Файл: ндірістік істжірибе туралы есеп студентті атыжні Калымбетова Раушан Маратовна Істжірибе орны 178 орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 81

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жұмысқа қажетті бағдарлама мен электронды түрдегі құжаттар 2 және одан да көп жерлерде сақталынған.

Бухгалтерлік есеп мәліметтер базасы әр күні сақталынып. Соңында құжаттар не қағаз түрінде не электронды түрде, оперативті сақтаудан мемлекеттік мұрағат қорына ауысып көшеді.
3 Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
«№178 орта мектебі» ММ-нің қаржы шаруашылық қызметіне талдау жасау мақсатында «мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері» кестесі құрылып көрсетілген.

Кесте 1 – Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Базисті

жыл

Есепті

жыл

ауытқу, (+,-)

абсолютті

%

1. Өнім өткізуден табыс, мың теңге













2. Жұмыскерлердің орташа жылдық саны, адам

65

69

+4

5,8%

3. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге

10764,2

10789,2

+25

0,3%

4. Ағымдық активтердің орташа жылдық құны, мың теңге

116907,8

117101,9

+194,1

0,2%

5. Еңбек өнімділігі, мың теңге













6. Қор қайтарымы, теңге













7. Қор сыйымдылығы , теңге













8. Өнімнің өзіндік құны, мың теңге













9. Жалпы табыс, мың теңге













10. Кезең шығындары, мың теңге













11. Салық салынғанға дейінгі табыс, мың теңге

2064,5

2124,6

+60,1

2,9%

12. Корпоративтік табыс салығы, мың теңге













13. Күтілмеген жағдайлардан табыс, мың теңге













14. Таза табыс













15. Активтердің айналымдығы, рет













16. Ағымдық активтердің айналымдығы, рет













17. Ағымдық активтердің 1 айналымының ұзақтығы, күн













18. Сатудың рентабельділігі, %













19. Активтердің рентабельділігі, %













20. Меншікті капиталдың рентабельділігі, %
















Жоғарыда көрсетілген 1-кестеге сәйкес қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша «№178 орта мектебі» мемлекеттік мекеме болғандықтан өнім өткізуден табыс, жалпы табыс, кезең шығындары, корпоративтік табыс салығы, күтілмеген жағдайлардан табыс, таза табыс, сатудың рентабельділігі, меншікті капиталдың рентабельділігі сияқты көрсеткіштер қолданылмайды.

II ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП, ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталының есебі,

талдауы мен аудиті

Меншікті капиталдың негізгі элементі – жарғылық капитал.

Жарғылық капитал – шаруашылық субьектініңқұрылтайшылармен оны ұйымдастыру кезінде бөлінген және жарғысында көрсетілген сома.

Мекеменің қызметін қамтамасыз ету үшін тіркеу мерзімінде қатысушылардың меншігіне берілетін өзінің заттай түрдегі 117101900 (жүз он жеті миллион бір жүз бір мың тоғыз жүз) теңге 00 тиын көлемінде жарғылық капитал қалыптастырады.

Мекеменің жалпы жиналысында Жарғылық капиталдың ұлғаюы туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 ай ішінде мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға ол туралы хабарлауы тиіс. Хабарламас бұрын Жарғылық капитал ұлғаятын соманың жартысынан кем болмайтын сомасы енгізілуі тиіс. Бұл кезде 1030 шот дебеттеліп, 5010 шот кредиттеледі.

Егер жарғылық капиталдың ұлғайғаны туралы аталған органға хабарламаса, Жарғылық капитал орындалмады деп есептеледі.

Меншікті капиталды талдау. Меншікті капиталды талдау кезінде оның құрамы мен құрылымына аса назар аударылады.

Есеп беру мекеменің өткен кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесі. Есептегі деректер мекеме қызметін қорытындылап, талдау жасаудың күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпараттық көзі болып табылады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жасалады

Мекеменің бухгалтерлік балансы, ақша қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп ай сайын беріледі, ал түсіндірме хат, есеп саясаты туралы ақпараттар жылдық есепте беріледі.

Шаруашылық операциялардың сипатына негізделе отырып, активтер мен міндеттемелер баланста қысқа мерзімді (айналымдағы) және ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) болып бөлінеді.



Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп есепті кезең ішіндегі мекеменің таза активінің өзгерісін бейнелейді. Бұл өзгерістер кезең ішіндегі мекеменің қызметінің нәтижесіндегі сомалық табыс пен зиянды білдіреді.

Мекеменің жылдық бухгалтерлік есебінің түсіндірме жазбасында қаржылық есептіліктің дайындалу негізі туралы және таңдап алынған есеп саясаты туралы ақпарат, қосымша ақпараттар көрсетіледі.

Кәсіпорын қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Қаржылық есептілік аудиті процесін үш кезеңге бөлуге болады: ақпарат жинау, жоспарлау, аудитті жүзеге асыру.

Қаржылық есеп беру аудитінің бірінші кезеңінде ұйымның іс-әрекетін жүргізу жағдайындағы іскерлік ортасы жете зерттеледі.

Қаржылық есеп беру аудитінің екінші кезеңі технологияның, негізгі процедуралар аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін бағалау, тексерудің стратегиясы мен жалпы жоспары жүргізіледі.

Үшінші кезеңде құзіретті мәліметтер мен фактілерді тексерудің мәні мен объектілері жағдайы туралы тәуелсіз пікірді білдіру үшін жинау мен бағалау іске асады.

Мекеме басшылығы дайындық және қаржылық есеп беруді өз жауапкершілігіне алады.

Меншікті капиталдың аудиті.

Меншікті капиталды тексерген кезде аудитор біріншіден, «№178 орта мектебі» ММ жарғысымен танысады. Жарғыда жарғылық капиталдың сомасы көрсетіледі. Одан кейін жарғылық құжаттарда тіркелген жарғылық капиталдың толық төленгені тексеріледі. Ол үшін бухгалтерияда сәйкесінше бухгалтерлік жазулар берілу керек. №13 журнал-ордерде (қосымша тіркелген) және Бас кітаптағы шоттар корреспонденциясының дұрыстығын тексереді. Аудитор меншікті капитал аудитінің бағдарламасын құрады. Ол мынадай мәселелерді қамтиды:

1) баланс көрсеткіштерінің бас кітап мәліметтерімен сай келуін тексеру;

2) синтетикалық және аналитикалық есептердің дұрыс жүргізілуін тексеру;

3) ұйым құрылымы мен басқаруды, сондай-ақ алға қойған қызмет мақсаттарына қол жеткізу үшін қаржылық міндеттемелерді тексеру;

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізу және бекіту процедураларының сақталуы мен соған сәйкес қолдағы құжаттарды анықтау;

5) мекеменің жарғылық капиталына жарна ретінде салынатын мүліктер мен мүліктік игіліктерді түгендеу;

6) жарғылық капитал есебіндегі анықталған заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша негізді ұсыныстар жасау.

Жарғылық капиталдың дұрыс құрылуын тексеру кезінде бұл мекеме қашан және қайда тіркелгенін белгілеу керек.

2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі,

талдауы мен аудиті
Негізгі құрал болып пайдалану мерзімі бір жылдан асатын нысан танылуы мүмкін.

Аналитикалық есеп мекеме негізгі құралдарының мақсаттық тағайындалуына және орындайтын қызметтеріне байланысты жүргізіледі, келесі номенклатуралық топтар бөлініп көрсетіледі:

1. ғимарат;

2. автокөлік көлік құралдары;

3. кеңсе жиһазы;

4. компьютерлер;

5. химиялық және лабораториялық жабдықтар;

6. асхана жабдығы;

7. кітап қоры;

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, ғимараттан шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуы бақыланады; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтап, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігі негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін құрастырады. Негізгі құралдарды түгендеуді мезгілінде жасайды және олардың нәтижесін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан:


  • физикалық және моральды тозғанда;

  • шаруашылық қызметте пайдаланылмаған объектілер сатылғанда;

  • жарғылық капиталға салым ретінде басқа субъектілерге

берілгенде;

  • басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде;

  • калдықтарды ұзақ мерзімді (қаржылық) жалға бергенде;

  • кемшіліктерге, табиғи апаттарға және басқа себептерге байланысты есептен шығарылады.

Негізгі құралдарды пайдаланғанда оның бастапқы құнына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өзгеріс НҚ-ды қалпына келтіру, қайта жабдықтандыру, оның конструкциясын өзгерткен жағдайда енгізіледі және осыған қоса НҚ-ды сақтауға, оның нормативтік көрсеткіштерін бір қалыпта ұстауға кеткен шығын да кіреді.

Негізгі құралды пайдаланған уақытта серіктестікте амортизация есептеледі. Амортизацияны есептеу АҚ-да негізгі құрал экономикалық пайда әкелетін уақыт мерзіміне дейін пайдалануға мүмкіндік береді.

Амортизация сомасы қаржылық кезеңде шығын деп танылады. АҚ-да амортизация есептеудің сызықтық әдісі қолданылады.

Негізгі құралдың қызмет ету мерзімі – ол негізгі құралды пайдаланғанда болашақта экономикалық пайда күтілетін мерзім. АҚ-да қаржылық есепті қалыптастыру үшін мынадай негізгі құралға амортизация есептеу мерзімдері қолданылады:


жер амортизация есептелмейді

ғимарат 8-10 жыл

машина мен құрал жабдықтар 3-30 жыл

көлік құралдары 5-10 жыл

басқа негізгі құралдар 4-20 жыл

Белгіленген жылдар аралығында жеке негізгі құрал үшін қызмет ету мерзімі серіктестіктің алғашқы кезеңдегі осындай негізгі құрал істелген жұмысқа негізделіп белгіленеді. Амортизация әр негізгі құралға жеке-жеке есептеледі. Олар қолданысқа берілген күннен бастап әр ай сайын есептелінеді.

Қаржылық есепте әр негізгі құрал бойынша мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:

  • баланстық құнын анықтайтын әдістер, егер бірнеше әдіс қолданылатын болса, әр әдіс бойынша әр негізгі құрал көрсетілуі керек;

  • амортизация есептеу әдістері;

  • пайдалану мерзімдері және амортизация нормалары;

  • есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы баланстық құны.

Негізгі құралдар аудитінде колданылатын ақпарат көздері кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады. Бұл есеп формасын таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды, сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында, кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез- келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомості аралық формаларымен толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек (қосымша тіркелді):

  • НҚ-1 формасы – негізгі құралдарды қабылдау - жіберу актісі;




  • НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта құрылған және жетілдірілген объектілердің қабылдау – тапсыру актісі;




  • НҚ-4 формасы – негізгі құралдарды жою актісі;




  • НҚ-4а формасы – автокөлік құралдарын жою актісі;




  • НҚ-6 формасы - негізгі құралдар есебінің актісі;




  • НҚ-14 формасы – қондырғыларды қабылдау туралы акті;




  • НҚ-15 формасы - қондырғыларды монтажға қабылдау – жіберу актісі;




  • НҚ-16 формасы қондырғылардың анықталған кемістігі туралы акті.

Негізгі құралдар қоймаға түскен кезде қабылдау-тапсыру актісін толтыратын комиссия қабылдап алады. Негізгі құралдардың есебі бухгалтерияда жүргізіледі. Негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралға инвентарлық (түгендеме) нөмір беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді. Негізгі құралдар бұзылуына, тозуына, басқа мекемелер мен адамдарға берілуіне, сатылуына байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алынған негізгі құралдарына берілмейді. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық нөмірі оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысу бойынша толтырылатын алғашқы құжатта көрсетіледі. Сонымен қатар бухгалтерияда әрбір объектіге типтік ведомтволық түгендеу карточкасы ашылады. Түгендеу тізімінде көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек.