Файл: ндірістік істжірибе туралы есеп студентті атыжні Калымбетова Раушан Маратовна Істжірибе орны 178 орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 80

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 4 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

4000 – «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;

4200 – «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері»;

4300 – «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер»;

4400 – «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер».

Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.

Міндеттеме қарыз пайда болғанда ғана есепте тіркеледі. Міндеттемелер қажетті қарызды төлейтін немесе нарықтық жағдайда, тауарлар құны және көрсететін қажет қызметтер болып қаржы сомасымен бағаланады.

Мекеменің міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзінде жүзеге асырылады:

  • ақшалай қаражатпен төлеу;

  • қызмет ұсыну;

  • міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру.



8 Еңбек және еңбек ақы есебі, талдауы мен аудиті
Еңбек ақы, материалдық ынталандыру мен сыйақы төлеу тәртібі мен шарты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жасалған және мемлекеттік басқару органымен бекітілген «Еңбек ақы және сыйақы төлеу туралы ережесімен» реттеледі.

Штаттық кесте ҚР Үкіметінің «мемлекеттік бюджет есебінен өмір сүретін азаматтық қызметкерлердің, ұйым қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорын жұмысшылары еңбек ақысы жүйесі туралы» 29.12.2007ж. №1400 Қаулысы негізінде жасалады.

Табельдер еңбекақы есептеу үшін пайдаланады. Осыған орай келесідей мысал келтіруге болады: қызметкер – шаруашылық қызметінің меңгерушісі, білімі – орта, стажы – 9жыл, ставка – 1, бір күн ішінде жұмыс істелген сағаты – 8 сағат, жұмысқа қатысу мерзімі – 01.01. – 31.01.2012 жыл, барлық жұмыс күні – 24 күн.



Қызметкер

штаты

оклад

Жұмыс істеген күні

Жалақы қоры

30% экологический

Барлық есептелген жалақы

10% зейнетақы жарнасы

1% профсоюздік жарна

МРП

Жеке табыс салығы

Барлық ұсаталатын қаржысы

Сальдо есепті айдың соңына

1

Бимурзаева Л.

1

33093

24

33093

9928

43021

4302

430

17439

1135

5867

37154




Табельдерде мекеменің әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркеледі.Жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін кадрлар бөлімінен кәсіпорынның әкімшілігі белгіленген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуының қойылуы мұқият тексеріледі, сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.

9 Қаржылық есеп дайындаудың, талдау мен аудитінің әдістемесі және тәжірибесі
«№178 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің қаржылық есебі келесі құжаттардан тұрады (қосымша тіркелді):

  • Бухгалтерлік баланс

  • Ақша қаражаттарының қозғалыс есебі

  • Меншікті капиталдағы қозғалыстар, өзгерістер есебі

  • Есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндіру жазбалары

Жылдық қаржылық есептің есеп кезеңі болып календарлық жыл саналады, 1 қаңтардын 31 желтоқсанға дейін.

Есеп кезеңінің барлық мәліметтері қаржылық есепте көрсетіледі. Қаржылық есеп Қазақстан Республикасының валютасында-теңгеде құрылады. Қаржылық есепке директор мен бас есепшінің қолдары қойылады, олар бұл есептің уақытанда берілуіне жауапты.

Қаржы басқармасы ММ қаржылық есептілікке 1 жартыжылдыққа және календарлық жылға ҚШҚ Жоспарының орынндалуы бойынша есеп кіреді, тапсыру мерзімі 15 шілде және 31 наурызға дейін сәйкесінше.

Статистика бойынша ҚР Агенттігіне есептілікке еңбек бойынша айлық есептер тапсыру мерзімі есептен кейінгі келесі 6 күніне дейін және өндірістік – қаржылық қызмет бойынша әр тоқсандық есеп, есептік кезеңнен кейінгі айдың 25 күніне дейін.

Салық есептілігі салық заңнамасымен және кәсіпорын салықтық есептік саясатымен қарастырылған тәртіпте және мерзімде табысталады.



Қаржылық есепті беру мерзімі қаржылық есеп жылынан келесі жылдың 31 наурызынан асыртуға болмайды. Аралық қаржылық есеп тоқсан сайын беріледі. 2009 жылдың жаңа салығы бойынша қаржылық есеп тоқсаннан кейінгі 2-ші айдың 15 күнінен кешірмей беріледі. 2008 жылғы салық кодексінің талаптары бойынша тоқсаннан кейінгі бір айдың 20 күнінен аспай қаржылық есепті беру қажет.

«№178 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аралық қаржы есеп беру тәсілін қолданып тұрады. Жылдың қаржылық есеп пен аралық қаржылық есепте бір есеп саясатын қолданады.

III БАСҚАРУ ЕСЕБІ, ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІ
1 Өндірістік шығындардың есебі, талдауы мен аудиті

2 Өнім өндіру мен өткізудің есебі, талдауы мен аудиті
«№178 орта мектебі» мемлекеттік мекеме бола отырып өндірістік шығындарымен айналыса алмайды, себебі аталған мемлекеттік мекеме білім беру саласы бойынша жұмыс атқаратындықтан мекеме барысында өндірістік шығындар, өнім өндіру мен өткізу есебі, талдауы сияқты операциялар болмайтындығын ескертеді.

Қорытынды
Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша мынадай қорытынды шығаруға болады: «№178 орта мектебі» ММ тұрақты қызмет етеді.

«№178 орта мектебі» ММ материалдары бойынша ондағы есеп жазылып көрсетілді, талдау жүргізілді, аудиторлық тексеріс жүргізу тәртібі анықталды.

«№178 орта мектебі» ММ-нің қызметінде бухгалтерлік есеп маңызды рөл атқарады және басқару жүйесінде маңызды орын алады. Ол ақша айналымы, бөлу процестерін нақты көрсетеді және мекеменің қаржылық жағдайын сипаттайды, шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

Басқару процесінің бір бөлігі бола отырып, ағымдағы қызметті бақылауға; оның стратегиясы мен тактикасын жоспарлауға; ресурстарды тиімді қолдануға; қызметтің нәтижесін өлшеп, бағалауға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат береді. Осындай маңызды ақпараттың сенімді әрі толық болуы үшін кәсіпорын бухгалтері білікті болу керек, ережелерді, инструкцияларды және кәсіпорын қызметі мен бухгалтерлік есепті жүргізуді реттейтін басқа да нормативтік актілердің ережелерін қатаң сақтауы керек.

«№178 орта мектебі» ММ-сі бухгалтерлік жүйесі Қазақстан Республикасының нормативтік актілері мен стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Бухгалтерлік есепті толық және кешенді жүргізу оны жүзеге асыратын адамдардың терең білімі мен тәжірибесі болуы керек. «№178 орта мектебі» ММ-де білікті бухгалтер жұмыс істейді.


Мекемеде қаржы жағдайының стабилді және қаржылық жағдайы өте жақсы болуына өзімнің ойымша келесі іс шараларды жүргізуді ұсынар едім:

  • Басқарудың техникалық және жаңа әдістерін үйрену;

  • Басқарудың құрылымын жаңартып отыру;

  • Техника және технологияның ең соңғы, осы уақыттағы және жаңа техникалық құрал-жабдықтарын, әр түрлі көптеген бағдарламаларды енгізу және дер кезінде, дәл уақытында жабдықтармен жабдықтау;

Мемлекеттік мекемеде тәжірибе өту барысында келесі мәліметтерді біліп шықтым:

1. Бухгалтерияның атқаратын жұмысы, оның құрылымы және атқаратын функциялары

2. Бухгалтериядағы барлық есеп құжаттарын және қажетті формаларын толтыру

3. Шаруашылық операциялардың проводкасын жүргізу

4. ТМҚ және Негізгі құралдардың түгендеуін жүргізу

5. Компьтерлік барламаны меңгеру.