Файл: Л. Н. Гумилев атындаы Еуразия лтты университеті КеА.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 236

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

Кәсіптік оқу – Танысу практиканы

/практиканың түрі/

өту туралы күнделік-есеп

«6В01510 - Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығының

Физика - техникалық факультетінің І курсының білім алушысы

Сәрсен Айсұлу Өтегенқызы

тегі, аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)

                       

Астана, 2023ж.

Кәсіпорында қауіпсіздік техникасы ережесін өту және тапсыру туралы белгі


Күні мен айы

Қауіпсіздік техникасы бойынша тақырыптың мазмұны

Тапсырғаны туралы белгі және жетекшінің қолы

16.01.2023


Оқу практикасы дәстүрлі форматта (оффлайн) болғандықтан мына төмендегі техникалық қауіпсіздік талаптарын орындауымыз қажет:

1. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, қажетті қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіру керек.

2. Өткір кесетін құрал-жабдықтарды тек сабынан ұстап, өткір ұшын көршісіне бұруға болмайтыны туралы дағды қалыптасуы қажет.

3. Жанып тұрған спирт шамымен екіншісін жағуға болмайды. Спирт шамын қалпақпен өшіру.

4. Ашық спиральды электр қыздырғыш приборларды пайдалануға үзілді-кесілді тиым салынады.

5. Жанғыш құралдармен жұмыс жасағанда жалынға шаш пен киімнің тимеуін қадағалау қажет.

6. Пробиркада сұйықты қыздырған кезде мына ережелерді ескеру қажет: Пробирканың ауызын өзіңе немесе көршіңе бұруға болмайды. Пробирканы арнайы штативке бекіту қажет. Пробирканы қағаз кесінділерімен ұстауға болмайды.

7. Шыны приборларды құрастырған кезде қолды кесіп алмау үшін шыны және резеңке түтікшелерінің диаметрін дұрыс таңдап алу керек, олардың ұштарына су, вазелин немесе глицерин жағып, өткір қырларын балқыту қажет.

8. Шыны түтікшені тығынға кигізгенде тығынды алақанда ұстамай, жанынан ұстау керек.

9. Шынының өте морт келетінін, соғудан, температура өзгерісінен тез шытынайтынын және сынатынын ескерген жөн. Шыны кесіп кеткен жағдайда кесілген жерге қол тигізуге және сумен жууға болмайды. Жараны дәріленіп тазартылған дәкемен тазалап, сонан соң жараның айналасындағы теріге йодты спирт тұнбасын жағу керек.

10. Құрастырылған электр тізбегін мұғалім тексергеннен кейін, оның рұқсатымен ғана қосыңдар. Электр тізбегіне ток көзін ең соңынан қосыңдар.

11. Электр тізбегін құрастырған кезде тізбектің изоляциясыз элементтеріне (қыстырғыш, кілт т.б.) тиіспеу, изоляциясы жоқ немесе тозған өткізгіштерді және ашық типтес рубильниктерді пайдаланбау. Кернеуі бар электр қондырғыларында ақау байқалса дереу ток көзін айырып, бұл туралы мұғалімге хабарлау. Ток көзін айырмай тұрып, тізбекті қайта құрастырушы және балқымалы сақтандырғышты ауыстырушы болмаңдар.

12. Жұмыс кезінде электр машиналарының айналып тұрған бөлшектеріне абайсызда қол тигізіп алмаңдар.

13. Ток көзін айырған бойда конденсаторларға, олардың қысқыштарына, стационар электр қондырғылардың корпустарына тиіспеу.

14. Изоляциялаушы сабы бар аспаптарды пайдалану.

15. Жұмыс соңында ток көзін айырып, ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін ажырату.

16. Кабинетте алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті аптечка болуы керек.





Білім алушының кәсіптік практика мерзімінде орындаған жұмысы
              


р/с

Кәсіптік оқу – танысу практика бағдарламасына сәйкес күн сайын орындалған (оқып-үйренген) жұмыстар атауы

Кәсіптік практиканың жеке тақырыптарын, жұмыстарын орындау мерзімі

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы




басы

соңы




1

Күні: 16.01.2023ж - 21.01.2023ж

Жетекші оқу практикасы бойынша жалпы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік шараларымен таныстырып, оқу практикасының өтуі туралы ақпарт берді.

Практиканың жоспарын талқылап, тапсырмалар берілді.

14:10



16:00






2

Күні: 23.01.2023ж. - 28.01.2023ж

Физикалық шамаларды өлшеу үдерісінің негіздері. Физикалық шамаларды өлшеудің бірліктері, өлшеудің тәсілдері, өлшеу құралдары (З.К. Баймұханов, Г.М. Аралбаева. Физикалық шамаларды өлшеу. Оқу құралы. -2022).


14:00



16:00






3

Күні: 30.01.2023ж - 04.02.2023ж.
1 зертханалық жұмыс. Кішкентай денелердің өлшемін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену. (Р.Башарұлы. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық. - 2017).

14:00



16:00






4

Күні: 6.02.2023ж - 11.02.2023ж.

2 зертханалық жұмыс. Физикалық шамаларды өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: ұзындықты және уақытты өлшейтін құралдардың бірлік құнын анықтау; сынып үстелінің енін, ұзындығын өлшеп ауданын табу; физика оқулығының көлемін табу; кішігірім денелердің әртүрлі биіктіктен құлау уақыттарын есептеу. (Р. Башарұлы. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық. - 2017)

14:00

16:00



5

Күні: 13.02.2023ж - 17.02.2023ж

3 зертханалық жұмыс. Үйкеліс күшін өлшеу және оны дене салмағымен салыстыру.

Жұмыстың мақсаты: Каретка, бағыттаушы рейка, жүк жиынтығы, динамометр көмегімен үйкеліс күшін анықтау.

Қорытынды: Алдымен каретканың өзін есептесек, кейін жүкпен қалай өзгеретінін зерттедік. (Алтеев Ж., Ермекова Ж.К., Сагындыкова Г.Е. Мектеп эксперименті техникасы зертханалық жұмыстарға оқу-әдістемелік құрал. - 2021)









6

Күні: 20.02.2023ж – 24.02.2023ж

4 зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Көлбеу жазықтықта денені көтеру кезінде ПӘК Анықтау

Жұмыстың мақсаты: бағыттаушы рейка және каретка, динамометр, муфталы және табанды штатив, жүк жиынтығы, сызғыш арқылы ПӘК-ті анықтау.

Қорытынды:Әртүрлі жүктердің массасын электронды таразы арқылы өлшеп алдық. Муфталы және табанды штатив арқылы каретканы жоғары көтеріп, мәндерді жазып алдық. Формула арқылы қозғалыстың ПӘК-ін анықтадық. . (Алтеев Ж., Ермекова Ж.К., Сагындыкова Г.Е. Мектеп эксперименті техникасы зертханалық жұмыстарға оқу-әдістемелік құрал. - 2021)









7

Күні: 27.02.2023ж – 03.03.2023ж

5-8 зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: 1.Өткізгіштердің параллель және тізбектей қосылуын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: екі параллель қосылған аймақтан тұратын электр тізбегі үшін мына теңдік сәйкес екенін тәжірибелік тексеру:

I12 = I1 + I2 ; 1/ R12 =1/ R1 +1/ R2 және I / I = R / R

2. R1 және R2 тізбетей қосылған екі кедергіден тұратын электр тізбегі үшін мына теңдік сәйкес екендігі туралы тұжырымдарды тәжірибелік тексеру:

R12 = R1 + R2; U12= U1 + U2 және U1/ U2 = R2/ R1

Қорытынды: металл планшетке амперметр, вольтметр, R1 резисторы мен R2 резисторын алдымен параллель, содан соң тізбектей орналастырып жалғағыш сымдар арқылы электр тізбегінің сызбасын құрдық. Дұрыс жалғанғанына көз жеткізіп алғаннан кейін, электр көзін қостық. Вольтметр мен амперметр тілшелерінің өзгергенін көрдік. Осы жұмысты 3 рет қайталап, мәндерді дәптерге жаздық. Теңдікке мәндерді қойып, орындалатынына көз жеткіздік.

Сызба:



(Алтеев Ж., Ермекова Ж.К., Сагындыкова Г.Е. Мектеп эксперименті техникасы зертханалық жұмыстарға оқу-әдістемелік құрал. - 2021)









8

Күні: 06.03.2023ж – 10.03.2023ж

9 зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Электрлік шамдағы ток қуатын және жқмысын өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: амперметр, вольтметр және секундомердің көмегімен электр шамындағы ток жұмысын және қуатын өлшеу әдісін оқу.

Қорытынды: металл планшетке сызбадағыдай екі резисторды, амперметр мен вольтметрді жалғағыш сымдар арқылы жалғаймыз. Кілтті қосып, тізбекке электр көзін жібереміз. Вольтметр мен амперметрде көрсетілген мәндерді дәптерге жазып алдық та, формула арқылы жұмыс пен қуатты есептедік. Тәжірибенің дұрыстығына көз жеткізу үшін мәндерді 3 рет өлшедік.

Сызба:



(Алтеев Ж., Ермекова Ж.К., Сагындыкова Г.Е. Мектеп эксперименті техникасы зертханалық жұмыстарға оқу-әдістемелік құрал. - 2021)









9

Күні: 13.03.2023ж – 17.03.2023ж

Закирова Н.А., Аширов. Физика: жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулығынан 2-15 жаттығу есептерін шығарып, мұғаліммен кері байланыс ұйымдастырдық.









10

Күні: 20.03.2023ж – 24.03.2023ж

Үй жағдайында физика курсының басты бөлімі механикаға зертханалық жұмыс жасадық.

Оқу – әдістемелік құрал. Экспрериментальные задачи на уроках физики и физических олимпиадах (С.Д.Варламов, А.Р.Зильберман, В.И.Зинковский)









11

Күні: 27.03.2023ж – 31.03.2023ж

10-12 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Архимед заңы және механиканың «алтын ережесін» үйрену.

Жұмыстың мақсаты: Көтеру күшінің батыру тереңдігіне тәуелділігін анықтау және муфталы штатив, рычаг, динамометр, жүк жинағы, түзусызықты қозғалысты зерттеуге арналған бағыттаушы аспап арқылы механиканың алтын ережесін зерттеу.

Қорытынды: жұмыстардың орындалу барысы арқылы тәжірибе жүргіздік. Тәжірибе барысында алынған мәндерді әдеттегідей қағазға жазып отырдық. Механиканың «алтын ережесінің» анықтамасын практика жүзінде қарадық, Күштен қанша есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтылатынымызға тәжірибе арқылы көз жеткіздік. (Алтеев Ж., Ермекова Ж.К., Сагындыкова Г.Е. Мектеп эксперименті техникасы зертханалық жұмыстарға оқу-әдістемелік құрал. - 2021)









12

Күні: 03.04.2023ж – 07.04.2023ж

13 зертханалық жұмыс және практикалық есептер шығару

Тақырыбы: Қазындықтар мен көлемдер.

Жұмыстың мақсаты: тұрақты емес пішінді денелердің көлемдерін есептеу.

Қорытынды: штангенциркуль көмегімен денелердің өлшемдерін өлшеп алдық. Дене ретінде шүмегі бар ыдысты алдық. Алдымен биіктігін, содан соң диаметрін есептеп көлемді еседік.

Практикалық есептерді вариант бойынша (Веретельник В.И. Сборник вопросов и задач по физике для поступающих в вузы: учебное пособие. Задачи для самостоятельного решения) платонус жүйесіне жүктелеген есептерді шығардық









13

Күні: 10.04.2023ж – 14.03.2023ж

Геометриялық оптика туралы түсінік және тәжірибелер жасау.

14-17 зертханалық жұмыс. Заттың сыну көрсеткішін өлшеу. Линза теңдеуі. Жинағыш линзаның фокустық қашықтығы мен оптикалық күшін өлшеу. Линзаның көмегімен кескін алу (Алтеев Ж., Ермекова Ж.К., Сагындыкова Г.Е. Мектеп эксперименті техникасы зертханалық жұмыстарға оқу-әдістемелік құрал. - 2021)









14

Күні: 17.04.2023ж – 21.04.2023ж

Геометриялық оптика тақырыбына тәжірибе жасау.

18-22 зертханалық жұмыс. Жарық дифракциясын бақылау. Жарық интерференциясын бақылау. Жарық толқынының ұзындығын өлшеу. Жарықтың поляризациясын бақылау. Дисперсия құбылысын бақылау. (Алтеев Ж., Ермекова Ж.К., Сагындыкова Г.Е. Мектеп эксперименті техникасы зертханалық жұмыстарға оқу-әдістемелік құрал. - 2021)










15

22.04.2023ж. Оқу – танысу практикасының қорытынды есебін беру












Кафедрамен берілген жеке тапсырмалар




Оқу-танысу практика бағдарламасына сәйкес орындауға (оқып-үйренуге) тиісті жұмыстардың тізімі

1

Кафедрада бекітілген оқу практикасынан өтудің мақсаттарымен, міндеттерімен танысу

2

Оқу - танысу практикасының бағдарламасына сай күнделікті жетекшінің берген тапсырмаларын орындау

3

Оқытушының берген жұмыс жоспар-кестесіне сай тапсырмаларды орындау

4

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

5

Жүргізілген практикалық жұмыс нәтижелері бойынша жасалған аналитикалық есеп жасау

6

Студент-практикант күнделігін уақытылы толтыру

7

Есеп беру үшін тәжірибелік материалдарды жинау, өңдеу

8

Есеп беру


Техникалық физика

кафедрасының меңгерушісі

________________ Қайнарбай А.Ж.



Техникалық физика

кафедрасының оқу-танысу

практикасының жетекшісі __________________ Аралбаева Г.М.

«______» __________________2023ж.

Оқып-үйренген құрылымдарды, құралдарды, технологиялық үрдістерді, өндіріс пен озық еңбек әдістерін механикаландыруды, автоматтандыруды сипаттау


Оқу – танысу практикасынан өту барысында физикалық денелерді өлшейтін және түрлі процестерді зерттейтін ғылыми-зерттеу құралдарымен таныстық. Атап айтсақ, штангенциркуль, муфталы және табанды штатив, бағыттаушы рейка мен каретка, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, динамометр және тағы басқалары.
Бұл ғылыми-зерттеу құралдарының жұмыс істеу тәртібімен, олардың технологиялық үрдістерде пайдалану әдістерімен таныстық.

Практика барысында зертеу жұмыстарын жүргізуде алған нәтижерлерді өңдеуді, абсолют және салыстырмалы қателлікпен жқмыс жасауды үйрендім. Сонымен қатар, тапсырмаларды дайындау кезінде MS Office, PDF форматында құжаттар әзірлеп, оларды Платонус жүйесіне жүктеп, уақтылы тапсырмаларды жетекшіге жіберіп отырдым. Жетекшімен үнемі кері байланыс жасап отырдым.

____________________________ Сәрсен А.Ө.

(білім алушының қолы)
«_____» ___________________2023ж.

____________________________ Аралбаева Г.М.
(кәсіптік оқу – танысу практикасының тікелей жетекшісі /Т.А.Ә, қолы)



«_____» ___________________2023ж.

     

Білім алушы-практикантты практика аралығында ынталандыру немесе шара қолдану



Оқу – танысу практикасы барысында «6В01510 - Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығының оқу практикасының бағдарламасымен таныстырып, осы аталған бағдарламаға сай практика жүргізілді. Білім алушыға толықтай қажетті көмек көрсетіліп тұрды. Яғни, барлық керекті оқу материалдары, мақалалар, кітаптар уақытылы жіберілді. Сонымен қатар, жасалған жұмыстарды уақытылы тексеріп, керекті нұсқаулар беріліп отырды.

Оқу – танысу практикасы кезінде білім алушылардың оқу процесінде алған теориялық және практикалық білімдерін кеңейтуге және бекітуге, таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге және жетілдіруге, болашақ кәсіптік қызметке даярлауға бағытталды. Бұл студенттерді оқытудың белсенді жеке түрі, оның барысында жеке жоспарлар мен тапсырмаларға сүйене отырып, өз бетінше жұмыс істей білу дағдысы қалыптастырады.

Ұйым, кәсіпорын, мекеме атынан кәсіптік практика жетекшісінің қорытындысы
1 – курс бакалавранты Сәрсен А.Ө. 2023 жылдың 16 ақпаннан 22 сәуір аралығында оқу - танысу практикасын өтті. Практика барысында студент ғылыми жұмыс істеу дағдыларын, физикалық процестерді зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда дағдылар мен біліктерді практикада толық көрсете алды.

Студенттің кәсіптік практикадан өту барысында жұмыс жоспар-кестесін сай барлық тапсырмаларды дер кезінде орындап, практикаға толық қатысып, зерттелген материалдар бойынша талдау жұмыстарын жасап, тапсырмаларды толық орындап отырды.


Практика нәтижелері бойынша есебі тапсырылып, оның нәтижелері туралы баяндады, есепті қорғау кезінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, кәсіптік практикадан өту қорытындысы бойынша құжаттар пакетін ұсынды.

Кәсіптік оқу – танысу практика жетекшісі ______________ Аралбаева Г. М.


«______»_________________2023ж.

Кафедрамен практиканы бағалауы

1. Практика бойынша қорытындылар, қорғау, күнделік-есеп

Комиссия қорытындысы бойынша 1- курс бакалавранты, 16.01.2023-22.04.2023 аралығында өткен оқу - танысу практикасында өзінің жұмысын толықтай жасап, берілген тапсырмаларды тиянақты да әрі ұқыпты, сонымен қатар дәл уақытында жасап мұғалімге тапсырып отырды. Бакалаврант талап етілген барлық құжаттарды тапсырды. Сондықтан зерттеу практикасының нәтижесі бойынша Сәрсен Айсұлуды оқу практикасының нәтижесі бойынша _________бағамен бағалаймын.
2. Білім алушылардың оқу – танысу практиканың өтуі туралы

/практиканың түрі/

комиссия қорытындысы

Комиссия қорытындысы бойынша, студент қорытынды конференцияға қатысты. Өзінің жасаған жұмыстарын қорғады. Күнделігін толық толтырып, комиссия мүшелеріне таныстырды. Комиссия қорытындысы бойынша білім алушы бакалаврантына ________ сандық баға қойылды.

Комиссия мүшелері:

________________ Қайнарбай А.Ж.



_________________ Сагындыкова Г.Е.



__________________ Садыкова Б.М.
__________________ Аралбаева Г.М.

«______» _____________2023ж.