ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Улмесекова А.А
Бөлім: «Менің Отаным - Қазақстан» Сабақ тақырыбы: Мен де еліме қызмет етемін | Сатыбалды негізгі орта мектебі | |||||
Күні: 27.09.2022 ж | Мұғалімі: Ғалым Н.Қ | |||||
Сынып: 4 | ||||||
Оқу мақсаттары | 4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланған уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурс | ||
Сабақтың басы 5 минут Жаңа сабаққа кіріспе Қызығушылығын ояту | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 3.Үй тапсырмасын сұрау 4.Сабақтың мақсатымен таныстыру (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар). Жалқау мысық Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал қәзір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр. («Балдырған» журналынан) Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.
Сергіту сәті. Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. | Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жүргізеді. Мәтінді түсініп оқиды; Тірек сөздерді пайдаланады; Орфографиялық және пунктуциялық заңдылықтарды сақтайды; Ойын ашық, әрі нақты жеткізеді; Кейіпкерлерді қосып, жаңа сюжет үстеп жазады; | Өте жақсы! Жарайсың! Талпын! Өте жақсы! Жарайсың! Талпын! | Ынтымақтастық ортасын құру. Интерактивті тақта диаграмма | ||
Сабақтың соңы 5 минут | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мысық неге жалқау болды деп ойлайсың? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың? | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Жарайсыздар! Өте жақсы! | |
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Улмесекова А.А
Бөлім: «Құндылықтар» Сабақ тақырыбы: Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі ой. | Сатыбалды негізгі орта мектебі | |||||
Күні: 28.09.2022 ж | Мұғалімі: Ғалым Н.Қ | |||||
Сынып: 4 | ||||||
Оқу мақсаттары | 4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланған уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурс | ||
Сабақтың басы 5 минут Жаңа сабаққа кіріспе Қызығушылығын ояту | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 3.Үй тапсырмасын сұрау 4.Сабақтың мақсатымен таныстыру (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Өлеңдерді оқу. Тақырыбын анықтау. 6-тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Керекті сөздер: тақырып, негізгі ой, ат қою.
7-тапсырма: Мәтінмен жұмыс.
| Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жүргізеді. Мәтінді дұрыс көшіріп жазады; (2) Керек сөздерді пайдаланады; (1) Орфографиялық және пунктуциялық заңдылықтарды сақтайды; (2) Мәтіннің мазмұны мен тақырыбын айтады; (1) Негізгі ойды анықтайды; (2) Мәтіннің басқа мәтінмен сәйкестігін табады; (2) | Өте жақсы! Жарайсың! Талпын! Өте жақсы! Жарайсың! Талпын! | Ынтымақтастық ортасын құру. Интерактивті тақта диаграмма | ||
Сабақтың соңы 5 минут | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мысық неге жалқау болды деп ойлайсың? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың? | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Жарайсыздар! Өте жақсы! | |