Файл: азастан Республикасы ылым жне Білім министрлігі Е. А. Бкетов атындаы араанды университеті Хаттама 1.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 92
Скачиваний: 1
-
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына және тілдер күніне арналған «Тіл – баға жетпес мұра» тақырыбындағы кураторлық сағаты -
Әртүрлі
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс.
Сөйлегендер Э-31 тобының студенті Турсумбек Карина: Әрбір азамат өз елінің патриоты ретінде ең бірінші кезекте мемлекетті құрушы ұлт өкілдер - қазақтардың өзі бастап мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатуға ат салысуы керек деп есептеймін. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қанаты қағиданы жүрегіміздің төрінен орын алып, жолбасшымыз болуға тиіс.
Тіл - ұлттың жан дүниесі. Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы - ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.
Сөйлегендер: топ кураторы Жарасбаева А.Ж:
Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол! Отаныңның патриоты болып, елің үшін ерен еңбегіңді аяма дегім келеді. Өсер елдің ұрпағы сіздер сияқты білімді, алғыр болады.
- Сонымен тіл мерекесіне арналған «Тіл – баға жетпес мұра» кураторлық сағатымыз аяқталды.
Төраға ЖарасбаеваА.Ж.
Хатшы Аман М.