ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№218 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Электронды кесте элементтерін пішімдеу»
Сыныбы: 7 «А»
Информатика пәні мұғалімі: Ж.Жусупназарова
2022-2023 оқу жылы
Бекітемін:
Оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Жылқайдарова
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Электронды кесте арқылы есеп шығару. | |||
Педагогтың аты-жөні | Ж.Жусупназарова | |||
Күні | 23.11.2022 ж. | |||
Сынып 7 а | Қатысушылар саны- | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Электронды кесте элементтерін пішімдеу | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 7.2.2.2.Электронды кесте элементтерін пішімдеу (форматтау) | |||
Сабақтың мақсаты: | Ұяшықтарды форматтаудың қарапайым түрлерін біледі. Электронды кестелердің элементтерін форматтайды. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин 5 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2. Психологиялық тренинг. «Жүрек жылуы» әдісі бойынша оқушылар бір біріне бір бір жылы сөз айтады. 3.Үй тапсырмасын тексеру. «Зымыран сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады.
Бағалау: Смайликтер арқылы | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Бірі біріне жылы сөз айтады. 3. Сұрақтарға жауап береді. | Смайлик арқылы бағалау. | Жүрек макеты Слайдтар Смайлик |
Сабақтың ортасы 2 мин 5 мин 10 мин 5 мин 2 мин 5 мин | Жаңа сабақты түсіндіру Миға шабуыл Пішімдеу деген не? Пішімдеуді қандай кезде қолданамыз? Мұғалім оқушыны тақырыппен және оқу мақсатымен таныстырады. Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелердің элементтерін пішімдеу. Мақсаты: Электрондық кесте элементтерін пішімдеу тәсілдерін үйрену. «Кинометафора» әдісі арқылы оқушыларға жаңа тақырыпты видео арқылы түсіндіреді. Практикалық жұмыс. Жеке жұмыс. Кесте құру және кестені пішімдеу. Қалыптастырушы тапсырма. Жеке жұмыс. «Quizizz» платформасында тест тапсырмаларын орындау. Бағалау: Смайликтер арқылы Сергіту сәті
Қосымша тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі. Қорытынды. Жұптық жұмыс. «Веер» әдісі Оқушылар қағазды веер пішімінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне бүгінгі сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы, екінші бөлігіне қысқаша жауабын жазып тапсырады. Бағалау: Бірін- бірі смайликтер арқылы | Мұғалімді тыңдайды Сұрақтарға жауап береді Сабақтың мақсаттары-мен танысады Видеоны тамашалайды Компьютерде тапсырманы орындайды Quizizz платформасында тапсырманы орындайды Компьютерде тапсырманы орындайды Сергіту жаттығуларын жасайды Тапсырманы параққа орындайды Бір біріне сұрақ қойып, жауап береді | Смайлик арқылы бағалау. Смайлик арқылы бағалау. Смайлик арқылы бағалау. Смайлик арқылы бағалау. | Презента-ция Слайд Видео Слайд Тапсырма Компью тер «Quizizz» платформасы Слайд Видео Парактағы тапсырма «Веер» |
Сабақтың саңы 3 мин 2 мин 1 мин | Рефлекссия: «Стикер» әдісі Бағалау. Оқушыларға смайликтерді санау арқылы өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. Өзін өзі бағалау: 1-2 смайликтер - 5,6 балл 3-4 смайликтер - 7,8 балл 5-7 смайликтер - 9,10 балл Үйге тапсырма: “А” деңгейі: Тақырыпқа байланысты кроссворд құрастыру. “В” деңгейі: Тақырыпқа байланысты 5 сұрақтан тест құрап келу | Стикерге ойларын жазып, плакатқа жапсырады. Смайликтерді санап, өзін өзі бағалайды | | Слайд Смайлик Бағалау шкаласы Слайд |
Анықтама
14.11.2022-25.11.2022 ж. аралығында №218 орта мектебінде «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» ИФМ апталығы барысында 2022 жылы 23 қараша күні «7 а» сыныбында информатика пәнінің мұғалімі Жусупназарова Жұпар Қорғанбаевна «Электронды кесте эелементтерін пішімдеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: «Ұяшықтарды форматтаудың қарапайым түрлерін үйрету. Электронды кестелердің элементтерін форматтау».
Сабақты өту барысында «Жүрек жылуы» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтты.Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Зымыран сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға тақтада сұрақтар берілді, дұрыс жауап бергендер смайликтер арқылы бағаланды. Оқушылар «Кинометафора» әдісі арқылы жаңа тақырыппен видео арқылы танысты, «Кім жүйрік» әдісі арқылы оқушылар жеке тапсырма орындады, сабақта компьютермен Excel программасында кесте құрып, форматтады, жеке жұмыстар көрестті, оқушылар әр тапсырманың соңында смайликтер арқылы бағаланып отырды. Оқушылар «Quizizz» платформасында тест тапсырмаларын орындады. «Веер» әдісін пайдаланып, оқушылар веер жасап, бір біріне сұрақ жаздып бір бірінің сұрақтарына жауап берді. «Бекіту тапсырмасы» әдісі арқылы оқушылар сәйкестендіру тапсырмасын орындады. Сабаққа оқушылар жоғарғы деңгейде белсенділік танытып, пәнге деген қызығушылық танытты, сабақта пайдаланған әдіс тәсілдер ұтымды пайдаланылды, оқушылар жаңа тақырыпты толық меңгерді, көп мәліметтер алды. Сабақтың соңында «Стикер» әдісі арқылы «Рефлексия» жүргізілді, оқушылар бүгінгі тақырып бойынша «Не білемін, Не білдім, Не білгім келеді» тақырыбында стикереге жазып тақтаға жапсырды, балалар сабақтан алған білімдерін жазып, мұғалім мақсатына жете білді. Сабақтың соңында оқушылар смайликтерді санап өзін өзі бағалады. Мұғалім мақсатына жетті, барлық оқушылар тақырыпты толық меңгерді, сабақққа қызығып белсенді қатысты. Сабақ жоғарғы дәрежеде өтті, сабақққа қатысқан бірлестік жетекшісі Мырзалиева Индира, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Ұлмекен сөз алды : «Мұғалім жан жақты ізденген, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын артттырды, барлық оқушылар тапсырмаларды толық орындады, сабаққа белсене қатысты, мақсатына жетті, уақытты сәтті пайдаланды», деген оң пікірін айтты. Сабақ өте жақсы өтті.
Тапсырма. Оқушының аты- жөні:____________________________________________________
Тип атауы мен оған берілген мысал арасында сәйкестік орнатыңыз (сызықпен көрсетіңіз)
| Атауы | | Мысал |
| | | |
| ФОРМУЛА | | 1000 ТГ |
| | | |
| САНДЫҚ | | 12.01.2014 |
| | | |
| МӘТІНДІК | | 17:30 |
| | | |
| ЖАЛПЫ | | =А3-В5 |
| | | |
| ПРОЦЕНТТІК | | 100% ОРЫНДАЛДЫ |
| | | |
| КҮН | | ҚАЗАҚСТАН |
| | | |
| ҚАРЖЫЛЫҚ | | 70% |
| | | |
| УАҚЫТ | | 345 |
| | | |
Дескриптор | Білім алушы | | |
берілгендер типі үшін мысалды анықтайды.
Тапсырма. Оқушының аты- жөні:____________________________________________________
Тип атауы мен оған берілген мысал арасында сәйкестік орнатыңыз (сызықпен көрсетіңіз)
| Атауы | | Мысал |
| | | |
| ФОРМУЛА | | 1000 ТГ |
| | | |
| САНДЫҚ | | 12.01.2014 |
| | | |
| МӘТІНДІК | | 17:30 |
| | | |
| ЖАЛПЫ | | =А3-В5 |
| | | |
| ПРОЦЕНТТІК | | 100% ОРЫНДАЛДЫ |
| | | |
| КҮН | | ҚАЗАҚСТАН |
| | | |
| ҚАРЖЫЛЫҚ | | 70% |
| | | |
| УАҚЫТ | | 345 |
| | | |
Дескриптор | Білім алушы | | |
берілгендер типі үшін мысалды анықтайды.