Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі ш. Есенов атындаы каспий технологиялар жне инжиниринг университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ
ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Білім беру» факультеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
6В01601 – «Тарих» мамандығы
3-курс күндізгібөлім Тарих-19-1 оқуакадемиялықтобы (бакалавр, магистратура, докторантура) оқутәжірибесі бойынша
ЕСЕБІ
ХамзееваИба
Университеттен тағайындалған тәжірбие жетекшісі:
аға оқытушы, магистр Қамиева Г.Б.
Ақтау 2021 ж.
Тарих-19-1 оқутобының студенті Хамзеева Иба18.10.2021 – 25.11.2021 аралығындағы оқу тәжірибесінің
ЕСЕБІ:
18.10.2021 Педагогикалық тәжірибеден өту үшін Ақтау қаласы 13-шағын ауданында орналасқан №21 жалпы білім беретін мектебіне келдім. Тарих кабинетімен, күнтізбелік жоспармен, ішкі тәртіп ережелерімен және сабақ кестесімен таныстырды, топтарға бөлді. Мені Балапанова Қалампыр апай жетекшілік жасайтын 5,6-сыныбына бекітті.
26.10.2021 Мектептің оқу бөлмесі және техникалық базасымен таныстым.Мектеп үйі жылы қолдануға берілген. Оқу тілі-қазақ тілі. Мектеп сынып бөлмелері, оқу кабинеттері қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Тәжірбие жетекшімізбен оқушылардың тәрбиелік жұмысымен танысып, ақпараттар алдық. Мектептегі сыныптардың көп бөлігі интерактивті тақталармен жабдықталған. Кітапхана, акт залы, асхана, зертханалық бөлмелерімен таныстым. Сабаққа қатысу барысында байқағаным оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі өте жақсы.
02.11.2021 Тәжірбие жетекшімізбен сабақ жоспарын көріп, сабақ барысына қатыстым. Жаңа тақырыпты түсіндірудің әдіс-тәсілдерін үйрендім, қатысу арқылы мұғалімдердің әдістемелік шеберліктеріне назар аудардым. Оқушыларды оқыту әрі тәрбиелеу педагогикалық шеберлікті талап етеді. Осы себепті де мұғалім оқушыларды түсінуі, психологиялық тұрғыдан біліктілігі өте маңызды. Мұғалім өз ісінің шебері болған жағдайда ғана оқушылардың тұлға болып қалыптасуына, еркін әрі мәдениетті, білімді болуына жағдай жасай алады.
10.11.2021 Сабақтарға қатысу барысында оқушыларға педагогикалық бақылау жүргіздім.5 «б» сыныбының «дүние жүзі тарихы» пәніне қатыстым. Оқушылармен танысып, олардың бірқатарының тарих пәніне деген қызығушылығын байқадым. Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беру белсенділіктері, тақырыпты түсіну деңгейлері де жақсы.
Мектептің санитарлық-гигиеналық жай-күйімен, сабақ ауысымы және кестесімен таныстым. Мектептегі жиhаздармен құрал-жабдықтар, асхананың санитарлық жағдайы талаптарға сай. №21 жалпы білім беретін мектебі барлық талаптарға сай жұмыс атқаратындығына көз жеткіздім.
16.11.2021 Ұлттық теңге күніне байланысты 9- сыныптар аралығында өткен «Ұлттық теңге байлығымыз» атты іс-шараға қатыстым. Бұл іс-шара сайыс ретінде өтілді. Іс-шараның мақсаты: ұлттық теңгеміздің құндылығын дәріптеу, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Бұл сайыс барысы сұрақ-жауап арқылы өткізілді. Тақырыптарға байланысы сұрақ қойылып, тиісінше жауап берген оқушылар тобы бағаланды.
Сабаққа қатысу барысында мұғалімдердің сабақты түсіндіру өткізу ерекшеліктерімен әдістерін бақыладым. Тәжірбие жетекшіміздің жаңа сабақты түсіндіру, тапсырмалар беруі, дәптер тексеруі, тақырыпты түсіндіру барысында көрнекілік құралдары яғни, интерактивті тақта, карта, презентация секілді құралдарды пайдалану шеберлігін бақылап, таныстым.
24.11.2021 Тәжірбие жетекшіміздің 5-сыныпқа өтілген «Киіз үй» тақырыбын түсіндіру мақсатында, мектеп ішінде орналасқан киіз-үй макетімен таныстырып, тақырыпты оқушыларға анық түсіндірді. Киіз үйдің қалай қолданысқа келгенін, пайдалануын, бөлшектерін, киіз үй мен байланысты салт-дәстүрлерді үйретіп, көрсетіп, түсіндірді. Мұғалімнің бұл қолданған әдісімен таныстық.
Тәжірбиені қорытындылау. Бұл педагогикалық іс-тәжірбиенің арқасында біздердің болашақ мұғалім ретінде қалыптасуымызға алғашқы қадамдарымыздың бірі ретінде әсер етті. Оқушылармен танысып, білікті мұғалімдердің тәжірбиелік жұмысын көруге мүмкіндік алдым.
Қорытынды: (18.10.21 – 25.11.21) аралығында өткен педагогикалық іс-тәжірбие маған ұнады. Іс-тәжірбие барысында әрбір мұғалімге қажетті әдіс-тәсілдерді үйрендім. Мектеп қабырғасында оқушылармен жұмыс жасау қызықты екенін ұқтым. Осы берілген уақыт аралығында педагогтың атқаратын жұмысы қызықты әрі жауапкершілікті жұмыс екенін үйреніп, білдім.
Мектептің әлеуметтік құрылымы
Гурьев облысы Шевченко қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің 19.04.1990 ж. қабылданған № 269 шешімімен 1990 ж. шілденің 1 інен №21 қазақ орта мектебі ашылды. Бұл шешім бойынша мектеп оқу жылын 945 оқушымен бастайды деп көрсетілген. «Баланың саны көбейе-көбейе 2000 нан асқан кездері болды. 1997 жылы жалпы орта білім беру мәселесін реттеу мақсатында шығарған қалалық оқу бөлімінің бұйрығы бойынша 13 шағынауданның тұрғынүйлерін екі мектепке бөліп тапсырған: № 21 орта мектепке 1-25 үйлерді, № 17 орта мектепке - 25 тен жоғары нөмірлі үйлерді. Оқушылар саны жылма – жыл тұрақты өсіп отырды. Сөйтіп өсе-өсе келіп, 1997 – 98 оқу жылының басында 2100 ге жетіп, мектепке симайтын болды. Сол уақыттағы жартылай бос тұрған көршілес № 17 орыс орта мектебін пайдалануға тура келді.
Ұжымның негізгі құрамы № 13, № 17 мектептерден оқушыларымен бірге келген мұғалімдер болды. Сосын көптеген мұғалім Қызылтөбедегі № 18 орта мектептен келді. Сөйтіп, жан-жақтан шақырып жинаған мұғалімдердің саны 80 ге жетті. Олардың ішіндегі жартысына жуығы жас кадрлар болды, және өнерлі де белсенді кадрлар көп болды. Ең басынан бастап, аянбай кез келген жұмыста белсенділік көрсетіп, ұжымды өрге сүйреген сол кездегі жастар Аталықов Қалыбай, Қоңыратбаев Мұратбек, Мошанов Қасым, Сатанбаева Ақтөре, Шынжырбекова Гүлзира, Шудабаева Сәуле, Байболатова Әсемхан, Қартбаева Динара, тағы басқалар мектептің абыройын асырып, туын жоғары ұстады.
Еңсегенова Гулзада (01.04.1972ж.т, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы) – жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,«№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1996 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді. 2012-2013 оқу жылынан бастап мектеп директоры ретінде жұмыс жасады. 06.11.2018 жылдан бастап «№ 21 жалпы орта білім беру мектебі» КММ директоры.
Сыныпқа мінездеме
Ақтау қаласы №21 жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сыныбына 2016 оқу жылының басында 28 оқушы қабылданды. Оның «14» - ұл, «14» - қыз.
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбіп оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған. Сабаққа қатысу деңгейлері өте жақсы. Сынып оқушыларының барлығы дерлік білім алуға талпыныстары жақсы.
Сыныптық дәстүрлі жұмыстары: Күнделікті атқарылатын істерінің бірі кезекшілік. Әр күн алмасқан сайын бір оқушы кезекші болып сынып тазалығына жауап береді.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.
Оқушыға мінездеме
Ақтау қаласы №21 жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сыныб оқушысы Құттыбай Жайна Берекетқызы 2010 жылдың қазан айының 16-күні дүниеге келген. Толық отбасынан шыққан, әлеуметтік жағдайы жақсы. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Жайнаның мінезі ашық, ақкөңіл жайдары. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Басқа оқушылардың көңілі қалмасын деп, үнемі айтқандарына келісіп отырады. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысу деңгейі өте жақсы. Сабақтардың барлығына қызығушылығы жақсы деңгейде. Тапсырмаларды уақытылы, дұрыс орындауға тырысады. Тәртібі жақсы.