің бетін түгел жауып тұрады. Адамның басында тығыздау орналасады. Олардың 3 түрі: ұзын шаш, сақал, мұрт, қасаға мен қолтықта орналасқан шаштар; қыл сияқты- қас, кірпік,сыртқы есту жолы мен мұрынның кіреберіс өсетін шаштар; түкті- терінің қалған амйқтарында. Дамуы: олар эмбриогенездің 3 айында дамиды. Эпидермис жасушалары созынды түрінде дермаға өтіп шаш фолликуласын құрайды, кейін одан шаш өседі. Туар алдында немесе алдында сәбилерде алдыңғы шаштар қалыптасып, кейін түк тәріздіге айналады. Біраз уақыттан кейін дөрекі ұзын немесе қыл тәрізді түрі қалыптасады. Жыныстық есею кезінде тұрақты шаштар пайда болады. Құрылысы: шаштың негізгі 2 бөлімі сабағы және түбірін ажыратамыз. Шаш сабағы терінің үстінде орналасып, ал түбірі астаһында орналасады. Ұзын және қыл шаштар сабағы- ішкі милық затынан, ортаңғы –қабықтықтық заты және сыртынан кутикуладан тұрса, түкті шаштарда тек қабықтық зат пен кутикуладан тұрады. Шаш түбірі қабырғасы ішкі және сыртқы қынаптан тұратын шаш қапшығында орналасады. Олар қосылып фолликуланы құрайды да, фолликула дәнекер тіндік демарлық түбірлік қынаппен қоршалады. Шаш түбірі екіге бөліне шаш буылтығымен аяқталады да, буылтыққа төменнен бүртікті дерма қылтамырларымен бірге енеді. Сонымен қатар шаш түбірі шаш сабағына өтетін жерде- шаш ойпаңы қалыптасады. Шаш ойпаңына бір немесе бірнеше май бездері ашылады.май бездерінен төмендеу, шаш көтеретін бұлшықет орналасады. Әр жасушаға бөлек сипаттама берсек. Шаш буылтығы- шаштың өсу бөлімі, көбеюге қабілетті эпителий жасушаларынан тұрады. Ол арқылы шаш құралымдары және ішкі түбірлік эпителийлік қынаптың өсуі жүреді. Шаш буылтығы бүртікті дерма қан тамырлары арқылы қоректеніп, одан көтерілген сайын жасушалар өліп, мүйіздену процессі жүреді. Шаштың милық заты- тиындардың бағаналары түрінде бірінің үстіне бірі орналасып, пішіні көпқырлы жасушалардан тұрады. Құрамында аздаған пигментті түйіршіктер, ацидофильді және трихогиалин түйіршіктері кездеседі. Мүйздену процессі баяу жүреді, сонымен қатар пикноздалған ядролар және қалдықтары кездеседі. Шаштың қабықты заты- негізін құрап, мүйіздену процессі қарқынды жүреді. Қабықты зат шаш түбірінің және сабағында тұтас жазық мүйізденген қабыршақтардан тұрады. Тек буылтықтың мойын бөлігінде сопақша ядролары бар толық мүйізденбеген жасушалар кездеседі. Шаш кутикуласы-қабықты затқа жанасып орналасқан, цилиндр тәрізді жасуша кутикулярлы эпителиоциттерден тұрады. Қабыршақтары буылтықтан жоғары аймақтарда кездесіп, олар кератиннен тұрады және пигменттен толық айырылған.

Ішкі түбірлік эпителийлік қынап- шаш буылтығының туындысы, төменгі бөлігі шаш буылтығы затына өтетін, ал жоғарғы бөлігінде май бездерінің өзектеріне дейін орналасады. төменгі бөлігі 3 қабаттан, ал төменгі бөлігі барлық қабаты бірігіп құрамында кератин бар толық мүйізденген жасушалардан тұрады. Сыртқы түбірлік эпителилік қынап- жасушалары гликогенге бай, тері эпидермисінің базальді және тікенекті қабаттарынан басталып жұқара шыш буылтығына ұласады. Дермалық түбірлік қынап- шаштың дермалық қабықшасы. Оның сыртқы және ішкі қабаттары ажыратылады. Шашты көтеруші бұлшықет- жазық бұлшықет жасушаларынан тұрып, қиғаш орналасады. ол түк тәрізді шаштарда нашар дамыған немесе мүлдем жоқ.

Сүт бездері- терінің туындысына жататын, түрі өзерген тер бездері болып табылады. Дамуы: сүт бездері ұрықтың 6-7 аптасында эпидермидің тығыздалған 2 сызық түрінде қалыптасады. сүт нүктелері қалыптасып, ары қарай мезенхимаға созындылар кіріп солар арқылы сүт бездерінің эпителийлік бастамаларын қалыптастырады. Негізінен ер және қыздарда сүт бездері бірдей қалыптасып, жыныстық жетілу кезінде айқын айырмашылықтар байқалы, қыздарда сүт бездерінің дамуы қарқынды жүре бастайды. Құрылысы: ересек әйелдерде әрбір сүт безі- май және борпылдақ дәнекер тінінң қабаттарымен бөлінген, 15-20 жекеленген бездерден тұратын болып табылады. Құрылысы бойынша күрделі альвеолярлы және олардың шығару өзегі без бүртігіне ашылады. Шығару өзектері сүт жинақталатын сүт синустарына жалғасады. Сүт синустарына сүт өзектері құйылады, ол сүт өзектері тармақталған альвеолярлық сүт жолдарымен аяқталады. Сүт синустары терінің қалыңдаған және пигменттелген без ұшына ашылады. Оның эпидермисінің базальді бөліміне капсуламен қабатталған жүйке ұштары бар, ұзын және тармақталған дерма бүртікшелері енеді. Сүттің түзілуі альвеоларда өтеді. Альвеолардың қабырғасын сүт экзокриноциттері және миоэпителиоциттері құрайды. Сүт экзокриноциттері базальді мембранада бір қабат болып десмосомалар арқылы байланысып орналасады. олардың апикальді бөлімінде кіші көлемді микробүрлер орналасады. шығару өзектері –екі қабатты текшелі эпителий мен миоэпителиоциттермен қапталған. Синустарда эпителий 3 қабатты ал без үрпісінің ұшында көп қабатты болады. Май және дәнекер тінідерінде ұзына бойы жазық бұлшықеттер тінінің шоғыры өтеді, олар сүт без бөлінуін қамтамасыз етеді.