ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 12
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі | Мектеп:Шобанақ | Мұғалімнің аты-жөні:И.Жумабаев 17.10.22 | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» | |||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау. | |||||||||||||
Сабақ мақсаты | Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» толғауының мазмұнын түсіну, идеясын анықтау; композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау; композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау, шығарма идеясына байланысты өзіндік көзқарас таныту. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Осыған дейінгі оқылғандар | Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады. І. Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл» Оқушылар жырау мен жыршыға қатысты сөздерді тақтаға кезекпен жазып шығады.
Дескриптор: Білім алушы - Жырау мен жыршыға қатысты сөздерді ажыратады; - Жырау мен жыршының айырмашылығын түсіндіреді; | Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады. Оқушылар жырау мен жыршыға қатысты сөздерді тақтаға кезекпен жазып шығады. | ҚБ | 8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы | ||||||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану 1-тапсырма «Еркін жауап» стратегиясы . Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Шалкиіздің өмірі туралы оқып келеді таратылған сұрақтарға ауызша жауап береді. 1-қатар - Шалкиіздің өмірі туралы не білесің? - Қай бидің ақылшысы болған? 2-қатар - Жырау әскери жорықтармен қай жерлерді аралайды? - Қазақ ордасына қашан оралады? 3-қатар. - Толғау дегеніміз не? Жыраудың би Темірге арнаған неше толғауы бар? - Жыраудың басқа қандай толғауларын білесіңдер? Дескриптор:
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауын» оқу. 2-тапсырма «Тақырыпты анықта» «стратегиясы Білім ленд .kz сайтынан толғауды тыңдату. «Тақырып бойынша болжам жаса» стратегиясы: «Би Темірге бірінші толғау» деп не себепті аталған деп ойлайсыз? «Екінші толғау», яғни, оның жалғасы болуы мүмкін бе? Толғаудың мазмұнын бірінші тармағына қарап болжап көр, не туралы сөз қозғалуы мүмкін: «Аспанды бұлт құрсайды Күн жауарға ұқсайды». Не себепті жырау өз сөзін табиғат құбылысын бейнелеуден бастайды? Оқушылар сөздікпен танысып, есте сақтау үшін бірнеше рет оқиды. Жұбымен жауаптасады. «Есте сақтау» әдісі Сөздік: Қу – аққу Көкшілі – сұңқар Арабы торы – «асыл тұқымды» дегенді білдіреді Алдаспан – наркескен қылыш Қағба – мұсылмандардың құлшылық ететін қасиетті орны Күлік – сәйгүлік жылқы Кепке – бас деген мағынада Ғазизлеген – құрметтеген «Айтарым бар» әдісі 1-тапсырма 1- қатар. Жырау нөсер жауын алдындағы түнерген аспанды, көкшіліден соққы жеген аққу құстың жайын неліктен сөз етеді? Өз басындағы жағдай осы құбылыспен қаншалықты байланысты, яғни, алыстан орағытып келіп нені меңзеп отыр? 2-қатар. Екінші шумағында өзі үшін Би Темір кім еді, үшінші шумағында Би Темір үшін өзі кім еді, намысына тигенде ашуға бой алдыруы ... Толғаудағы би Темір бейнесін мен жыраудың өз бейнесін қалай берген? 3 -қатар. Неліктен Шалкиіз өз дәуірі үшін бітім-болмысы бөлек ерекше тұлға екенін қай жыр жолдарынан көруге болады? 2-тапсырма 1-қатар. Толғаудағы метафора, анафораны табу 2 -қатар. Толғаудан aллитерация мен ақыл- нақыл сөзді табу 3 қатар. Берілген толғау шумақтарын құрылысына талдайды Дескриптор:
Бағалау парағы
ПОПС формуласы Ж. «Менің ойымша, ұлттық мүдде тұрғысынан келгенде, толғаудың идеясы мен пафосы ... ». «Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...» «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...» «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» | Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Шалкиіздің өмірі туралы оқып келеді. таратылған сұрақтарға ауызша жауап береді. «Тақырып бойынша болжам жаса» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізеді. Оқушылар сөздікпен танысып, есте сақтау үшін бірнеше рет оқиды. •Әр қатарберілген сұрақтарға қатысты өз көзқарасын білдіреді; •Толғаудан aллитерация мен ақыл- нақыл сөзді табады; •ақынның көркемдегішті қолдану себебі түсіндіреді; •Толғау шумақтарын құрылысына қарай талдайды. ПОПС формуласы бойынша ойын қорытындылайды. | ҚБ ҚБ ҚБ ҚБ | shalkiiz-zhyrau-bi-temirge-birinshi-tolhau.htm http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/audiobook/5157-tolhauy | ||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс маңызды ақпарат қиындық тудырған сәт сабақта ұнаған аспекті | | ||||||||||||
Үйге тапсырма . | .«Би Темірге бірінші толғауын» мәнерлеп оқуға,үзінді жаттау | |