Файл: Семестрлік жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және

байланыс университеті» Коммерциялық емес АҚ

Ақпараттық технологиялар институты

Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасы



Семестрлік жұмыс

Пәннің атауы: Әлеуметтік-саяси білім модулі(Мәдениеттану,Психология)

Тақырыбы: Тұлғаның бағыттылығы мен тұрақтылығы.Табиғат-адами қабілеттерін дамыту. Адамның қабілеті мен практикалық қызметі.

Мамандығы: 6В06104 – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»

Орындаған: Жансерік Аскербек

Тобы: СИБк-21-2

Қабылдаған: аға оқытушы Өмірбекова Ж.

________________ _____________ «______» ___________ 2022 ж.

(бағасы) (қолы) (күні)

Алматы 2022

Тақырыбы: Тұлғаның бағыттылығы мен тұрақтылығы. Табиғат-адами қабілеттерін дамыту. Адамның қабілеті мен практикалық қызметі.

Жеке тұлғаның психологиялық тұрақтылық мәселелері үлкен практикалық маңызы бар, өйткені тұрақтылыққа дезинтеграция мен жеке бұзылулардан қорғайды, ішкі үйлесімділік, толық психикалық денсаулық, жоғары көрсеткіштер негіз береді. Жеке тұлғаның психологиялық тұрақтылығы оның өміршеңдігін, психикалық және соматикалық денсаулығын тікелей анықтайды. Жеке тұлғаның психологиялық тұрақтылығын тұлғаның күрделі сапасы, жеке қасиеттер мен қабілеттердің синтезі ретінде қарастыруға болады. Көрсетілгендей - факторлар жиынтығына байланысты. Бұл жеке ерекшеліктер мен әлеуметтік ортаға қатысты факторлардың үлкен тізімі.

Тұлға бағыт-бағдары – бұл әрбір тек өкілінің құндылықты бағыт-
бағдар  жүйесі,  өмірлік  арқау  еткен  қажетері,  әрекет-қылықтарына 
ықпал жасаушы құндылықтар мен сеп- түрткілер, тұлғаның өмір жолы 
жүйесін құрастырушы негізгі сапа-қасиеттері.
Тұлғалық  бағыт-бағдарлар төмендегідей ерекшеліктерімен  ажыратылады:


1.  Тұлға  қарым-қатынастарының  әлеуметтік  маңыздылығы, 
олардың  қоғамдық  мәнділігі  -  күнделікті  әрекет-қылығындағы  ізгілік, 
инабаттылық нышандары, тұлға адамгершілігінің прогресті әлеуметтік 
идеяларға сәйкестігі, тұлғаның саяси-әлеуметтік саналылығы.

2.  Тұлға  қажетсінулерінің  көп  қырлылығы,  оның  қызығушылық 
ауқымының  кеңдігі  мен  негізгі  қызықсыну  бағдарының  нақтылығы 
– тұлғаның ізгілікті мұрат белгілеп, оған табанды ұмтыла білуі.
3.  Қарым-қатынастарының  тұрақтылық  дәрежесі  –  тұлға 
әрекеттерінің бірізділігі мен бірегей беріктілігі.
Әрқандай тұлғаның  әрекет – қылығы мен мінездік ұстанымы оның 
мұрат  еткен  өмірлік  бағыт-бағдарына  сай  анықталады.  Тұлғалық 
бақыт-бағдар  –  бұл  нақты  адам  санасының  құндылықты  орайласқан 
категориялық деңгейге көтерілуі. Тұлғаның барша ниеттері мен сенім-
дері, жақын да алыс (тактикалық, стратегиялық) мақсаттар жүйесі осы 
категория негізінде қалыптасып барады.

Қабілет дегеніміз не?
Ол – адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», — деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.



Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шарты-
на айналады. Қабілет-тілікті анықтайтын қаси-еттер: сезімталдық, бай-
қағыштық, аңғарымпаз-дық, зеректік, ойлампаз-дық, көрегендік, зерделі-лік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бей-імділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», — деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын. Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбек-кер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз».



Адамзат мәдениетінің дамуы еңбек адамын рухани және тәни езгіге түсірудің үнемі дамып отыратын, нәзік және жетілген түрлерімен қабаттаса жүретінін көрсетті. Қызмет деп қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасын айтамыз. Қызметтің көптеген түрі бар, олар – рухани, материалдық, өндірістік, еңбекті және еңбексіз болып бөлінеді.

Адам қызметінің мақсаты – көзделген нәтижені алдын ала анықтау. Адамның мақсаты дұрыс және оған жетер жолы адал болу керек. Адамды белгілі бір әрекетке итермелейтін себеп болу керек. Ол қозғаушы күш мотив деп аталады. Мотив (франц. motif – себеп, итермелеу) дегеніміз – субъектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы; субъектіні белсенділікке келтіретін және оның бағытын айқындайтын сыртқы немесе ішкі жағдайлардың жиынтығы, тұлғаның саналы әрекетінің негізі мен себебі. Осындай потенциалды мотивтер арқылы сол қоғамға тән обьективті құндылықтар, мүдделер мен мұраттар алға шығады. Адамның өмірлік тіршілігі тек материалдық игіліктер жинауға арналмайтынын естен шығаруға болмайды. Адамның іс-әрекетке ынтасын оятатын мотивтер оның ружани қажеттіліктерден туындауымен түсіндіріледі. Адам табиғатынан білімге, ғылымға құмар. Қоршаған дүниені танып-білуге құштарлық тек адамға ғана тән және оны үнемі прогреске жетелеп отыратын факторлардың негізгісі болса керек. Негізінде адамға материалдық азықтан гөрі рухани азық көбірек керек.