ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 94
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым | |
Күні | 28.11.2022 | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | «Менің елім-Қазақстан» | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; |
Сабақтың кезеңі | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | «Менің елім- Қазақстан» тақырыбын өту барысында өз Отанымыз туралы ой – пікірлерін ортаға салып, Отандарыңа арнап салған суреттерін көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз. «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбын өту барысында өз Отанымыз туралы ой – пікірлерін ортаға салып, Отандарыңа арнап салған суреттерін көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ басы | Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан жәнеАргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе,Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жерінеҰлыбритания, Франция, Испания, Германия, Аустрия, Нидерланд жәнеЖапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. | Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі Отанымыз Қазақстан қандай ел? Еркін , егеменді, бейбітшілік , тәуелсіз ,татулық , достық, бай, Білім мен ғылым, дамыған , мәдениетті, көпұлтты, т.б | Компьютер | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы | Сәйкестендір -балалар көрген роликтерің бойынша жылдарды белгілермен сәйкестендірейік - Балалар, осымен біздің тәрбие сағатымыз да аяқталып қалды. Енді сабақ соңында айтындаршы, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, сендердің рөлдерін қаншалықты болды деп ойлайсыңдар бүгінгі сабақта? - «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. |
| презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы | | | компьютер |
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым Аймырзақызы | |
Күні | | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | Жол ережесін сақтаймыз | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | оқушыларға жолда жүру, су және өрт қауіпінен сақ болу және ережелерімен таныстыру. Оқушылардың жолда жүру ережелері,өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру. |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Бұл іс - шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз: жолаушылардың жолда жүру ережелерін толық біліп өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне дағдыландыру. Жоғары сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының «Жол ережесі туралы заңдармен» таныстырып, білімін жетілдіру. Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен, кіші баршамызға. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы | Қазақстан Республикасының жол қозғалысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес келтiру, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы 4 - бөлiмнiң 92 - бабын және "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 12 - бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап мыналар бекiтiлсiн және қолданысқа енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелерi. Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi. | Бейнероликке назар аударайық.(Автокресло жайлы) Осы бойынша ой - пікірімізді, көзқарасымызды білдірейік! Автокресло туралы заң қаншалықты елімізге керек? Осы туралы ішкі істер қызметкерлердің пікірлерің білсек. Жол ережесін бұзатын жаяу жүргіншілерге қандай тәртіптік шаралар қарастырылған? | Бейнеролик |
Ортасы | «Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір - тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip - бipiмeн сауда - саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады | Елімізде, оның ішінде өзіміздің өңірде орын алып жатқан жол көлік оқиғалары қай сипатта орын алуда? Қазір жастарымыз көлік айдауға құмар. Оның ішінде әкесінің немесе туыстарының көліктерін рұқсатсыз, тіпті құжатсыз айдап кететін жасөспірімдер көп десек қателеспейміз. Осы жандар туралы не айтуға болады? | презентация |
Соңы | Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Сендердің жол ережелерін қаншалықты білетіндеріңді тексеріп көрейік, төмендегі сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріңдер: | 1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? - Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды. 2. Жиекжол дегеніміз не? - Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол. 3. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? - Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді. 4. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? - Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. | презентация |
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым Аймырзақызы | |
Күні | | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ» | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі | Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дүбірлетсін өңірді, Дүрілдетсін дүлдүлі. Қазақ деген елімнің Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді Мұхтар Шахновтың «Тіл мен рух» әнімен ашуды жөн көрдім. Оқытушының сөзі: Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 24 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер презентация |
Сабақ басы | Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту. Біздің бақытқа жетер даңғыл жолымыз - туған Отанымызды, туған тілімізді сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша болуға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. «Мемлекеттік тіл мәселесі» тақырыбына қысқаша мәлімет оқылынады. (Осы оқылған мәлімет бойынша сұрақтар қою, талдау | Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық. Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар: 1. Біз не үшін қазақ тілін үйреніп жатырмыз? 2. Жұмыста қазақ тілін қолданасыздар ма? 3. Біздің ауданымызда қазақ тілінің мәртебесі қандай деп ойлайсыздар | презентация |
Ортасы | «Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу. Сұрақ - жауап 1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы) 2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма? (Мұхтар Әуезов «Абай жолы») 3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов) 4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір кен орны бар? (Соколов - Сарыбай) 5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? (1991 жылы, 29 тамыз) | Қызықты мәліметтер (тіл туралы) Полиглоттар тарихынан қызықты деректер берейін: Шығыс ғұламасы Әл - Фараби 70 - ке жуық тілді меңгерген. * * * А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. * * * Ұлы Абай орыс - қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. * * * Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен. * * * Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген. | презентация |
Соңы | Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көп ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. | Оқушыларға тіл туралы өлеңдерін жатқа айтады | комппютер |
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым Аймырзақызы | |
Күні | | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | «Адамгершілік – асыл қасиет» | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу. |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі | Үш - ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық. Надандық - білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. Видео - ролик | Компьютер |
Сабақ басы | Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз, деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер? Адам неден жирену керек? Адам неге үйрену керек? | Әдеп туралы тыйым сөздер: - Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаңа салып тұрма. - Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма, ыржалаңдап күле берме немесе мөлейіп тұрма. - Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, қадала қарама. - Үйде отырып ысқырма. - Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе. | кітаптар |
Ортасы | Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау – мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек. Мысалы кейбір оқушылар өздеріне сабақ бермейтін оқушылармен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, және мәдениетсіздік деп ойлаймын. | Оқушылардың ойлары тыңдалады Проблемалық жағдаяттардан шығып көрейік: Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әректің? Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің? Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, алыстан келген туысың екен. Сенің анаң есікті ашпауды ескерткен. Сенің әрекетің? | бейнематериал |
Соңы | Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы. Жақсы болу өзіңнен, Мен қандаймын деп ойла. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен Жақсылық көрсең біреуден, Жаман болу өзіңнен. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла. | Оқушыларға бір біріне жақсы қасиеттері туралы айтады | бейнежазба |
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым Аймырзақызы | |
Күні | | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Оқушылардың мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі | Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме? - Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы | Ұстаздың оттай ыстық алақаны, Болған соң ойлайтыны-бала қамы Баладан ұстазыма мың сан алғыс Өйткені ол ұстазымның ақ арманы. Нұрын төккен көк аспан күмбезінен Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне. Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем, Бар байлығын әлемнің бір сіздерге. Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген, Бар тіршілік бақытты ұстазбенен. Ұстазды жеткізгенше мұратына Білім іздеп лапылдап жана берем | Ән: «Ұстазым,менің ұстазым» хормен Оқушылардың жыр шумақтары тыңдалады | бейнематериал |
Ортасы (20 мин) | Ұлы ғұламалар мен ақын жазушылардың ұстаздар жайлы айтқандарына кезек береміз. 1.Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы,сыр жасырмай ашық айтатын адамы-мұғалім. (Ғабит Мүсірепов) 2.Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, кмген киміміен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді(Мәлік Ғабдуллин) 3.Жақсы адам ғана басшы бола алады.(Жүсіп Баласағұни) 4.Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.(Серке Қожамқұлов) 5.Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің, адамгаршіліктің жаршысы болуға тиіс.(С. Көбеев) 6.Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол кемел ұстаз. (К. Ушинский) | Білімнің дәнін тереді Балаға тәлім береді (Ұстаз) Білімнің -жолбасшысы, Шәкірттің –қолбасшысы(Ұстаз) Оқу-білім бағдары Заманының бағбаны (Ұстаз) Жұмбақты бір бірінен жасырады | Бейне құттықтау |
Соңы | Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды | Хор «Ұстазым» | Музыка қосылады |