Файл: Таырыбы лы Отан соысындаы аза батырларыны ерлігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырларының ерлігі

Мектеп:

Уақыты: 2 сағат

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

қазақ халқының Ұлы жеңіске қосқан үлесін бағалайды


Сабақтың мақсаты

Елжанды, азаматтардың Отан алдындағы парызын түсінетін сындарлы тұлға тәрбиелеу

Тілдік мақсаттар

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ұлы Отан соғысы

Тыл

Майдан

Майданнан келген хаттарда...

Ерен ерлік көрсеткен батырлар.....

Соғыс кезінде Қазақстан территориясында.....

Ұлы Отан соғысының батырларының ерлігі туралы сөйлемді түрлендіреді (жазылым)


Алдыңғы меңгерілген білім


Қазақ халқының өткен ғасырлардағы жоңғарларға қарсы Отан соғысындағы және және ХХ ғасырдың басына дейінгі ұлт-азаттық қозғалыстардағы ерлігі туралы біледі

Сабақ түрі кіріктірілген сабақ

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Басы

Қызығушылықты ояту сатысы


(Б) Білу мен түсіну Оқушыларға "Священная война" әнін тыңдату және Бауыржан Момышұлының "Отан үшін отқа түс, күймейсің" сөзін тақтаға жазып қою.

- Бұл ән сіздерде қандай сезім тудырады?

- Б. Момышұлының сөздері мен естіген әнде ортақ идея бар ма?

ҰОС кезіндегі суреттер топтамасы беріледі. Оқушыларға қойылатын сұрақ:

Суреттерге қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға болады ма?

(М) Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылады.

Бейнефильм «Ұлы Отан соғысы» көрсетіледі. Мақсаты, оқушыларға дүние тарихымен байланыстыра отырып ,Ұлы Отан соғысы жайында қысқаша түсінік беру.

Бейнефильм не жайлы?

Қандай негізгі ойды білдіреді?

Саған қатты әсер еткен бөлігі ?

Сен үшін жаңа ақпарат болды ма?

- Бұл соғыс қашан басталды?
- Неліктен Отан соғысы деп аталған?
Сынып ішінде талқылау ұйымдастырып, оқушылардың пікірін тыңдау. Әңгімелесу.




суреттер, слайдтар
Священная война әні.

http://www.youtube.com/watch?v=pnXbA7UPCvg


https://www.youtube.com/watch?v=kdlg2WlCN4U

Ортасы

Мағынаны тану сатысы



Детальдарды қосу стратегиясы,
сыныпта жұмыс істеу кезінде сізге алған білімдеріңізді көрсету үшін сөйлемді кеңейту қажет. Бастапқы сөйлемнің мысалы:
-Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталды…
-ҰОС Қазақстаннан 1млн 200 мың адам қатысты…
- 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағы Батыры атағына ие болды…
(Т/Ж)
сыни ойлау

Алдын-ала берілген тапсырмалардың жетістік критерийлері таныстырылады:
Білу және түсіну. ҰОС кезіндегі маңызды шайқастарда ерлік көрсеткен қазақстандық батырларды біледі
Қолдану. жинақтаған мәліметтерді жариялай алады(презентациялау)
Сыни ойлау. Берілген дерек көзінен ҰОС-ғы жауынгерлердің ерлігін, көңіл-күйін анықтап, нақты дәлелдер келтіріп, талдайды
Рефлексия. Әр топтың жасаған жұмыстарына шағын талдау жасай алады (мысалы 2 жұлдыз, 1 тілек)

(Т/Ж) сыни ойлау Оқушыларға соғыс жылдарында майданнан жазылған хаттардан үзінділер ұсыну, келесі сұрақтаға жауап іздеуді тапсыру:

- Хаттардағы мәліметтерге сенуге болады ма? (слайд)

- Хат жазушылардың қандай ұқсас пікірлері бар?

- Хат авторлары соғысты қалай суреттейді? (әр топқа бір-екі хаттан беріледі) Қосымша 1.(5-6 минут)

Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң:

- Сұрапыл соғыс жылдарында майдан алаңындағы жауынгерлер мен шалғайда қалған туған-туысқандардың арасын хаттар жалғастырған. Сол кездегі көздің жасы сіңген хаттарда сарқылмас сағыныш, түпсіз терең ой, мәңгілік махаббат пен қалың ормандай қайғы-қасірет бар, - деп қорытындылау.
(Т) Алдын-ала зерттеуге берілген тапсырмаларды топтардың жариялауы:
1-топ. Мәскеу үшін шайқас
2-топ. Ленинград үшін шайқас
3-топ. Сталинград үшін шайқас
4-топ. Берлинге бағыт
(Тапсырмада әрбір шайқаста қазақстандықтардың көрсеткен ерлігін анықтайды
Зерттеу барысында келесі мәселелерді қарастырады:

-Шайқастың маңыздылығы

-Ерлік деп қандай іс-әрекетті бағалаймыз?

-Ерен ерлік көрсеткен қазақстандықтар кімдер?

Әр топ бір-бірінің жұмысына «2 жұлдыз, 1 тілекпен» бағалайды.

- Сұрапыл соғыс жылдарында майдан алаңындағы жауынгерлер мен шалғайда қалған туған-туысқандардың арасын хаттар жалғастырған. Сол кездегі көздің жасы сіңген хаттарда сарқылмас сағыныш, түпсіз терең ой, мәңгілік махаббат пен қалың ормандай қайғы-қасірет бар, - деп қорытындылау.

Проблемалық сұрақ қоюға болады. Мысалы: қазіргі бейбіт заманда қиын жағдай туса, ерлік жасайтын жастар көп пе?

Оқушылардың ойын қорытындылау.


Майданнан келген хаттар.

http://kerekinfo.kz/blog/10497.html
Қ. Исабай. Алғы шепте. – Алматы: Санат, 2005.
Ә. Нұршайықов. Боздақтар: повестер мен әңгімелер. – Алматы: Санат, 2005
Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010.


Соңы


(Д/Ж) «Ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды!» (слайд)

- Бұл сөйлемді қалай түсінесіздер? (піпірлерін тыңдау, әңгімелесу)

-(М) Отан үшін майданда қан төккен әрбір жауынгерді батыр деуге болады. Ардагерлер жылдан жылға сиреп барады. Біз оларды құрмет тұтып, әрдайым ерліктеріне тағзым етеміз. (слайд)

Үйге тапсырма «Менің өлкемнің соғыс ардагерлері» тақырыбының аясында зерттеу жұмысын жүргізу. Қарағанды облысынан шыққан батырларды анықтау. Өз отбасыңыздан шыққан майдангерлер болса, олардың қай майданда соғысқанын білу. Ардагерлерге арналған естелік бұрышына материалдар әкелу.(слайд)

(Оқушылар мектеп қабырғасында жергілікті ардагерлерге арналған естелік бұрышын жасауға дайындалады).

Рефлексия Топтарды өзара және өзін-өзі бағалауды ұйымдастыруға болады.

Рефлексия
Маған бүгінгі сабақта ұнаған үш жағдай...
Мені бүгінгі сабақта ойландырған екі жағдай...
Менің бір ұсынысым немесе сұрағым...





Буклет, фотолар, мақалалар жинағы т.б.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)


Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.


Құндылықтар:

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

Рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:
2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?