Файл: Корректировка мзіріндегі негізгі командаларды біледі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютерлік графика

Педагогтың аты-жөні

Шарипова Мадина Тлековна

Күні




Сынып: 5 А, Б, В

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Қисық бетімен жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.3- векторлық суреттер жасау және өңдеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Корректировка мәзіріндегі негізгі командаларды біледі.

Көптеген оқушылар:

RGB қисықтарын пайдаланып фотосуреттің түсінің сапасын өзгертеді

Кейбір оқушылар:


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін, «I wish you» тренингін ұйымдастыру.

Мақсаты: Оқушылар шеңберде бір-біріне жағымды тілек, ынтымақта қарым-қатынас орнатуға ықпал ету. Сыныпты түстер арқылы «Таңда да таста» әдісі арқылы үш топқа бөлемін. Қызыл, сары.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу



1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.




Кеспелер

Сабақтың ортасы

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

Өткен сабақты пысықтау «Квест» ойыны. Inkscape құралдарының суреттері топтарға беріледі. Суреттің аттары жазылған парақшалар сынып ішінде жасырынған. Оқушылар парақшаларды жылдам тауып суреттерге жапсыруы керек. Бірінші жеңген топ жеңілген топқа Тәуелсіздік күніне байланысты сұрақтар қояды



Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бейнесабақ.

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  1. Безье қисығы дегеніміз не?

  2. Қисық сызықтарды салудың қандшай режимдерін білесің?

  3. Қисық сызықтармен сызылған суреттердің бағытын ауыстыруға бола ма?

  4. Суреттерді қандай бағыттарға бұруға болады?

  5. Суреттердің көлемін қалай өзгертеміз?



Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Жеке компьютерде практикалық жұмыс орындау

1-тапсырма.

Интербелсенді тақтада орналасқан суреттердің бірін безье сызықтарын қолдау арқылы орындаймыз.



Дескриптор:

- суретті векторлық графикалық редакторға салады;

- қисық командасын қолданады;

- сурет пішімін анықтайды.

- суретке бұрмалау әсерін береді;

- суреттің түсіне өзгерту жасайды.
Топтық жұмыс

«Венн диаграммасы»

Inkscape пен Paint.NET-тің әсерлер беру құралдарын және түсті реттейтін қисықтар жұмысын салыстырыңдар. Ұқсастық пен айырмашылықтарын атаңдар. Қай графикалық редакторда суретті өңдеу қолайлы?

Дескриптор:

- растрлық және графикалық редакторларда сурет өңдеу командаларын анықтайды;

- растрлық және графикалық редакторларда сурет өңдеу командаларын салыстырады
ҚБ: «Ынталандыру» - мұғалім бағалауы

  • Бәрекелді!

  • Жарайсың!

Ұтымды жауап айта алдың!

Мұғалімді тыңдайды


Оқушылар Inkscape графикалық редакторларында

Қисық бетімен жұмыс жасауға арналған бейнесабақты көреді.

1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды


Стикер

6 балл

Стикер

4 балл

Интербелсенді тақта / компьютер

Сабақтың соңы




Bilimland платформасында тест жұмысын орындату.

ҚБ: «Басбармақ » - оқушылар тақырыпты түсінулеріне қарай, топтар бір-бірін «басбармақ» көрсету әдісі арқылы бағалайды.


  • Рефлексия: "Бес саусақ" әдісі. Балалар параққа алақандарын қойып, саусақтарын қаламмен айналдырып сызады. Содан соң әр саусақтың ішіне сабақ туралы сұрақтарға жауап жазады:

  • "Бас бармақ"-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды не болды? 

  • "Балалы үйрек"-бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза қылдым? 

  • "Ортан терек"-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? 

  • " Шылдыр шүмек "-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 

"Кішкентай бөбек"-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? 

Өзін-өзі бағалау.




Компьютер








Үй тапсырмасы

Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына орай көк туымыздың бейнесін салу.









Интернет көзі